Мәтіннен қатені тауып, дұрыс жауабын белгілеңіз: Жауабы: уезд бастықтарын, облыстық губернатор ұсынысымен, генерал-губернатор тағайындайды. 5.«Поэтикалық шығармашылық туралы жоғары түсінік қырғыздардың өлеңнің шығуы жайлы аңыздарынан көрінеді. Аңыз бойынша адамдар әлі өлең айта алмайтын өте ерте заманда өлеңдер...жердің үстінде ұшып жүріпті және өлең айтыпты. Ол төмен ұшқан кезде адамдар оны жақсы естіпті және ұғып алыпты. Биік ұшқан өлең нашар естіліпті, ол жерде тұрған халықтар өлеңнен хабарсыз болып қалыпты. Қырғыз даласында өлең өте төмен ұшыпты, сондықтан қырғыздар әлемдегі ең әнші халық.
Қырғыз аңыздары бойынша тұңғыш қырғыз бақсысы Қорқытты алғашқы ақын деп те есептеуге болады. Ол бірде түс көреді: бір адамдар көр қазып жатады және оның не істеп жатырсыңдар деген Қорқыттың көрін қазып жатырмыз деп жауап береді. Ол солтүстік өлкеге қашып, ажалдан құтылмақшы болады. Бірақ ол сол түсті қайта көреді. Енді ол оңтүстікке, шығысқа, батысқа қашты, бірақ қай жерде жүрсе де, сол түсті қайта көре береді. Сонда ол өлімнен қашып құтыла алмайтынын түсінеді, сөйтіп Отанына қайтып келеді. Астына кілем жайып, қобызда ойнайды және өлгенше өлең айтады. Бұл қырғыз аңызы бойынша адам өмірін өнер ғана мәнді етеді. Сондай-ақ ол бізді мезгілінен бұрын мазалайтын елестерден сақтайды».
Мәтінде сипатталған үзіндіден Г. Потанин қазақ өнеріне берген бағасын анықтаңыз Жауабы: «бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді». 6. «Тевкелевтің Ордаға келуі Әбілқайырдың билікке ие болуы үшін жасаған бүкіл айла амалдарын ашып берді. Жаңа боданжарынан ант алуға келген Ресей шенеуніктері салтанатты түрде қарсы алыну былай тұрсын, бастарынан айырыла жаздады. Орыстардың өздерін бағындыруға келгенін естіген қырғыздар қатты ызаланып, Тевкелевті өлтірмекші болды. Оны хан құтқарып қалды, алайда бүлікті баса алмады. Бүлікшілердің ішіндегі неғұрлым батылдары ханнан халық ықтиярынсыз неліктен басқа елге бағынуға уәде еткенін түснідіруді талап етті.
Бұл заңды қарсылық еді, өйткені Әбілқайыр Ресейге өз елшілерін аттандырарда қырғыз-қайсақтардың шағын тобын жинап, солардың ғана келісімін алған болатын. Ол өзінің осы қитұрқы қылығы үшін өз өмірімен қош айтыса жаздады. Бағына қарай өзінің батылдығы және айлакерлігі арқасында өз қандастарының ашу-ызасынан құтылып кетті.
Тіпті қырғыз-қайсақтар Тевкелевті бір емес, бірнеше рет өлтірмекші болғанмен, ол тек Әбілқайырдың қолдауымен ғана аман қалған жоқ, өзінің ордалықтарымен туыстығына және олардың тілінде шешен сөйлейтіндігіне сүйене отырып аман қалды...
Орыс елшісінен, оның ықпалынан сескенген қырғыз-қайсақтар олардан құтылу үшін Тевкелевке халық жиналысын шақыратындықтарын, онда Ресейге бодан болу-болмау мәселесі қаралатындығын және бұл жиынға ешқандай күзетсіз жалғыз келуі керектігін ескертті».