Мәтінде көрсетілген Болгариядағы заң атауын анықтаңыз:
Жауабы: Еңбек ету міндеткерлігі туралы.
9. «Бірнеше минуттан соң ғарыш кемесі мен әлемінің алыс кеңістіктеріне алып кетеді. Ұшар алдындағы осы соңғы минуттарда не айтуға болады?...
Тарихтағы осы тұңғыш ұшу сапарына шығуды маған ұсынған кезде бойымды кернеген сезімдер туралы айтудың қажеті бола қояр ма екен?
Қуаныш? Жоқ. Ол тек қуаныш сезімі ғана емес еді. Мақтаныш? Жоқ, ол тек мақтаныш сезімі ғана емес еді. Мен өзімді аса бақытты сезіндім. Ғарышта бірінші болу, табиғатпен бұрын-соңды болып көрмеген жеке-дара шайқасқа түсу, бұдан асқан арман бола ма?
Бірақ осының ізінше мен өзіме жүктелген орасан зор жауапкершілік туралы ойладым. Адамдардың сан ұрпақтары армандаған нәрсені бірінші болып жүзеге асыру, адамзат үшін ғарышқа бірінші болып жол салу...»
Мәтіндегі тарихи тұлғаны атаңыз:
Жауабы: Ю. Гагарин.
10. «_______________- ұлы қиялшыл және ғалым, реактивтік қозғалтқыш теориясын ойлап тапты және ғарышқа ұшу мүмкіндігінің негізін қалады. Ол кеңес ғылымын тамаша табыстарға жеткізді, соның арқасында Кеңес Одағының алғашқы ғарышқа ұшулары жүзеге асырылды.
...Егер планетарлық кеме секудына 8 шақырымнан кем емес жылдамдықпен қозғалатын болса, ол атмосфераның шетіне шығады да, Ай сияқты Жердің серігіне айналады, себебі мұндай жылдамдық кезінде ортадан тепкіш күш жердің тарту күшіне теңеледі.
Ол өзінің төл формуласын, ол арқылы кеме-зымыран қозғалатын теорияны жасады. Бұл іске асады! Міндетті түрде болады! Адамзат бір орында тұрақтап қалмайды, ол әрдайым алға ұмтылады, содықтан ерте ме, кеш пе оның формуласы келеді.
Зымыран, тек қана зымыран адамды жердің тарту шебіне алып шығады».
Мәтінде бос орынға сәйкес келетін тарихи тұлғаы анықтаңыз:
Жауабы: В. Циолковский.
11. ...Сөздікті түзушілер «Кодекс» сөздігінің зерттелу жайы туралы да қызықты деректер қалдырған. _________: «Мен Петрарка кітаптарының каталогін көрдім. Солардың ішінде көңіл аударғаным құман мәтінің сөздігі болды, бірақ қанша әрекеттенсем де ештеңе түсіне алмадым... Мен әрқашанда Дакияның әлдебір қараңғы түкпірінде құман тілінің бағзы бір іздері сақталып қалған болуы керек деп ойлайтынмын, өйткені ХІІІ ғасырда венгр королі құмандарды жақсы қабылдап, оларға жер бөліп берген еді... Олар орналасқан жер мадьярлар мекенінен Қара теңізге дейін созылып жататын еді»,-деп жазған.
Достарыңызбен бөлісу: |