ТАПСЫРМА:
1.Болжам диагнозы. Церебральды ишемия 1 сатысы. Физиологиялық сарғаю кезеңі.
2.Денсаулық тобын анықтаңыз. Анамнездері мен нәрестенің жағдайына байланысты 2 а тобына жатқызамыз.
3.Бейімделу кезеңі қалай өтуде
Баланың бейімделу кезеңі орташа жағдайда, өмірінің алғашқы кезінде физиологиялық сарғаю болғанымен уақыт өте жоғалады. Бала мазасыз, айқайлағанда жиі селк етеді, иегінің треморы бар. Физиологиялық рефлекстері айқын, жазушы бұлшық еттердің тонусы жоғары, бұлшық ет дистониясы бар. Қалыпты жағдайда алғашқы жеті күндерінде балаларда салмақ пен жылу жоғалту болады. Нәрестеде тамақтануы бұзылған. Анасының сүті жеткіліксіздігінен, қосалқы тамақтандырады. Нәресте дұрыс ембейді.
4.Қауіп факторларын және топтарын, олардың бағытын көрсетіңіз.
Кауіп факторлары: ата-анасының миопиямен ауыратыны, туу барысында баланың кіндігі мойнына қатты оралуы салдарынан баланың тұншығуы болған. Екінші тәуліктің басында нәрестенің терісінде сарғаюы пайда болған.
5.Нәрестелік кезеңде билирубин метаболизмінің бұзылыстарына қандай себептер алып келеді?
|