«Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды»
Н.И.Веселовский
V. Жаңа сабақты түсіндіру:
Мәтінмен жұмыс: топ бойынша оқып шығып, аудару.
Шоқан Уәлиханұлы – қазақтан шыққан ең бірінші ғалым, саяхатшы, зерттеуші. Шоқан 1835 жылы Қостанай облысының Құсмұрын деген жерінде туған. ”Шоқан” деген ат - әке-шешесінің еркелетіп қойған аты. Ақылды, парасатты Шоқан әжесінің бауырында өсті. Ол ерте хат таныды. Кітап оқуды өте жақсы көрді.
Шоқан Уәлиханов 12 жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсті. 2 – 3 жылдың ішінде озат оқушылардың қатарына қосылды. Мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында болашақ ғалым деп атаған.
Шоқан Уәлиханұлы-Семей, Аягөз, Қапал, Алакөл, Тарбағатай, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау жерлерінде болып, қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясына байланысты материалдар жинаған.
Ыстықкөл аймағында болып, қырғыз, ұйғыр, дұнған, қытай халықтарының тарихын, өмірін зерттеген. Қырғыз халқының асыл мұрасы “Манас” жырын алғаш рет хатқа түсірген. Оның «Іле өлкесінің географиялық очеркі», «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», т.б. зерттеулері бар.
1857 жылы Шоқан 22 жасында Орыс география қоғамына мүше болды.Үлкен ғалым атанды. Ол орыс халқының алдыңғы қатарлы, озықойлы ғалымдары П.П.Семенов Тян-Шанскиймен, Ф.М. Достоевскиймен дос болды.
Шығыс зерттеушісі Е.И. Ковалевский Шоқанды” қазақ халқының ең жақсы досы әрі орыстың мемлекет мүддесін қадір тұтушы”,-деп атаған.
Потанин Шоқанды “шығыстың құйрықты жұлдызы” деген.
Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халқының географиясын, этнографиясы мен фольклорын зерттеуге де үлкен үлес қосты.
Достарыңызбен бөлісу: |