Мәтіндегі құжатқа анықтама беріңіз:
Жауабы: АҚШ-тың «Тәуелсіздік декларациясы».
17. «....2-бап.
1-тарау. Атқарушы билікті Америка Құрама Штаттарының Президенті жүзеге асырады. Ол өз қызметінде төрт жыл мерзімге отыра алады. Осы Конституция қабылданған кезде Құрама Штаттарда азаматтық жоқ және өзі туғаннан бастап АҚШ азаматы емес, сондай-ақ жасы отыз беске толмаған, соңғы 14 жыл ішінде Құрама Штаттарда тұрақты мекені болмаған адам президенттікке сайлана алмайды....».
Мәтіндегі құжатқа ең алғашқы өзгертулер қай жылы енгізілгенін анықтаңыз:
Жауабы: 1791 ж.
18. «Құқытар жөніндегі билль
(Конституцияға алғашқы он түзету)
1789-1791 жж.
V түзету
....Соғыс кезінде немесе қоғамға қауіп төнген жағдайда әрекет ету қызметі сапында болған жағдайдағы іс жаяу әскер немесе милиция арасында пайда болғанда, оқиғаның ерекшелігіне қарамастан, үлкен қазылықтан туындайтын айыптау немесе сілтеу сияқты ауыр қылмыс үшін немесе өзгеше өрбіген қылмысқа жауапкершілікке ешкім де тартыла алмайды; ешкімнің де жекебасына қолсұғылмайды немесе өмірінде бір қылмысқа екі рет жауап бере алмайды; ешкім де қандай да бір қылмыстық істе өзіне қарсы куәлікке мәжбүрленбейді, заңды соттың тергеуінсіз еркінен немесе мүлкінен, өмір сүруден айырыла алмайды, ешқандай жеке – меншік әділетті шешімсіз қоғамдық пайдаға алынбайды....»
Мәтіндегі билль сөзін анықтаңыз:
Жауабы: Заң шығарушы органның қарауына ұсынылатын заң жобасы.
19. «Адамзат және азамат құқықтарының декларациясы (үзінді)
1. Адамдар тең құқықты және еркін болып жаратылған және солай болады да. Қоғамдық айырмашылықтар ортақ мүддеге ғана негізделуі мүмкін.
2. Кез келген мемлекеттік одақтың мақсаты – адамның табиғи құқықтарын қамтамасыз ету. Ол – бостандық, жекеменшік қауіпсіздігі, қанауға қарсы тұру құқықтары.
3. Тәуелсіздік бастауы, ең бастысы, ұлтқа сүйенуіне негізделеді.
4. Бостандық дегеніміз – өзгелерге зиян тимейтін істің бәрін атқара алу мүмкіндігінің болуы....»
Достарыңызбен бөлісу: |