ана аурулары, мысалы, қант диабеті, нефропатия т.б.
бала көтеру кезінде белгілі бір препараттарды қолдану,
ішілік гипоксия (оттегінің болмауы),
бала басының ананің кіндік бауына оралынып қалу салдарынан ұрықтың тұншығуы (асфиксия).
6.Осы жағдайдағы сарғаюдың келіп шығуының және оның дамуының механизмі қандай?
Билирубин-қандағы қызыл қан денелерінің (эритроциттердің) ыдырауы кезінде түзілетін пигментті зат және бауырмен өндірілетін арнайы ферменттердің қатысуымен ағзадан шығарылады. Бұл процесс әр адамның ағзасында үнемі жүреді. Бірақ жаңа туған баланың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты билирубин жоғары мөлшерде қалыптасады және баяу шығарылады. Билирубин деңгейінің өсуіне әкелетін көптеген себептер бар, бірақ олардың негізгілерін есептеуге болады:
оттегінің төмен құрамы жағдайында ұрықтың толық жұмыс істеуі үшін қажетті ерекше эритроциттердің жоғары саны және бала туған кезде олардың тез бұзылуы, билирубин пигментін артық босата отырып;
бала бауырының функционалдық жетілмеуі, осыған байланысты бауыр жасушаларының мембраналары арқылы билирубиннің тасымалдануын және оның ағзадан шығарылуын қамтамасыз ететін арнайы ақуыздың жетіспеушілігі байқалады.
7.Тікелей және тікелей емес Кумбс сынамалары қандай патологияны жоққа
шығаруға мүмкіндік береді?
Кумбс сынамасының жүргізу максаты жүкті әйелдерде резус-факторға антиденелерді анықтау және эритроциттердің бұзылуына әкеп соқтыратын резус-сыйыспайтын жаңа туған балаларда гемолитикалық анемияны анықтау үшін қолданылады; қанды қайта құю кезінде пайда болатын изоантиденелерді анықтау; гемо-трансфузия кезінде үйлесімділігін анықтау; эритроциттерде резус-фактордың әртүрлілігін анықтау үшін пайдаланылады. 8. Осы балаға перзентханада фототерапия жүргізу қажет пе еді?