Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению



Pdf көрінісі
бет37/83
Дата21.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#150271
түріМетодические рекомендации
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83
Көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істеу бойынша педагог-
ассистенттерге арналған әдістемелік ұсынымдар
Көру қабілеті бұзылған балалардың мынадай түрлері бар: 

көрмейтін (соқыр балалар (ең жақсы көретін көздің жітілігі 0,01-ден 0,04 
дейін); 
-
нашар көретін балалар (ең жақсы көретін көздің жітілігі коррекциялау 
кезінде 0,05-тен 0,2 дейін); 
-
қыли және нашар көретін балалар (көру жітілігі 0,3-тен аз). 
Көру бұзылысы кеңістікте бағыт алуды қиындатады, қозғалыс 
дағдыларын қалыптастыруды баяулатады; қозғалыс және танымдық 
белсенділіктің төмендеуіне әкеп соғады. 


80 
Көру қабілеті бұзылған кезде көз арқылы қабылдау қалыпты көретін 
адамдардың қабылдауынан кескіннің толықтығы, дәлдігі және жылдамдығы 
дәрежесі бойынша ерекшеленеді. Тек кейбіреуі, көбінесе объектілердің қосалқы 
белгілері ғана дұрыс көрінеді, осыған байланысты бейнелер бұзылады және 
шынайыға сәйкес болмайды. Нашар көретін адам ақпаратты сезу мүшесімен 
сезіне отырып алса, қалған көру қабілетімен алатын ақпарат толығырақ болады.
Есту анализаторы өте маңызды.
Көру қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру үшін 
айналадасындағы адамдармен белсенді өзара іс-қимыл жасасу қажет және басқа 
анализаторларды ынталандыру есебінен балалардың заттық-практикалық 
тәжірибесінің көп болуы керек.
Көру қабілеті терең бұзылған балалар әңгімелесушінің артикуляциясын 
толыққанды қабылдай алмайды, сондықтан олар сөзді дыбыстық талдау және 
оны дыбыстау кезінде қателерге жиі жол береді. Сөздің дыбыстық құрамын 
меңгерумен және дыбыстардың ретін айқындаумен байланысты қиындықтар
жазбаша тілде де жиі байқалады. Одан басқа, сөз бен заттың сәйкестігі өте жиі 
бұзылады, сөздік қоры өте кедей және сөздердің мағыналарын түсінуде артта 
қалушылық байқалады. Көру қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тіліндегі 
қиындықтарына тілдік емес қатынас құралдарын - ымды, бет қимылын
интонацияны меңгеру және пайдалану ерекшеліктері жатады. 
Көрмейтін (соқыр) және нашар көретін балалар үшін есте сақтаудың 
маңызы зор, өйткені оларға ақпараттың көбін есте сақтауға тура келеді. 
Көру қабілеті бұзылған балаларда оқудың басында оқу мен жазу 
дағдыларын меңгеруде спецификалық қиындықтар туындауы мүмкін. Балалар 
жолдарды көрмейді, сұлбасы ұқсас әріптерді шатастырады, бұл оқу техникасын 
меңгеруге, оқығанның мазмұнын түсінуге кедергі келтіреді. Жазылуы ұқсас 
цифрлардың араласуы есептеу және мысалдарды шешу процесін меңгеруге 
кедергі келтіреді. Оқытудың қарапайым жағдайларында балалар тақтада, 
кестеде жазылғанды көрмейді, олар тез шаршайды және жұмыс қабілеті 
төмендейді. 
Жалпы ұсынымдар 
Көру қабілеті бұзылған балаларға мектеп ішінде жүріп-тұруға, кеңістікте 
бағдар алуға көмектесу керек. Бала мектептің, сабақ өтетін сыныптың, өз 
орнына қайту жолының негізгі бағдарларын білуге тиіс. 
Сыныпта оңтайлы жарық түсетін жұмыс орнын таңдау керек, ол жерден 
бала тақтаны және мұғалімді анық көруге тиіс, мысалы ортадағы қатардың 
бірінші партасы. Өзінің жұмысында сезу және есту мүшелеріне сүйенетін, көру 
қабілеті өте төмен бала осы орыннан естілу дәрежесін ескере отырып, кез 
келген партада отырып жұмыс істей алады. Сыныпта жалпы жарықтандыру 
жоғары дәрежеде қамтамасыз етілуге тиіс (кемінде 1000 люкс) немесе жұмыс 
орнына жарықтандыру кемінде 400–500 люкс. 


81 
Көру қабілеті бұзылған оқушыда, мұғалімнің рұқсатымен, сынып 
тақтасына жақындап келу және онда орналастырылған материалды қарап көру 
мүмкіндігі бар. 
Үйде зерделеу және пысықтау үшін балаларға оқу материалын алдын ала 
беру ұсынылады. Оқушы сабақтардың аудиожазбаларын ала алады. 
Көру жүктемесін нақты мөлшерлеу қажет: 10–20 минуттан көп жұмыс 
істемеу (дәрігердің ұйғарымы). 
Өте ірі және ашық түсті көрнекі құралдарды, ірі қаріптерді пайдаланған 
жөн. 
Комментарийлердің санына назар аудару керек, олар көру бейнелерінің 
жүдеулігі мен сызбасының орнын толтыратын болады (ым мен мимикаға 
сүйенбей, айту, суреттеу, нұсқау дәлдігіне ерекше назар аудару керек). 
Басқа модальдыққа сүйену мақсатқа сай болады. Бала сипап сезу арқылы 
немесе сипап сезіп есту арқылы оқиды, заттарды қолмен ұстап көре алады 
(сабақтың маңызды бөліктерін диктофонға жазып алуға болады). 
Көрнекі және тарату материалы ірі, түсі, контуры, пішіні бойынша жақсы 
көрінетін көлемде болуға тиіс (демонстрациялық материалды олар бір-біріне 
қосылмайтындай, дақ сияқты көрінбейтіндей етіп орналастыру керек); 
Оқушылар қағаздағы сызықтарға қарағанда қиындықтарды сезінуі 
мүмкін, сондықтан оларға сызықтары жуан қағаз беруге болады. 
Кейбір балаларға ұлғайтып көрсететін қосалқы құралдар қажет болуы 
мүмкін: толық парақты ұлғайтып көрсететін немесе сызықтарды ұлғайтатын 
құралдар - бұл құралдар жазуды оқу кезінде пайдалы. 
Компьютерлер көру қабілеті бұзылған және соқыр оқушыларды қолдауда 
маңызды қолдау көрсетеді (принтерден ұлғайтылған көшірмесін шығарып 
алуға, экраннан мәтінді оқуға болады). 
Педагог-ассистент сыныпта болып жатқанның барлығын түсіндіреді. 
Сондықтан баланың бірінші партада отырғаны дұрыс.
Нашар көретін оқушыны қиындықтарды жеңуге психологиялық 
дайындау қажет. Қалған балаларды нашар көретін оқушының ерекшеліктерімен 
таныстыру, мейірімді жағдай жасау және осындай оқушыға құрметпен қарауды 
қалыптастару керек. Алайда, осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған іс-
әрекеттер жақсы ойластырылған және әдепті болуы тиіс, өйткені жаңа 
оқушыны тым асыра қорғаштау онда эгоистік ойды дамытуы, ал айналадағы 
балаларда қамқорсыну қатынасын дамытуы мүмкін.
Мұғалім мен оқушылар нашар көретін баланың жазу және оқу қарқыны 
төмен екенін есте сақтау керек. Осыған байланысты, Брайля құралымен қатар 
диктофондар пайдаланылады, оларға сабақтың бөліктері жазылады. 
Көзі көретін балалардың ұжымында көру қабілеті нашар балаға бірқатар 
ұялшақтық қасиеттерін жеңуге тура келеді, олар кеңістіктен және жаңа 
адамдардан қорқу, өзіне сенбеушілік. Бұл жағдайда оған көмектесу керек, оған 
көшбасшы болуға, мысалы шашкиден немесе шахматтан команда капитаны
әдеби композицияларды, викториналарды жүргізуші болу мүмкіндігін беру 
керек. 


82 
Көтермелеу тәсілі ретінде күлімдеу немесе бас изеу нашар көретін бала 
үшін қолжетімді емес. Одан да иығынан қағу немесе басынан сипау әлдеқайда 
жақсы, ал сөзбен мақтау одан да маңызды, өйткені оны басқа балалар да естиді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет