Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы


Қалайы - қорғасын, қалайы - мырыш және қалайы - никель



Pdf көрінісі
бет45/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника

5.7 Қалайы - қорғасын, қалайы - мырыш және қалайы - никель 
құймалары 
Қалайы - қорғасын құймасы өндірісте коррозиядан (5% қалайы) қорғауда
антифрикциондық қаптамалар алуда (5-11% қалайы), бөлшектердің 
(пайкасын) бір - біріне жабысуын жақсарту мақсатында қаптама ретінде 
қолданды (18-60%- қалайы). Қалайы - қорғасын құймасын тұндыру үшін 


фторборатты, перхлоратты, пирофосфатты, фенолсульфаты электролиттер 
қолданады. Екі металдың катодта бірдей бөлінуінде еш қиындық жоқ, себебі 
қалайы - қорғасын потенциалдары бір біріне жақын. 
ПОС-60 құймасын алу үшін электролит ретінде фторборатты электролитті 
қолдануға болады, оның құрамы(г/л) мен жұмыс режимі: 
Қорғасын (фторборат түрінде)................................................8-10 
Қалайы (фторборат түрінде)....................................................14-16 
Борфторсутек.............................................................................250-300 
Бор қышқылы.............................................................................25-30 
Пентон немесе клей...................................................................3-5 
Гидрохинол ...............................................................................0,8-1,0 
Жылтыр түзгіш қоспалар............................................................1-2 
Катодтық тоқ тығыздығы А/дм
2
...............................................1-3 
Температура 
0
С......................................................................... 18-25 
Анод ретінде қалайы мен қорғасын құймасы алынады. 
Клей құйманың тегістігін жақсарту үшін, ал гидрохинол қоспасына Sn
2+ 
Sn
4+ 
өтіп кетпес үшін қосады. Ескеретін жай, күшті қышқылды электролиттерде 
пентон мен клейдің электролизі қаптаманың кедір бұдырлығын туғызады. 
Қалайы қорғасын құймасы үшін тиімді электролиттің бірі пирофосфатты 
электролит. Фторборатқа қарағанда шашырау қабілеті жоғары. Осы 
электролит арқылы жақсы байланысатын майда кристалды қаптамалар алуға 
болады және электролит агрессивті емес, дайындалуы қарапайым. Бұл құйма 
қалайы мырыш құймасына қарағанда атмосфералық коррозия жағдайында 
қорғаныс қасиеті жоғары. Бұл құйма ылғалдылығы өте жоғары бұйымдарда 
және тербелмелі температура жағдайындағы бұйымдарда кең қолданады.
Қалайы мырыш құймалары электро радио өндірістерде қолданылады. 
Қарапайым тұз ерітінділерінде мырыш пен қалайы құймасын алу қиын
себебі олардың потенциалдар өзгерісі жоғары, сондықтан электролизді 
потенциалдарын жақындататын сілтілі цианидті электролиттерде жүзеге 
асырады. Электролиттердің негізгі компоненттеріне: натрий қалайаты, 
мырыш цианиді, натрий гидроксиді, натрий цианиді жатады. 
Қалайы никель қаптамасын арматураны және контактыларды қаптауда
сондай ақ пластмассаны престеуде қолданады. 
Қалайы (65%) никель (35%) құймасы үшін кең қолданатын электролит 
құрамы(г/л) мен жұмыс режимі: 
Никель хлориді (мыстың цианды комплексті тұздары).............250-300 
Қалайы хлориді...............................................................................40-50 
Аммоний фториді............................................................................40-65 
Хлоралгидрат....................................................................................1,0 
8-хинолинсульфоқышқылы............................................................ 1,5 
рН……………………………………………………………….….. 4,5 
Катодтық тоқ тығыздығы А/см
2
......................................................0,5-0,4 
Температура 
0
С.................................................................................50-55
Ток бойынша шығым %...................................................................96-98 


Анод никельдің немесе (30% Ni, 70% Sn термиялық әдіспен алынған) оның 
құймасының пластинкасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет