Мәтін бойынша Антанта интервенция жасаған елді анықтаңыз:
Жауабы: Кеңестік Ресей.
6. «Екі мемлекет арасындағы шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қоярда екі жақтың төменде қол қоюшы өкілдері аса құпия жағдайда екі жақтың шығыс Еуропадағы мүдделерін межелеу мәселесін талқылады. Бұл талқылау төмендегідей қорытындыға әкелді:
1. Балтық жағалауларындағы мемлекеттердің (Финляндия, Эстония, Латвия, Литва) құрамына кіретін облыстарды аумақтық – саяси жағынан қайта құрған жағдайда Литваның солтүстік шекарасы бір уақытта екі мемлекеттің мүдделері аймақтарының шекарасы болады. Бұл арада Литваның Вильно облысы жөніндегі мүддесін екі ел де мойындайды. Польша мемлекетінің тәуелсіздігін сақтау екі елдің өзара мүдделеріне сай келе ме және бұл мемлекеттің шекаралары қандай болуы керектігі жөніндегі мәселе тек бұдан былайғы саяси дамудың барысында түпкілікті анықталуы мүмкін».
Мәтінде сипатталған «Өзара шабуыл жасаспау» туралы келісім жасаған елдерді анықтаңыз:
Жауабы: КСРО мен Германия.
7. «...Мемлекеттік думаның Уақытша комитеті революцияны құлатуға әрекеттенімен, оғаг күштері жетпеді.
Революцияның жеңіп, ал Петроград Кеңесінің лидерлері оның жағында екеніне көздері жеткен буржуазия мемлекеттік билікке дәмелерін ашықтан-ашық мәлімдеді. Мемлекеттік думаның уақытша комитетінің мүшелері эсерлермен-Петроград Кеңесінің меньшевиктік жетекшілерімен буржуазиялық үкімет құру туралы келіссөздер бастады.
Мемлекеттік дума мүшелерінің Уақытша комитеті астана әскерлері мен тұрғындарының жәрдемі мен жанашырлығы жағдайында қазіргі кезде ескі жүйенің қара түнек күштеріне қарсы күресте айтарлықтай жеңіске жетіп, атқарушы билікті берік негізде қайта құруға мүмкіндік алды...»
Мәтіндегі Ресейде орнатылған үкіметті анықтаңыз:
Жауабы: Уақытша үкімет.
8. 1-бап. Барлық болгар азаматтары: ерлер 20 жастан, қыздар 16 жастан бастап еңбек етуге, яғни қоғамдық еңбеккке тартылады...
2-бап. Бұл заңның мақсаты:
А). елдің жұмыс күшін оның қоғамдық өндірісі мен гүлденуіне пайдалану;
Б). Азаматтардың, олардың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқат шамасына қарамастан, қоғамдық жұмыстар мен дене еңбегіне деген сүйіспеншілігін дамыту; халықтың моральдық және экономикалық жағдайын көтеру;
В). Азаматтарды өзінің және қоғам алдындағы борышын түсінуге, халық шаруашылығының барлық салаларында жемісті еңбек етуге тәрбиелеу...
28-бап. Баспасөз арқылы, өздерінің көпшілік алдындағы сөздерінде немесе басқа да жолдармен осы заңды орындамауға шақырғандар үш жыл мерзімге өте қатаң түрме жазасына кесіледі немесе оған 500 левке дейінгі айыппұл салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |