Мәтінде қай хан туралы айтылғанын анықтаңыз:
А). Кенесары хан
В). Бөкей хан
С). Уәли хан
D). Жәңгір хан
Е). Шерғазы хан
13. Мәтінге қарап, қытайлықтардың қай көшпелі мемлекетпен дипломатиялық әрі туыстық қарым-қатынас орнатқанын анықтаңыз
«Қытай патшасы көп сыйлық талап етіп, гуньмо оларға 1000 жылқы жібереді. Бұл оқиға б.з.б. 107 жылы болған»:
А). Үйсін
В). Ғұн
С). Сақ
D). Қаңлы
Е). Сармат
14. «Ол Қазақстанның солтүстік өңірін басып өтті. Мұның өзі қазақтардың иелігіндегі жердің 4,2 млн десятинасын қосымша тартып алуға жеткізді. Темір жол құрылысы шаруалардың қоныс аударуына неғұрлым ұйымдасқан сипат берді. Шаруалардың темір жолы құрылысы аумағына (оның оңтүстігіне қарай 100 шақырым жерге дейін қоныс аударуына Сібір темір жол комитеті де мүдделі болды)».
Қай темір жол туралы айтылғанын анықтаңыз:
А). Түрксіб
В). Орынбор-Ташкент
С). Транссібір
D). Орал-Покровка
Е). Ақмола-Қарталы
15. Мәтінде қай тарихи оқиға сипатталғанын анықтаңыз:
«Асан Қайғы Жерұйықты іздеп, Жетісуда болған кезінде «Жетісудың ағашының басы жеміс екен», екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты, мынау ну қамысың еліңді ешбір жұтқа бере қоймас»:
А). Есен-бұға мен Жүністің арасында билік үшін күрес
В). Камар ад-дин мен Шамс ад-диннің билікке келуі
С). Қасым хан мен моғол Саид ханның Жетісу жерін бөліске салуы
D). Керей мен Жәнібектің билікке келуі
Е). Есім мен Тұрсынның арасында билік үшін күрес
16. Мәтін
«635 ж. Дулу мен нушеби тайпалары өздерін өздері басқаруға қолы жетеді, дулудың бес тайпасы мен нушебидің бес тайпасы бір бастықтан алады, бірақ ашина руынан емес, тегі жергілікті тайпалар тектілерінен алған болуға тиіс. Бұл бастықтардың әрқайсысы шадпен, яғни текті ханзада дәрежесімен теңестіріледі. Олардың әрқайсысына өкімет бейнесі ретінде бір-бір жебеден беріледі де «Он оқ түріктері» деген ат содан шығады. Екі одақтың, дулу мен нушебидің шекарасы Шу өзені белгіленді. Әлбетте, сепараттық-оқшаулану ағымына бейімделу онсыз да қақырап жатқан мемлекетті құтқара алмайды. Жаңа тәртіпті көп адамдар қанағат тұтады, бірақ бәрі емес».
Достарыңызбен бөлісу: |