8. Студенттердің білімдерін тексеру кестелері
Студенттің білімін тексеру СҒЗЖ бекітілген кестесіне сәйкес практикалық сабақтар мен консультациялар барысында жүзеге асырылады.
9. Білім алушылардың білімін бағалау критериилері
Тапсырма түрі
|
Әр тапсыпманың ауқымы
|
Бағалау шкаласы
|
Айрықша ерекшелігі
|
Бағаларды бөлу
|
Ғылыми жоба
|
100
|
50-100%
|
Тұсаукесер презентациясы
|
Әр жобаға қатысушының жобағ қатысу дәрежесіне байланысты анықталады
|
реферат
|
30
|
50-100%
|
Тұсаукесер презентациясы
|
Балдық-рейтингтік шкала бойнша
|
эссе
|
25
|
50-100%
|
Тұсаукесер презентациясы
|
Балдық-рейтингтік шкала бойнша
|
10. Курстың саясаты (Ереже)
Оқу жетістіктерін бақылау ағымдағы үлгеріммен, бақылау жұмыстарынан, емтиханнан тұрады.
Оқу үлгерімінің ағымдағы бақылау семинар сабақтарында, дәріс сабақтарындағы белсенділікке, өздік жұмыс тапсырмалар орындау барысында бағаланады. Ағымдағы үлегрім көрсеткіштердің барлығы 100% шкала бойынша белгіленеді:0-49 қанағаттанарлықсыз, 50-69 - қанағаттанарлық, 70-89 -жақсы, 90-100–өте жақсы).
Оқу үлгерімінің аралық бақылау жұмысы ағымдық оқу үлгерімі бойынша білімді тексеру бақылаулары ескерілген қортынды баға болып табылады. Білімді тексеру бақылауының белгілі тақырыпты оқып аяқтаған кезде алдын-ала ескертусіз және жазбаша түрде ағымдағы сабақ барысында орындалады (академиялық күнтізбеге сәйкес коллоквиум апталығында).
Емтихан семестрдің соңында қабылдау рейтингісі бар болса ғана қабылданады. Емтихан тапсыру үшін рейтингі кемінде 50% -ын болуы керек. Емтиханға келмеген жағдайда студент келмеу себебін негіздеуі керек. Деканаттан барлық емтиханға «Сессияға жіберілді» деген карточка болуы тиіс. Емтихан барысында оқулықтарды пайдалануға жол берілмейді. Аралық бақылаудың қорытындысы жалпы бағаның 60% құрайды, ал қорытынды емтихан бағасы 40% құрайды. Сіздің қорытынды бағаңыз жүз балдық шкала бойынша анықталады. Қатыспаған сабақтар мен орындалмаған СӨЖ тапсырмаларының бағалары қойылмайды.
Курс бойынша дербес мүмкіндіктеріне және ерекше білім алу талаптарын ескермей тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі және бәріне бірдей талаптар қойылады .
Достарыңызбен бөлісу: |