Мәтін. 10-3 Тақырыбы: «Географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері» №1



бет4/4
Дата19.10.2022
өлшемі27,83 Kb.
#153812
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
Қосымша мәтін

4. Кейбір атаулардың мағынасы. ИТӨЛГЕН - асу, Катонқарағай ауд. Мұзтаудағы асу. Н.С.Ядринцев картаға Проездная деп түсірген. Ит (зат есім) + өлген (есімше) сөздерінен бірігіп жасалған. "Қиын асу" мағынасында тұр. М.: "Ит өлген жер" тұрақты тіркесі сияқты. Тағы бір орыс саяхатшысы В.В.Сапожников асудың қазақша атын өзгертпей береді, сондықтан оны Н.С.Ядринцевтен әлдеқайда зиялы деуге болады. ИЫҚТЫ - тау, Мұзтаудың бір сілемі. Иық (зат есім) + ты (сын есім жұрнағы) сыңарлары арқылы жасалған . "Шоқтығы, иығы биік тау" деген мәнде тұр. КАЛМАЧИХА - өзен, Катонқарағай ауд. Қалмақ этнонимін женский родпен атап, өзенге берген. Ресейдің солтүстігі мен шығысында жиі кездесетін -их(а) суффиксі көбінесе өзен аттарына жалғанады. Тауды ер адамға, өзенді әйел адамға теңеу әр халықта кездеседі. Демек, Калмачиха - "қалмақ өзені" деген мағына береді. КАТОНҚАРАҒАЙ - е.м. Катонқарағай ауд. Кейбір жазушы, зерттеушілердің бұл ойконимді Қатынқарағай деуінде ешқандай ғылыми негіз жоқ. Бұл атау қотан+қарағай сөздерінен жасалып, орыс тілінде катон түріне бұрмаланып кеткен. Тура мағынасында "қойдың қотанына ұқсап топтанып, дөңгеленіп өскен қарағай" дегенді білдіреді. Қотан сөзі көне түрі тілінде "топ","дөңгелек","қой қора" мағыналарын берген. Елді мекен орналасқан жерде топ-топ болып жіңішке қарағайлар өскен екен. 1936 жылға дейінгі карталарда және Закржевскийдің жолжазбасында Катон-Карагай деп анық жазылған.
Қазығұрт топонимиясында өсімдік атауларымен байланысты төмендегідей жалқы географиялық есімдер бар: Алмалы, Бадам, Бүлдіргенді бұлақ, Доланалы сай, Жалғыз долана, Жалғыз тал, Жүзімдік, Көкжаңғақ, Кәтіреңкі әулие, Қауынбайсай, Пиязды, Талдыбұлақ, Қызылтал, Жиделі, Сарыалма т.б. ХІХ ғасырда қазақ жерін аралаған орыс зерттеушісі А.М. Никольский атап өткеніндей, «мал шаруашылығымен айналысатын қазақтар үшін өздері мекен еткен жердің флорасы айрықша маңызға ие болғандықтан, олар зоологияға қарағанда ботаниканы тереңірек білген»
Мойынқұм мен Қызылқұм жерінде сексеуілден, тоқылған қамыстан ашық қоралар салынса, таулы аудандарда тастан тұрғызылған, төбесі жабық қоралар немесе үңгірлер қоражайлар ретінде пайдаланылған. Осындай тас қоралар Қазығұрт өңірінде Қазығұрт қорасы, Қазығұрттағы қос үңгір, Жалтыр үңгір, Айшақора, Тасқора сынды жергілікті топонимдермен аталған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет