Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай


Жауабы: Жетісу облысының аумағына қоныс аударуға



бет60/109
Дата09.11.2022
өлшемі263,02 Kb.
#157278
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   109
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы-1

Жауабы: Жетісу облысының аумағына қоныс аударуға.
13. Мәтінге қарап. Әбілқайыр ханның жаулаушылық соғыстарының бағытын анықтаңыз.
"... ол алдымен өзінің қарсыластары Махмұд-Қожа ханды, маңғыт әмірі Уақас биді жеңіп, өзіне қаратады. XV ғасырдың 40-жылдарында Балқаш өңірінің терістік батыс жағын өз иелігіне қосады. Әбілқайыр хан көп уақыты мен күш-жігерін жұмсаған жер Ақ Орда жерінің оңтүстік аудандары мен сыр өңірі мен Қаратау аймақтары болған":
Жауабы: Батыс Сібірден оңтүстікке қарай.
14. Берілген мәтінмен ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының көпшілігінің ақша-тауар айналымы туралы түсінігін қалай бағалар едіңіз?
«бір саудагердің қазақтарды алдап, сіріңкені «қасиетті от»деп сатқаны қазірге дейін ұмытылмай айтылып жүр. Қазақтардың оған сенгені сіріңкені бір қорабына бір немесе бірнеше қой беретін. Кейіннен байып алған көпестердің біреуі қатып қалған тас кәмпитті қазақтарға «Мұхаммедтің тұзы» деп сатқан».
Жауабы: тауарлардың ақшаға шаққандағы құнын білмеген.
15. Мәтінде сипатталған тарихи кезеңді анықтаңыз:
«Қазақстан жеріндегі бүгінгі шөлейтті, тақыр далалық аймақтар ол заманда көкпеңбек жазиралы, түрлі өсімдікке бай еді. Табиғат пен өсімдік дүниесінің өзгеруіне байланысты жан-жануарлар дүниесі де өзгерді. Орманды алқаптар көбейді. Суыққа төзімді, бұғы, бұлғын сияқты аңдар солтүстікке қарай ауды...»
Жауабы: Мезолит.
16. Мәтінде сипатталған түріктер тәуелді болған елді анықтаңыз»
Түркіттердің жалпы тарих сахнасына ала шыққан мамандығы темір өндіру ісі болатын. Олардың аңызға айналған арғы атасы Ашин теріскейге қашып келіп, «оларға темір өндіреді». 546 ж. оның қағаны Анахуан түркіттер көсемі «Менің темір қорытатын тұтқыным» деп, түркіттердің басты кәсібін айрықша атайды. Археологиялық барлау ісі түркіт металлургиясының VI-IX ғ. жәдігерлерін тапқан. Алтайдан сол кезеңдерге жататын тайыз апандар, забойлар сияқты темір өндіру ісінің іздері кездескен. Темір балқытып алу әдісі – сазды үрлеу. Темір қышқылы көміртегі қышқылымен химиялық жол арқылы қосылғанда, ол кәдімгідей күйтіне келіп, кеуекті құйма металл болып шығады. Кеуек темірдің сапасы қазірдің өзінде домналық темірден артық саналады. Жоғары сапалы темірден алтайлық ұсталар бір жүзді пышақ, балта-шоттар, үзеңгілер мен ауыздықтар, семсерлер мен наркескендер, найза мен жебе ұштарын, сол сияқты қазанның екі түрін – аспалы және тағанды қазандар жасайтын болған. Металдарды өндіріп, өңдеу ісі сол заманда қазіргі Тува жерінде де жүргізілген, онда тек темір ғана емес, алтын мен күміс те, қалайы мен мыс та өндірілген. Қырғыз қағанатының кіндігін құраған Хакасияда темір көптеген жерлерде өндірілгенге ұқсайды. Қарағай ормандары атаулының бәрінен ертедегі темір балқытатын пештер орны кездеседі. Алтай тауындағы сияқты, бұл арада да еңбек құралдары мен қару-жарақтар – семсерлер мен қанжарлар, сол сияқты ат ер-тұрмандарының бөлшектері жасалынған. Түркіттерге ұқсас-тұрғылас болған аңғар өңірі құрықандарының мәдениеті де көз тартады. әуелгі кезде 1912-1914 ж. археологиялық қазбалар нәтижесінде олар «құрымшы ұсталар» деген атақ алады, ал А. П. Окладников олардың құрықандар екенін анық дәлелдеді. Құрықандардың құйма темірі құрамының 99, 45%-ы таза металл болған, сол себепті де ол өте берік, өңдеуге, шыңдауға қолайлы болған. Олар бұдан пышақ, найза мен жебе ұштарын жасаған, тесілген қазан түбін жамаған. Сонымен бірге құрықандар мал шаруашылығымен айналысқан, тіпті жер суарып, егін еккен. Металлургияны дамыту түркіт хандарының қалың әскерін қайта қаруландырып, сауытты салт аттылардан таңдаулы да пәрменді бөлімдер – қытай бастау дерегінде айтылатын фулилерді (яғни бөрілерді – өздерінің шыққан тегі бөрі болғасын осылай атаған) құрған. Оларда ер қаруы – мүйіз садақтар, көк сауыттар, найзалар, қылыштар мен шоқпарлар түгел береді.»:
Жауабы: Жужан.
17. Мәтінде баяндалған тарихи процесті анықтаңыз:
«Батыстан біз мүлде басқаша суретті көреміз. Ол жақта түркіттер үркердей аз болатын. Істемихан өзімен бірге қанша нөкер ертіп кетсе де, олар бәрібір бағындырылған облыстарда теңіздің тамшысындай ғана болар-ды. Олар өзіміз түрік тектес деп атай алатын – жергілікті халық арасында, әлде сіңісіп жоғалып кетуі керек-ті, әлде өз руластарының басым көпшілігі. Сүй императорының табаны астына түсіп қалғаннан кейін солардың құрбандығына шалынуы керек-ті.. Бірақ бұл екеуі де емес, үшінші бір құбылыс пайда болды: Жетісу мен Шу алқаптарының, Еділ мен Кубанның төменгі жағынан, Ертіс пен Есілдің жоғарғы жағының көшпелілері Ашина әулетін адал, ақкөңілмен қарсы алады. Сол сияқты Тәрім мен Әмудария өңірі көгалды нулы аймақтарының халқы мен бұл жақта да билеушілік жағдайын сақтап қалады.»:
Жауабы: Батыс Түрік қағанатының құрылуы.
18. Түрік қағанатында сауданың жүруіне мүдделі болған халықтар:
«Сонымен ...көпестерінің эфталиттердің күйретілгенін өздерінің баюының басы деп есептегені әбден дұрыс еді. Шынында да, Қытайға баратын жол ашық та қауіпсіз болатын, ал түркіттердің өздері тонап алған немесе салықтан түскен жібектерін қайда қоярын білмейтін, сол себепті де арадағы дәнекер-делдал бұрын болып көрмеген дәрежеде байып кетер алар еді. Міндет тек жібекті Византияға жеткізу ғана, бірақ ол жөнінде парсы шахымен келісу керек. Істеми хан өз тарапынан жаңа бодандарының тілегін орындауға тырысады, себебі бұл оның көңілдес жақындарының мүдделерімен сәйкес келіп жатқан. Сондықтан да хан Маниах өзін Хосрай Ануширванға, шалымды соғдылар қолында жиналып қалған мол жібек қорын Иран арқылы алып өтуге рұқсат сұрау үшін, өкілетті елші етіп жіберу жөніндегі тілегін шын ықыласымен мақұлдайды. Елші тіпті парсы шахынан саудаға қатысу жөнінен, яғни жібекті сатып алып, оны Батысқа апарып қайта сатуға ұсыныс жасайды. Мұндай шараны жүзеге асырған күнде олар тауар бағасы жөнінен аздап шығындалса да, оның айналымын молайтып, пайдаға шаш етектен кенелер еді.»
Жауабы: Соғдылар.
19. Мәтінде Найман хандығына қарсы Шыңғысхан мен одақ құрған Керей ханын анықтаңыз:
«Шыңғыс қаған мен ол екеуі найманның Күшлігінің Бұйрық ханымен соғысуға аттанып, Ұлықтақтың Соғақ суаты деген жеріне барған кезде Бұйрық хан төзіп тұра алмай, Алтай аса жөнеледі. Шыңғыс қаған мен ол екеуі Соғақ судан Бұйрық ханды өкшелей қуып Алтай асырып, Құмсіңгірдің Үріңгі өзеніне дейін қуады. Сөйтіп, олардың Еди-тобылық деген нояны қарауылға шығып жүріп, біздің шолғыншы әскерге кез болып қалып, тауға қарай қашқанда айылы үзіліп ұсталады. Бұйрық ханды Үріңгі өзеніне дейін қуалап, Қызылбас көлінде қуып жетіп, оларды сол жерде құртады. Сонан соң Шыңғыс қаған мен ол екеуі қайтып келгенде Көксеу Сабырық батыр Бәйдірік алқабында әскерін реттеп, соғыспақ болып тосып тұр еді. Шыңғыс қаған мен ол екеуі де соғыспақ болып әскерін реттеп, соғыспақ болып әскерін сапқа тұрғызып келгенде әбден кеш болғандықтан, «ертен соғысайық» десіп, реттеген қалпында түнейді. Алайда түнде ол түскен жеріне от жағып тастап, Қарасуіл (құйрық) өзенін өрлей қозғалады ол найманның Көксеу Сабырық батырынан жеңілген соң, Шыңғыс қағанға елші жіберіп: «Менің дүние-мүлкім мен ұл-қыздарымды наймандар тартып әкетті. Ұлым, сенен төрт батыр жіберуді өтінемін. Менің ел-жұртым мен дүние-мүлкімді құтқарып бере гөр»,-дейді. Шыңғыс қаған жасағын жөндеп, Борши, Мұқылай, Бороқұл, Шұлуын деген төрт батырын әскерімен қоса жібереді. Бұл төрт батыр барудан бұрын Сенкім Ұланқұс деген жерде соғысып жүріп, атының санына оқ тиіп, қолға түсуге таяған кезде Шыңғыс қағанның төрт батыры оны құтқарады және дүние-мүлкі мен қыз-ұлдарын тартып алып береді. Сол кезде ол: «Бұрын Темүжіннің абзал әкесі менің быт-шыт боп кеткен елімді жинап алып берген еді. Енді Темүжін ұлым да төрт дөй батырын жіберіп, менің айырылған ел-жұртымды құтқарып әкеп берді. Қарымын қайтаруды тәңір білсін!-дейді.»
Жауабы: Уаң хан
20. Мәтінде берілген мәліметтен Шыңғысханның қабылдаған шешімін анықтаңыз:
«... Мауараннахрдың бірнеше саудагері өзара келісе отырып, Шыңғысханның ордасына түйеге артып тауар алып келді... Хан олар әкелген тауардың бәрін алды. Бір теңге тұратын затына 10 теңге төледі, қошемет көрсетіп, ас-су берді. Мұның үстіне кінәздеріне әр саудагерге бір адамнан қосып жіберуді бұйырды; барлығы 450 адам аттанды. Үшеуін Шыңғысхан Мұхаммед сұлтанға елшілікке жіберді. Бұлар – хорезмдік Махмұд, бұхаралық Әлиқожа және үшіншісі отырарлық Жүсіп (Юсуф) еді; бұларға мына сөздерді айтуды міндеттеді: «Сіздердің саудагерлеріңіз бізде болып, құрмет-сыйға бөленді, біз де сол сияқты өз тарапымыздан сіздерге бірнеше кісі жөнелтіп отырмыз, жақсылап күтіп, сыйымен жібереді деп сенемін... Менің балам болғын, Алла тағала сен екеумізге әлемді берді; егер мен әкең болсам, барлығы да тыныштықта һәм ризалық өмір сүреді». Елшілер Отырарға келді. Отырардың билеушісі Иналшық Мұхаммед сұлтанға анасы жағынан туыс еді. Мұхаммед сұлтан оған Қайырхан деген жаңа ат берген болатын. Саудагерлер өздерін таныстырды; олардың бірі Иналшықты білетін еді, ол Қайырхан деудің орнына Иналшық деп атап қалды. Бұл сөзге ренжіген ол саудагерлерді қамауға алуды бұйырды да, Мұхаммед сұлтанға Отырарға бірнеше тыңшы келіпті де мәлімдеді. Мұхаммед сұлтан істің анығына жетпей, олардың басын кесіп, тауарын тартып алуды бұйырды. Қайырхан оларды өлтіріп, тауарын тартып алды. Бір саудагер қашып құтылып, Шыңғысханға келді де, өздеріне не істегенін айтты. Мұны естіген Шыңғысхан өте қатты күйінді, кінәздерін шақырып алып, кеңесіп...шешім қабылдады»:
Жауабы: Хорезмшахы Мұхаммедке соғыс ашу.

ІІІ нұсқа


1.Мәтінде сипатталған әкімшілік реформаны анықтаңыз.


Әкімшілік реформалар Қазақстанда отаршылдық биліктің рөлін күшейтті. Генерал-губернаторларға шексіз өкілеттілік берілді. Бұрынғы біртұтас Кіш жүз енді үшке бөлінді. Соның салдарынан оның бір бөлігі Ішкі Орданың, екінші бір бөлігі Закаспийск облысының, ал үшінші бөлігі Дала генерал-губернаторлығының құрамында болды. Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруаларды Қазақстан жеріне жаппай қоныс аударту ісін ретке келтіру мақсатымен қоныс аударту басқармалары құрылды.
Жауабы: ХІХ ғ. 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформалар.
2. Басшылық етуге үміттілер ішінен екі тайпа одағы ерекшеленіп көзге түседі: олар – Жетісу мен Батыс Жоңғариядағы Дулу мен батыс Тянь-Шаньдағы Ыстықкөл өңірін мекендейтін нушебилер еді. Осынау одақтың әрқайсысы бес тайпадан тұратын, содан да болар, Бұл қағанат кейде «он тайпа» деп те атайтын, бұл осы тайпалар одағының күллі мемлекет үшін маңызының зор болғанын ерекше бөліп көрсетеді. Бұл атпен бірге «жабғы-түріктер» деген ат та кездеседі, бұл қағанатта тұратын түркіттерді, Елхан Бумынның тұсында Істемидің жабғы болғанын ескеріп, осылай атап кеткен. Мемлекет туралы болған күнде осы екі ат бірінің орнына бірі жүре береді, бірақ екеуінің қатар болуы – түркіттер мен «он тайпаның» түріктері арасындағы айырмашылық VII ғасырда әлі жойылмағанын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет