Қорытынды
Білім берудегі нәтижеге бағытталған қазіргі амалдар оқушылардың оқу дайындығына өзгерістер енгізуді талап етеді. Халықаралық зерттеулер кезінде алынған тәжірибені пайдалану қажет. Мақсаттарының талдауы мен өлшеуіштер ерекшеліктері, халықаралық зерттеулер өткізу барысында оқушылармен оқу жұмыстарын жүргізу де ерекше көңіл аударуға қажетті, қазақстандық оқушыларға қиындық туғызатын тапсырмаларды анықтады:
- іс-әрекет амалын анықтауда қай білім саласына жатқызатыны түсініксіз тапсырмалар;
- қосымша ақпаратты енгізуді талап ететін тапсырмалар (сондай-ақ, жағдаят тапсырмасы сипатталған щеңберінен шығып кететін), немесе, қарама-қарсы «Артығырақ» ақпарат пен «Артық» мәліметі бар тапсырмалар;
- «Білу», «Қолдану», «Ойлау» бөлімдеріндегі дәстүрлі емес сұрақтарды түсінбеу;
- ерекше құрылған сұрақтардың бірнеше жауабын ұсыну;
- өзара байланысқан бірнеше сұрақтан тұратын кешенді немесе құрылымдық жобалық тапсырмалар;
- жауаптары бірнеше үлгіде жазылатын (жауапты таңдау, сөзді не санды жазып алу, қысқа не толық негіздеме беру), әртүрлі тақырыпта және форматта берілген, шектеулі уақытта шығарылатын, бір тапсырмадағы жобалық түріндегі көптеген тапсырмалар;
- алған білімдерін пайдалана алмау және күнделікті өмірге тән шынайы, өмірлік жағдаяттарда пайдалана білу;
- кесте, диаграмма, сызба түрінде берілген ақпаратты өзінше түсіндіре алмау, кеңістік көрінісінің жеткілікті дамымағандығы;
- алған пәндік білімдерін кіріктере алмауы.
Сөйтіп, халықаралық зерттеулерді шешетін тапсырмалар бойынша әдістемелік ұсыныстары мен нұсқаулығы, сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытатын тапсырмалар үлгілері бар құрал PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне дайындау үшін пайдалы болар. Әрбір сұрақ-тапсырма үшін оның негізгі сипаттамасы, халықаралық шкала бойынша тапсырмалардың қиындығы көрсетілген. Бұл оқушы қабілетін мектепте оқып жүрген кезінде алған білімін пайдалануға, пәнаралық және практикалы-бағытталған мазмұнды түрлі есептерді шешуге, келешекте әрі қарай оқуға және қоғамда табысты әлеуметтену үшін математикалық және жаратылыстану ғылыми сауаттылығын дамытуға бағытталған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары // Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы. – Астана, 2012. – 19б.
TIMSS-2007 в Казахстане: Национальный отчет об итогах международного исследования //Б.К. Дамитов, С.Ж. Ногайбаланова, А.Ж. Байзакова, Б.Г. Салимова. – Астана: НЦОКО, 2009. – 124с.
Результаты международного исследования оценки учебных достижений учащихся 4-х и 8-х классов общеобразовательных школ Казахстана (TIMSS-2011): Национальный отчет. – Астана: НЦОСО, 2013. – 237 с.
Международное исследование TIMSS»: Методическое пособие. – Астана: НЦОСО, 2012. – 75 с.
Национальный отчет по итогам международного исследования PISA-2009 в Казахстане //Т.М. Амреева, У.М. Абдигапбарова, Ж.Р. Азмаганбетова, Ж.Н. Базарбекова, Н.Т. Байгелова. – Астана: НЦОКО, 2010. – 155 с.
Основные результаты международного исследования образовательных достижений 15-летних обучающихся PISA-2012 //А.Култуманова и др. – Астана: НЦОСО, 2013. – 283 с.
PISA Халықаралық зерттеу: Әдістемелік құрал. – Астана: ҰББСБО, 2012. – 123 б.
Международная программа PISA. Примеры заданий по чтению, математике и естествознанию. – М.: Центр оценки качества образования ИСО РАО,2003. – 99 с.
Ковалева Г.С., Краснянская К.А. Примеры заданий по математике. – М.: Центр оценки качества образования ИСО РАО,2006. – 42 с.
Ковалева Г.С., Кошеленко Н.Г., Краснянская К.А., Смирнова Е.А. «Концептуальные подходы к оценке учебных достижений по математике и естествознанию в международном сравнительном исследовании TIMSS». –М.: ИСМО ЦОКО РАО, 2008. – С.15-23.
Достарыңызбен бөлісу: |