Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай


Мәтінде сипатталған мемлекетті анықтаңыз



бет7/109
Дата09.11.2022
өлшемі263,02 Kb.
#157278
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   109
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы-1

Мәтінде сипатталған мемлекетті анықтаңыз:
А). Түрік қағанаты
В). Батыс түрік қағанаты
С). Шығыс түрік қағанаты
D). Түркеш қағанаты
Е). Қарлұқ қағанаты
17. «Өзінің артықшылықтарына әбден сенімді ол өз жасақтарының бәрін де айбынымен, салиқалы мінез-құлқымен таңғалдыра қызықтырып, өзіне тарта білетін, өзінің жауларын күш көрсете қорқыта алатын, ал әрбір қалыптасқан нақты жағдайға қарай өзін бірде орыстардың қол астында болғандай, бірде қытайлардың қол астында болғандай ұстай білетін, бірақ іс жүзінде ешкімді мойындамайтын тәуелсіз билеуші еді».
Мәтінде сипатталған қазақ ханы:
А). Тәуке хан
В). Әбілқайыр хан
С). Абылай хан
D). Уәли хан
Е). Қайып хан
18. "Ондағы көтерілісті басу Кавказдағы аймақтың бастығына жүктелді... Адай-қазақтарының жан аямай қарсы тұрғанына қарамай, көтеріліс жеңіліске ұшырады, күшті қаруланған тұрақты әскерлерге төтеп бере алмады".
Мәтінде сипатталған көтерілістің болған жылы:
А). 1867 ж
В). 1870 ж
С). 1865 ж
D). 1878 ж
Е). 1883 ж
19. Тарихи деректе сипатталған оқиға:
«Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылады...»:
А). Томирис пен Дарий жауынгерлерінің арасындағы соғыс
В). Спитамен мен Ескендір жауынгерлерінің арасындағы соғыс
С). Скунха мен Дарий жауынгерлерінің арасындағы соғыс
D). Томирис пен Кир жауынгерлерінің арасындағы соғыс
Е). Спитамен мен Скунха жауынгерлерінің арасындағы соғыс
20. Мәтінде сипатталған тарихи тұлғаны анықтаңыз:
«Халықтың өз төңірегіне топтастыра білген ол елді өнерге, күнкөріс тіршілікке баулып, бейбіт өмір салтын тартады. Сондықтан халық оны Білге хан деген атақ береді. Осы ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Хан наймандар одағының басын қосып, Найман мемлекетін күшейтеді. Ол басқа елдермен сауда қатынасын дамытуға да көп көңіл бөлген»:
А). Бұйрық
В). Наркеш Дайын
С). Күшлік
D). Даян
Е). Инанч

ІІІ нұсқа


1.«ХХ ғ. басында ........ жұмыс істеген мекемелер: дәріхана, екі шіркеу, бір мешіт, қалалық 3 сынып, 2 бастауыш мектеп, Пушкин атындағы қалалық көпшілік кітапханасы. Қала төңірегінде төменгі деңгейдегі ауыл шаруашылық мектеп ашылды».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет