Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз



бет6/21
Дата11.12.2023
өлшемі63,51 Kb.
#196303
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
5- 10 сынып сор
Документ макала (1)
ІІ нұсқа
Оқу мақсаты 10.4.4.1 Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсыну . 10.3.3.1
Бағалау критерийі Білім алушы Мәтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша ақпараттар бойынша тірек-схема дайындайды Көтерілген мәселені анықтап, кейіпкерлер әрекетін
шынайы өмірмен салыстырып, баға береді
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Отандық ойыншықтар неге аз?
Бүгінгі күні бала тәрбиесіндегі бірден-бір құрал – ойыншықтар. Бір өкініштісі, қазақ балаларына ермек болар ұлттық ойыншықтарымыз көп емес. Бүлдіршіндеріміз түр-сипаты түсініксіз Шрек, Бэтмен, Спанч Боб, Өрмекші-адам, вампир-қанішерлер, түрлі роботтарды жандарына серік етуде. Мұндай шетелдік мультфильмдердің кейіпкерлері ұрпақ санасын улап қана қоймай, баланың ұлтжанды, адамгершілігі мол азамат болып ер жетуіне кедергі болады. Ал бұған тосқауыл қоятын ата-аналар да тым бейқам. Ойыншық тәрбиенің бастауы болса да, үлкендер оны баланы жұбату мен алдап, көңілін аулаудың құралы ретінде пайдаланып, «ойыншық қой» деп немқұрайлы қарауын жалғастырып келеді.
Қазақ баласына қазақы ойыншықтың қажеті екендігін түсінетін уақыт әлдеқашан жеткен. Бірақ бұған үкімет те, ата-ана да, кәсіпкерлер де назар аударар емес. Әрине, отандық ойыншықтарды өндіретіндер мүлдем жоқ деп аузымызды құр шөппен сүрте алмаспыз. Алайда олардың арасынан Қыдырәлі Болмановтың «Бал-бала» ойыншықтарынан өзгесінің атын ести бермейміз. Мәселен, 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет бүлдіршіндерге арналған ойыншық шығаратын цех іске қосылғанын да айта кету керек. Бүгінде «Пластик Наурыз» кәсіпорнында түрлі өлшемдегі америкалық «МАК» ауыр жүк көліктерінің модельдік ойыншықтары, баланың өзі де отырып айдай алатын «Талакар» ойыншық көлігі, құрастырмалы ойыншықтар және құм жинайтын қалыптар шығарылады.
«Айгөлек», «Тазша бала», «Алдар көсе» сияқты отандық өнімдердің өзі кем дегенде 7-8 мың теңге тұрады. Бұл қарапайым отбасы үшін аз ақша емес.
Кеңес үкіметі кезінде Алматыда пластмасса өңдейтін «Қызыл Ту» зауыты жұмыс істеген. Сол зауыт жанынан бүлдіршіндерге арналған ойыншықтар шығарылатын. Бірақ нарықтың тар соқпағынан өте алмаған бұл өндіріс орны 90-жылдары құрдымға кетті. Бірақ кейінірек оның орнын «Сұңқар» атты қазақстандық ойыншық зауыты алмастырды. Бұл да өз кезінде елдегі жалғыз ойыншық шығаратын кәсіпорын болған еді. Бірақ өзімізде өндірілді деген аты болмаса, ойыншыққа керекті заттардың бәрін көрші мемлекеттерден тасу зауытқа еш табыс әкелмегендіктен, өз жұмысын тоқтатты. Содан бері отандық ойыншықтарды өндіру ісі елімізде күрмеуі шешілмеген мәселе болып келеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет