3-сұрақ: Сүтті бөлме температурасында қалдырсақ (мысалы, 20oC) бірнеше уақыттан соң, ол ашып кетеді. Соған қоса сүтте тығыз түйіршіктер пайда болады.Дана тығыз түйіршектердің неден тұратынын білгісі келеді.
Ол 100 г ақ қаптамадағы және 100 г көк қаптамадағы сүтті 20оС температурада ұстайды. 4 күннен соң екі сүт те ашып кетеді. Ол екі сүтте де тығыз түйіршіктердің бірдей екенін байқады .
Қаптамадағы ақпаратты қолдана отырып, екі тұжырымның қайсысы осы тығыз түйіршіктерге байланысты зерттеуге сәйкес келетінін көрсетіңіз
A) Тығыз түйіршіктер тек майдан тұрады .
B)Тығыз түйіршіктер тек нәруызден тұрады.
C)Тығыз түйіршіктер нәруыз бен майдан тұрады.
D)Тығыз түйіршіктердің май мен нәруызден тұратынын анықтауға болмайды.
4-сұрақ: Сүттің құрамындағы майлар адамға энергия көзі ретінде қолданыла алады.
Сүттің құрамындағы басқа заттар - көмірсу, минерал және су. Осылардың қайсысы адамға энергия көзі ретінде қолданыла алады?
«Иә» немесе «Жоқ» белгілеңіз.
Заттар
Энергия көзі
Көмірсулар
Иә / Жоқ
Минералдар
Иә / Жоқ
Су
Иә / Жоқ
2-тапсырма. «АНТИБИОТИКТЕР» тапсырмасы
ДӘРІГЕРГЕ БАРУ
«Сәлеметсіз бе, дәрігер. Мен Сізге қатты жөтелгендіктен келдім. Мен төрт күннен бері жөтелудемін және күннен күнге жөтел күшеюде. Сіз бұдан 2 ай бұрын осылай жөтел болғанда жазып берген антибиотиктерді қабылдадым, алайда бұл жолы олар маған көмектеспеді».
«Сіз маған келіп дұрыс жасадыңыз. Алайда, сіз өз - өзіңізді емдеуге әрекеттенәп дұрыс жасамадыңыз: антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз ешқашан қабылдауға болмайды. Мен сіздің тамағыңыздың артқы қабырғасынан қақырықты сынауға алып, оны талдауға жіберемін. Осылайша, біз немен айналысатынымызды біліп, мен сізге сәйкес келетін емделу жолын белгілей аламын».