Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению



Pdf көрінісі
бет30/83
Дата21.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#150271
түріМетодические рекомендации
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83
 
А.
Ресурстық орталықтың 
қолдауымен мектепте барлық қажетті жағдайлар жасалды: Мектептің 
инклюзивті білім беру үйлестірушісі А-ны арнайы жабдықпен (вертикализатор, 
жүріс арбасы, арба) қамтамасыз етті, сондай-ақ баланың партадан еркін 
шығуына мүмкіндік беретін, ернеуі мен қуысы бар арнайы парта берді, 
сыныпта тұтқалар орнатылды. Сондай-ақ мектеп жеке сүйемелдеу үшін тьютор 
да бөлді. А-мен жұмыс істейтін мұғалім Ресурстық орталықтың арнайы 
педагогі тарапынан ұдайы әдістемелік көмек алады. Пәнаралық команданың 
ұсынымы бойынша А-да, өзі қатты жақсы көретін, дене шынықтыру 
сабақтарына өзінің құрбыластарымен бірге қатысу мүмкіндігі пайда болды. 
Әлеуметтенуде және сыныптастарымен қарым-қатынас жасауда А-да едәуір 
прогресс пайда болғанын, сондай-ақ оқудағы үлгерімі де артқанын атап өту 
қажет. Қазіргі уақытта мамандар мен мұғалім сыныпта тьютордың ұдайы 
қатысуы қажет еместігін атап өтеді. А. сыныпта ғана емес, сонымен бірге 
мектеп өмірінде де дербес, көпшіл және белсенді болды. А-да полиция 
қызметкері болу арманы пайда болды!
А-ның пікірі: «Маған сыныптастарыммен бірге оқыған қатты ұнайды. Біз 
түрлі-түсті қарындаштар сияқтымыз – сондай әртүрліміз, бірақ біз бір қорапта 
болуымыз керек, бірге және бір-бірімізден үйренуіміз керек!».

Б. 
(4-
сынып), АСБ, 1-сыныптан бастап, ішінара сурет, музыка және 
еңбекке баулу сабақтарына кіріктіріп, үйде оқыды. Пәнаралық команданың 
ұсынымдарына сәйкес бір жыл бойы онымен жоспарлы түзеу-дамытушылық 
және білім беру жұмысы жүргізілді. Ресурстық кабинетте маманмен және 
тьютормен өтетін сабақтар қамтылып, білім беру бағдары әзірленді. Қазіргі 
сәтте Б. барлық пәндерге қатысып, оқуын жалпы білім беретін бағдарлама 
бойынша өтуде. Б. суреттер мен оқыған әңгімелері бойынша мәнерлі әңгімелеп 
бере алмайды, сондықтан ол Ресурстық кабинетте, күні бойы не болғанын 
фотосуреттер мен логикалық сызбаларға сүйене отырып әңгімелеп беруге 
үйренуде. Бұдан әрі тьютордың қолдауымен Б. осындай сызбаларды қолданып, 
сабақта мәтіндерді айтып беруге үйренеді. Сыныппен сабақта отырған кезде ол 
орнықты, тапсырмаларды өте мұқият орындайды, мысалы, есептер шығарғанды 
жақсы көреді. Электрониканы жақсы көреді, робототехника факультативіне 
үлкен қызығушылықпен қатысады. Б-да мектептік достары пайда болды, ол 
өзінің құрыбыларымен көп араласа бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет