Клиникалық жағдай



бет1/4
Дата08.05.2020
өлшемі23,44 Kb.
#66715
  1   2   3   4
Байланысты:
№14клж
вожатская папка

Клиникалық жағдай

6


Дәрігер Қ. есімді нәрестеге біріншілік патронаж жүргізді. Анасы басқа мекен жайда тұрғанына байланысты босануға дейінгі патронаж жүргізілмеген.

Нәресте 8 күндік. Миопиямен ауыратын жас ата-анадан туылған. І жүктіліктен, жүктілігі І және ІІ жартысының токсикозымен өткен (құсу, нефропатия). №113 алмастыру картасынан анықталғаны, бала жедел өздігінен босанудан, кіндігі мойнына қатты оралуы байқалған. Жоғары тыныс жолдарын және асқазанын санация жасағаннан соң айқайлаған. Апгар шкаласы бойынша бағалағанда– 5/8 балл. Туылғандағы салмағы 3690 г, бойы – 52 см. Екінші тәуліктің басында терісінің сарғаюы пайда болған. Анасының және баланың қан топтары О (I), Rh+, өмірінің екінші күні қан сарысуындағы билирубин концентрациясы: тікелей емес – 280 мкмоль/л, тікелей – 3,4 мкмоль/л. Кумбс сынамасы теріс. Емі: Магнезий ерітіндісі б/е, фенобарбитал, бифидумбактерин, но-шпа, оксигенотерапия. Емізуге 2-күні берген, әлсіз емген, көп мөлшерде лоқсып, шығарып тастаған. Энфамилмен қосалқы тамақтандырылған. Перзентханадан 7-күні шығарылған, 350 г. Салмағын жоғалтқан.

Қарау кезінде анасы сүтінің жеткіліксіздігіне шағымданады. Энфамилмен қосалқы тамақтандырады. Бала мазасыз, айқайлағанда жиі селк етеді, иегінің треморы бар. Физиологиялық рефлекстері айқын, жазушы бұлшық еттердің тонусы жоғары, бұлшық ет дистониясы бар. Терісі және склералары субиктериялы. Шырыш қабаттары таза. Кіндік жарасы геморрагиялық қабыршықпен жабылған, құрғақ, таза. Үлкен еңбегі 3,5х3,5 см., ісінбеген. Кіші еңбегі 1х1 см. өкпесінде пуэрильді тыныс, сырылдар жоқ. Перкуссияда - өкпелік дыбыс. Жүрек тондары дауысты, ырғақты. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры + 1,5 см., көкбауыры – қабырға доғасында. Нәжісі сұйық, тәулігіне 3 рет, шамалы жасыл шырыш араласқан. Сыртөы жыныс ағзалары дұрыс қалыптасқан, жұмыртқалары ұмада орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет