Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай


Мәтін бойынша жаңа қауымдастықтың құрылуына себеп болған құжаттың атауын анықтаңыз



бет58/109
Дата09.11.2022
өлшемі263,02 Kb.
#157278
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   109
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы-1

Мәтін бойынша жаңа қауымдастықтың құрылуына себеп болған құжаттың атауын анықтаңыз:
Жауабы: «Алматы Декларациясы»
6. «...§1Орынбор шекара комиссиясы жанынан қырғыздардан 30 тәрбиеленушіге арналған мектеп ашылсын.
§2.. Мектепті ашудағы басты мақсат – қырғыздар арасында орыс тілі мен жазуын таратудан басқа, билеуші-сұлтандар мен дистанция бастықтарының жанынан ордада басқару жөніндегі хатшылар комитетіне лайықты адамдарды және басқа да тек қырғыздар тағайындалатын орындарға қызметкерлер даярлау болып табылады.
§3. Мектеп тікелей шекара комиссиясының басқаруында болады, оның жұмысын тікелей бақылау төрағаның жолдасына, ал ондай қызмет жоқ болса, не ол ұзақ уақыт орнында болмайтын жағдайда, төрағаның қалауы бойынша және Орынбор әскери губернаторының бекітуімен комиссия кеңесшілерінің біреуіне жүктеледі.
§4. Мектепте мыналар жұмыс істейді: бақлаушысы (мектеп орналасқан үйде тұратын) орыс тілі, таза жазу және есеп мұғалімі, татар тілінің мұғалімі мен мұсылман дінінің үйретушісі.
§5. Жоғарыда аталған қызметкерлерді тағайындау және жұмыстан шығару тәртібі Орынбор қырғыздарын басқару туралы ережеде белгіленген.
§6. Мектепте бақылаушы және мұғалім қызметтерін орындау нағыз қызмет болып табылады.
§7. Бақылаушыға мектепті тікелей басқару және шәкірттерді бақлау тапсырылады. Бұл қызметті атқаруға қажетті адамгершілік және басқа да қасиеттері бар отставкадағы офицерлер немесе азаматтық қызметтегі шенеуніктер таңдалынады
§12. Мектепке тек қырғыздар қабылданады және үкіметке жәрдемдескен немесе оған өздерінің айрықша берілгендігімен көзге түскен ата-аналардың балалары бірінші кезекте түседі...»
Ережені оқып, қазақтар алып шығатын негізгі мамандықты анықтаңыз:
Жауабы: хатшы
7. «Шыңғысханның төрт ұлы болды. Ол әлемді осы төрт ұлына бөліп берді. Әрбір ұлының ұлысы жаулап алынған елінің халық мекендейтін мәдениетті елдері мен шөл даласының төрттен бір бөлігі болды. Ал шағатайлықтардың орнына олардың мұрасындағы қалалар мен уәлаяттарды (басқа) адамдар иеленіп алды. Ал моғолдардың Тұрфан мен Қашғар шегінде отыз мыңдайы қалды, ал Моғолстанды өзбектер (қазақтар) мен қырғыздар басып алды. Қырғыздар да моғол тайпасы болғанымен, олардың (моғол) хандарына қарсы жиі көтеріліс жасағанына байланысты олар діндар адамдарға айналды (санатына кірді). Ал қырғыздар сияқты, дінсіз күйінде (билігінде) қалды. Олар моғолдардан осы себепті бөлінді.
Осы төрт ұлысының біреуі – Моғол (ұлысы). Ол екі бөлікке бөлінді: біреуі – моғолдардың, екіншісі – шағатайлықтардың бөлігі. Бабыр патшаның ұлдары болып табылатын шағатай патшаларын қоспағанда шағатайлардан қазіргі уақытта бірде-бір адам қалған жоқ. «Қолда бар шежірелер мен бұрынғы авторлардың еңбектерінде Моғолстанның шекаралары көрсетілмеген, (сондықтан) қазір оларды ешкім білмейді... Алайда қазіргі Моғолстан деп аталатын ұзындығы мен ені 7-8 айшылық жол (қашықтық) болып табылады. Моғолстанның шығыс жақ шеті қалмақтардың жерімен шектесіп және Барыс көлді, Емелді, Ертіс өзенін қамтиды. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңізбен (Балқаш) Қараталмен, батысында – Түркістан және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашқармен, Ақсумен, Шалышпен және Тұрфанмен шектеседі»... жазылған. Моғолстанға Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу аймағы кірді. Осы жердің бәрінің о шеті мен бұл шеті жеті-сегіз айлық жол болады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет