Сөйлеу тілі бұзылған балалармен жұмыс істеу бойынша педагог-
ассистенттерге арналған әдістемелік ұсынымдар
Сөйлеу тілінің күрделі кемістіктері баланың танымдық әрекетінің
дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына теріс әсер етеді, оның әлеуметтік
бейімделуіне кедергі келтіреді. Осыған байланысты, сөйлей алмайтын
балаларды оқыту процесінде мақсатты бағытталған жүйелі логопедтік қолдау
жүргізіледі. Логопедтік қолдаудағы елеулі буын – мамандармен, медицина
қызметкерлерімен, педагог-психологпен бірлескен жұмыс болып табылады.
Неврологиялық симптоматикасымен ілесетін, сөйлеу тілі кемістіктерінің
этиологиясын анықтау үшін невропатологтың көмегі қажет. Медицина
қызметкері дәрілік емдеу, арнайы массаж, физиотерапевтік шаралар
тағайындайды.
Балада есту қабілеті сақталған, зияты бұзылмаған, бірақ оның
психикасының қалыптасуына әсері болмай қоймайтын, біршама сөздік
бұзылыстары болған жағдайларда, балалардың ерекше санаты – сөйлеу тілінде
бұзылыстары бар балалар туралы айтылады.
Сөйлеу тілі бұзылған балалардың санатына тілінің коммуникативті және
танымдық қызметінің ауытқушылықтарынан туындайтын, әртүрлі дәрежеде
көрінетін психофизикалық ауытқулары бар балалар жатады.
Жалпы ұсынымдар
Педагогтерді сөйлеу тілі бұзылған балалардың танымдық-және
әлеуметтік-эмоционалдық
саласын
дамыту
ерекшеліктерімен
және
заңдылықтарымен таныстыру.
Танымдық процестерінің, тілінің және мінез-құлқының дамуында
бұзылыстары бар балалармен қарым-қатынас жасаудың тиімді тәсілдеріне
үйрету.
Топта эмоционалдық жайлылықты арттыруға ықпал ететін және тұлғаның
жақсы қырларын дамытуға ынталандыратын жағдайлар жасауға көмектесу.
Педагогтермен жұмыс істеудің осындай формаларын қолдану
ұсынылады: жеке және топтық консультациялар, мектептегі психологиялық-
медициналық-педагогикалық консилиумның, педагогикалық кеңестердің
жұмысына қатысу, семинарлар-практикумдар, тренингтер, дәрістер,
әңгімелесулер және т.б..
Сөйлей алмайтын оқушыны дамытудың жеке бағдарламасын іске асыру
кезінде педагог-ассистенттің ата-аналармен жұмысының негізгі міндеттері:
–
балалардың отбасыларымен серіктестік қарым-қатынас орнату,
балаларды дамыту және тәрбиелеу үшін күш-жігерді біріктіру; достық
атмосферасын құру;
83
–
ата-аналардың тәрбиелік біліктерін жандандыру; өзіндік педагогикалық
мүмкіндіктерінде олардың сенімділігін қолдау болып табылады.
Ата-аналармен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру кезінде мынадай
қағидаларды сақтау қажет:
-
ата-аналарға және олардың балаларына мейіріммен қарау, ата-
аналардың пікіріне, олардың тәжірибесіне құрметпен қарау, өзінің тарапынан
да, ата-аналардың тарапынан да бір-бірімен қарым-қатынас жасауда пайымды
пікір білдіруге жол бермеу;
-
кәсіби терминологияны қолданбай, психологиялық феномендерді қол
жетімді, түсінікті тілмен сипаттау;
-
нақты балалар, диагностикалық деректер туралы бөгде адамдарға
ешқандай ақпарат бермей, құпиялылық қағидатын сақтау және т.б.;
-
ата-аналардың назарын олардың өзіндік мүмкіндіктері мен
ресурстарына аударту, олардың өздеріне ата-ана ретінде беретін позитивті
бағасын қолдау.
Психикалық дамуы тежелген балаларды қолдау бойынша педагог-
ассистенттерге арналған әдістемелік ұсынымдар
Психикалық дамуы тежелген балаларды педагог-ассистенттердің
сүйемелдеуі арнайы, сонымен қатар инклюзивті оқыту жағдайында да
қамтамасыз етілуі тиіс. Психикалық дамуы тежелген балалардың білім алу
құқығын іске асыру жөніндегі қызметтің басым бағыты олардың жалпы білім
беретін ортада психофизикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі
жағдайлар жасау болып табылады. Білім беру мазмұны оқушылардың
психофизикалық даму ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып
әзірленетін жалпы білім беру бағдарламасымен айқындалады.
ЕБҚ бар балалардың арасында психикалық дамуы тежелген балалар ең
кең таралған топты құрайды, олар біртекті емес және полиморфизммен
сипатталады. Психикалық дамуы тежелген оқушыларды бұзылыстардың көріну
диапазоны әртүрлі болуы мүмкін – жас нормасының деңгейіне жақындатылған
жай-күйден бастап ақыл-ой кемістігі жай-күйіне дейін. Психикалық дамуы
тежелген балаларды педагог-ассистентімен қолдау қажеттілігі де осымен
түсіндіріледі.
Психикалық даму тежелісі – бұл психикалық даму қарқынының баяулау,
көбінесе ол мектепке оқуға келген кезде анықталады және жалпы білім
қорының жетіспеушілігінен, түсініктерінің шектеулі болуынан, ойлау
қабілетінің жетілмеуінен, ойын әрекетінің басымдығынан және зияткерлік
әрекетпен айналысуда қабілетсіздігінен байқалады. Бірақ бұл ретте оларда
байқалатын «жақын даму аймағы» осы бұзылысты ақыл-ой кемістігінен
саралауға мүмкіндік береді
[
30
]
.
Педагогикалық коррекция мен орнын толтыруды болжауға қатысты ең
қолайлысы балаларда эмоционалдық-ерік саласының алғашқы бұзылысымен
байланысты психикалық даму тежелісі болып табылады: психикалық
инфантилизм, астениялық жай-күй, конституционалдық, психогендік және
84
соматогендік жолмен пайда болған аралас спецификалық ауытқулар.
Оқыту мен тәрбиелеу үшін церебралды-органикалық генездің психикалық
даму тежелісі едәуір қиындық тудырады. Бұл тежеліс формасы клиникалық-
психопатологиялық көріністерде көп байқалады, ол орталық жүйке жүйесінің
органикалық зақымдануымен байланысты және педагог-ассистенттің міндетті
түрде қолдауымен ауқымды психологиялық-педагогикалық әсер етуді талап
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |