Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы



Pdf көрінісі
бет53/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника

 
3. Май сыйымдылық әдісі
 
 
 
Қаптаманың жылтырлығын өлшеу 
 
Қаптаманың жылтырлығы оның физика - химиялық қасиетіне жатады 
және жылтырлықпен және күңгірттікпен сипатталады. Жылтырлықты 
бағалаудың ең қарапайым әдісі визуальді бақылау болып табылады. Бірақ, ол 
субъективті және тек сапалық көрініс береді, сондықтанда визуальды 
бақылауды жылтырлықты анықтау тәжірибелері кезінде алдын-ала бағалау 
ретінде қолдануға болады.
Металдық беттің жылтырлығы металл бетіне түсетін жарықтың барлық 
бағытта тең таралмауына байланысты. Мұндай құбылыс күңгірт беттерде жиі 
байқалады. Ал жарық беттік қабаттан геометриялық оптика заңдылығына 
сәйкес шағылысады (шағылысу бұрышы түсу бұрышына тең). Жарық 
неғұрлым бетке аз тараса, соғұрлым шағылысу жоғары болып, бет жылтырай 
түседі.
Өлшеу кезінде шағылған жарық оптикалық құрал фотометрмен немесе
фотоэлектрлік құрал (фотоэлектрлік әдіс) фотоэлементпен ұсталып қалынады.
Беттің жылтырлық дәрежесін блескомермен өлшеу жылтырлаған бетте заттың 
бейнелену нақтылығы нашар болған сайын олардың ара-қашықтығы 
соғұрлым үлкен болуына байланысты.
Жұмыс принцпі шағылысқан жарықты оның күміс айнада шағылысу 
дәрежесіне байланысты өлшеуге негізделген фотоэлектрлі блескомер ФБ-2 
практикада кең қолданыс тапты. Зертханалық жағдайда жүргізілетін
зерттеулерде А.Т. Ваграмянның және З.А. Соловьевтің электролиз процесінде
электролиздік қаптаманың жылтырлығын зерттеуге арналған жылтырлықты 
анықтағыш қолданылады. Зертханалық және өнеркәсіптік жағдайда қисық 
сызықты және жазық беттің аз аймағында ғана айналы шағылысу 
коэффициентін анықтау үшін ФЗ-65 айналы фотометрі қолданылады.
Құралдың өлшеу қателігі

5%. Бұл қондырғыда сфераның қисықтық радиусы


60 мм және одан жоғары болатын қисық сызықты беттердегі ғана емес сондай-
ақ тегіс беттердегі айналы шағылысу коэффициентін өлшеуге болады.
1 – сурет Қаптаманың 
жылтырлығынанықтайтын аспап 
Өнеркәсіптік (цехтарда) жағдайда 
электролиздік 
қаптамалардың
жылтырлығын анықтауды тіке
шағылысу 
(резкости 
отражение) 
бойынша жылтырлықты анықтайтын
әдістемемен жүргізу ұсынылады. 
Зерттелетін 
үлгіні 
технология 
өндірісінің қажетіне байланысты 
дайындайды. 
Жылтырлықты 
анықтауда, вертикал тұрған бетке 
шыны немесе сурет жабсырылатын
тік 
бұрыш 
бойымен 
иілген 
органикалық шыныдан тұратын 
көмекші аспап пайдаланылады (1 - 
сурет). 
Жылтырлық дәрежесін контрлердан 30 см алшақтықта бағалайды. Затқа жарық 
сол жағынан және артынан түсетіндей етіп орналастырылады.
Жылтырлықты келесі сапалық көрсеткіштері бойынша бағалайды:
айналылығы - беттегі бейнеленген суреттің айықындығы айнадағы бейнеге 
сәйкес келуі керек, жылтырлығы - бетте суреттің айқын бейнеленуі, бірақ
бейненің жоғарғы жағы бұлдыр, жартылайжылтыр - сурет бейнесі көрінеді, 
бірақ нақты емес, күңгірт сурет бейнесі өте бұлдыр және үлгінің бөліктері 
суретке жақын аймақта ғана көрінеді, терең күңгірт – заттың бейнесі мүлде 
көрінбейді.
Өнеркәсіптік жағдайда жылтырлықты анықтау эталондармен салыстыруға 
негізделген визуалды әдісті қолдануға болады. Бұл үшін нағыз күңгірттен нағыз 
жылтырға дейінгі тоғыз эталон дайындайды. Зерттелетін үлгінің жылтырлық 
шамасы эталон нөмерімен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет