Методические рекомендации по формированию казахстанского патриотизма обучающихся организации образования через программу «ТУҒан жер»



Pdf көрінісі
бет39/115
Дата24.01.2022
өлшемі2,77 Mb.
#129733
түріМетодические рекомендации
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   115
Мектеп сайтынан «Туған жер» айдарын ашу. 
АКТ  мен  интернет  желісін  сауатты  меңгерген  оқушылар  үшін  «Туған 
жер»  айдары
 
қызықты  әрі  маңызды  роль  атқарады.  Білім  алушылар  туристік 
маршурттар,  жаяу,  сумен,  шаңғымен  өлкеге  саяхаттау  жұмыстарынан  алған 
әсерін  бұқарамен  бөлісе  алады.  Білім  алушылар  тарихи  ескерткіштер  мен 
табиғатқа, 
экологиялық 
шаралар 
туралы 
үш 
тілде 
бейнебаяндар, 
презентациялар немесе челлендждерді мектептің сайтына салып сезімін бөлісе 
алады. Бұл білім алушылар арасында туған жер тақырыбында пікірталастыруға, 
зияткерлік  дүниетаным  білдіруге  жағдай  жасайды.  Білім  алушылар  «Туған 
жер» айдарына эсселер, өлеңдер, анимациялық туындылар сала алады.  
Мектеп қоңырауын патриоттық шығармаларға  ауыстыру. 
Мектептің  қоңырауы  –  оның  бойтұмары  десек  те  болады.  Алғашқы 
қоңырау  немесе  соңғы  қоңырау  сыңғыры  символикаға  айналды.  Бүгінгі 
заманауи технологияның көмегімен мектептегі мағынасыз қоңырау шылдырын 
патриоттық  әндерге,  әсем  күйлерге  ауыстырдық.  Білім  алушыларға 
«Атамекен», «Елім менің» тіпті кеңестік кезеңдегі патриоттық әндердің мәтінін 
өзгертіп  тыңдатудың  тәрбиелік мәні  зор.  Үлгі  ретінде  кеңестік  ән нұсқасымен 
марш мәтінін назарға ұсынып отырмыз.
 
Бейбітшілік қолы берік қолда 
Жастар маршы 
Жер шарын мекендеген бүкіл халық 
Біздің ел дәстүрінен қуат алып 
Советтер Одағы боп сүйенері 
Достығын Отанымның отыр танып 
Барлық халық, бақыт үшін 
Тартқан алға, алға! 
Біздің ту - Совет туы, берік қолда 
Партия қайда болса 
Партия қайда болса - жеңіс сонда! 
Береке, бірлігіңмен даңқын асқан 
Қуатты Қазақстан – байтақ Отан 
 
Ғарыштан қол бұлғайды болашақта 
Жасампаз жасұланы самғап ұшқан. 
Барлық жастар, Отан үшін, 
Тартқан алға, алға. 
Біздің ту, достық туы, берік қолда. 
Ерлік қайда болса,  
Елдік қайда болса -  жастар сонда! 
Білім алушылар үлкен қоңырауда 3-4 минут сапқа тұрып осындай әндерді 


67 
 
хормен  орындау  немесе  «қара  жорға»  биін  билеуді  дәстүрге  айналдырса 
мектептің патриоттық деңгейі жоғары болады деп сенеміз.   
Мектеп қабырғасына электронды кітапхана орнату. 
Мектеп  қабырғасына  электронды  кітапхана  орнатудың  пайдасы  зор. 
Мектеп  әкімшілігі  жасөспірімдерді  елжандылыққа  тәрбиелейтін  көркем 
әдебиеттерді  іріктеп  электронды  кітапхана  әзірлегені  дұрыс.  Бұл  кітапхананы 
оқушыларға  ыңғайлы  мектептің  дәлізіне  орнатуды  ұсынамыз.  Оқушылар 
өздеріне қажетті әдебиетті жүктеп алып оқитын болады. Электронды кітапхана 
уақытты үнемдейді, әрі барша оқырманға қол жетімді болады. 
Ұлттық мазмұнда спорттық алаңқай орнату. Күбі, келсап, диірмен т.б.  
Оқушылардың  бос  уақытын,  қоңырауын  тиімді  өткізуге  арналған 
спорттық  алаңқайларға  ұлттық  сипат  бере  аламыз.  Бұл  үшін  жаттығу 
снарядтарын күбі, диірмен, келсап түрінде  жасауды ұсынамыз. Оқушылар күбі, 
келсап,  диірмен
 
механизмдері  бойынша  жасалған  снарядтарда  салауатты  өмір 
салтын  қалыптастырып  қана  қоймай,  ұлттық  дастархан  мәзірінін  қаншалықты 
күшпен  жасалатынын  айтпасақ  та  түсінеді.  Оқушыларды  қызықтыру, 
ынталандыру  мақсатында  мектептегі  «Денсаулық  күні» мерекесінде диірменді 
айналдыру, күбіні пісу, келсапты түю сияқты спорт түрінен жарыстар өткізуді 
ұсынамыз.   
Оқу жылында белсенділік көрсеткен оқушыларды марапаттау.  
Оқу жылының соңында «Туған жер» бағытындағы іс-шараларға белсенді 
қатысқан  оқушыларды,  ата-аналарды,  мұғалімдерді  мақтау  қағазы,  алғыс  хат, 
естелік  сыйлықтармен  марапаттауды  ұсынамыз.  Бұл  шара  өлкетану 
жұмыстарының бұқаралық сипат алуына зор ықпалын тигізеді деп ойлаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет