2.7.
Қосымша білім беру арқылы
патриоттық тәрбие беру
Білім алушыларды әр түрлі мәдени мекемелерге, жергілікті деңгейдегі
тарихи ескерткіштер, қорғауға алынған табиғат ескерткіштеріне апарып
өлкетанулық жұмыстар жүргіземіз. Бұл жұмыстар экскурсия, экспедиция,
маршрут, туристік саяхат, жаяу саяхат, жорық сабақ түрінде өтеді. Яғни,
қосымша білім беру ұйымдары арқылы жүзеге асады. Оқушылар ұйымы,
клубтар, үйірмелер, станциялар, секциялар қосымша білім беру ұйымдарына
жатады. Мұғалім алдымен «Туған өлке» ұғымына қандай аумақты кіргізу
керектігін алдын-ала шешіп алған жөн. Кейбір жағдайларда өлке деп үздіксіз
және нақты бақылау жүргізетін мектептің маңайын айтады. Ал кейбір
жағдайларда бұл ұғымды ауданның немесе облыстың әкімшілік аумағына дейін
кеңейтеді. Көпшілік жағдайда мектеп орналасқан маңайда зерттеу немесе
бақылау жүргізу үшін облыс көлеміндегі мағлұматтарды білу қажет болып
шығады. Сол себепті мектептегі өлкетану жұмысы бұл екі көзқарасты да
қамтуы тиіс. Мектепті қоршаған ең жақын орта бақылаулар жүргізу және білім
беру процесінде қолдану үшін қолайлы, сондықтан өлкетану жұмысын мектеп
орналасқан жерді терең оқудан бастаған дұрыс. Ал мектептен қашықтағы аудан
немесе облыс аумағымен танысу, туған өлкемен танысудың бірізді жалғасы
болуы керек. Өлкетанулық жұмыстар бірнеше бағытта болады:
•
туристік-өлкетанулық;
68
•
экологиялық-биологиялық;
•
көркем–эстетикалық;
•
пәндер бойынша.
•
әскери-патриоттық;
Академия ұжымы алдынғы жылдары әзірлеген ұсынымдарда туристік-
өлкетанулық, экологиялық-биологиялық, көркем–эстетикалық және пәндер
бойынша өлкетанулық жұмыстарды жүргізу механиздерін көрсеткен.
Туристік-өлкетанулық бағыт негізгі бағытқа жатады. Өлкенің тарихы және
табиғатымен таныстыру мақсатында туристік саяхатқа шығуды ұсынамыз.
Өлкетану курсының мазмұнды бөлімдерін меңгеру үшін өлкенің бай
әлеуетін пайдалану қажет. Олар бір-бірін толықтырып отыратын жұмыс түрлері
(тарихи, географиялық, мәдени, техникалық сипатта) болуы мүмкін, мысалы:
1) арнайы тақырыптағы туристік саяхат;
2) мұғалім дайындаған тапсырмаларды оқушылар өз күштерімен орындауы
арқылы, мұғалімнің басқаруымен өткізілетін – экскурсия;
3) жергілікті жердің аумағын таныстыру саяхаты;
4) зерттеу жұмыстарын жүргізу экспедициясы (мұғалімнің басқаруымен
немесе жоғары оқу орындарының ғылыми экспедициясының құрамында).
Жұмыстың бұл түрлері жергілікті материалдарды меңгеру үшін ұсынылады.
Өлкетану мақсатында өткізілетін экскурсиялар барысында негізінен
топографиялық карталар қолданылады, олардың географиялық картадан
айырмашылығы – масштабында. Оларға: 1:25 000 – 1:100 000 масштабына
дейінгі карталар жатады.
Топографиялық картада жергілікті жер шартты белгілермен белгіленеді.
Топографиялық картаның шартты белгілері – бұл графикалық, әріптік және
сандық белгілеудің жүйесі. Олардың көмегімен картада жергілікті жер
нысандарының орналасқан орны көрсетіледі және олардың сапалық, сандық
сипаттамалары беріледі. Ауданның немесе облыстың картасын (ауылдық
жердің планын) қолдана отырып келесі жұмыс түрлерін өткізуге болады:
– картадан өз елді мекенін (жуықтап болсын), ал егер план болса өз
көшесін, мектебін табу;
– картадан және планнан қажетті нүктелерді табу: біздің елді мекеннен
оңтүстік-шығысқа қарай 18 км жердегі елді мекенді көрсет, елді мекенді ата.
Бұл елді мекен несімен әйгілі?
– (атауы) ауылында біздің танымал жерлесіміз дүниеге келген және өмір
сүрген. Бұл ауыл бізден қай бағытта және қандай қашықтықта орналасқан?
Жергілікті жерде бағдарлау дегеніміз – көкжиек тұстарын және қоршаған
жергілікті заттар мен жер бедерімен салыстырғанда, өзі тұрған жерді анықтау,
қажетті қозғалу бағытын таңдау және сол жолмен адаспай жүру. Жергілікті
жерге шолу жасағанда көзге анық көрінетін жергілікті жердегі кез-келген зат
бағдар ретінде қызмет етуі мүмкін. Мысалы: елді мекен, көпір, тау жотасы, өзен
тағы басқа нысандар. Жергілікті жерді топографиялық картамен және картасыз
бағдарлауға болады. Картасыз бағдар жүргізген кезде көкжиек тұстарын
анықтап алу керек. Көкжиек тұстарын компас бойынша, аспан денелері және
69
жергілікті жердегі заттардың кейбір белгілері арқылы анықтауға болады.
Көкжиек тұстарына қарап бағытты анықтау үшін солтүстік бағытын білу
жеткілікті, егер ол анықталса, онда оң жақта шығыс, сол жақта батыс, ал
солтүстік бағытқа қарсы жақта оңтүстік болады.
Түнгі уақытта көкжиек тұстарын Темірқазық жұлдызы арқылы анықтауға
болады. Ол әрдайым солтүстікте болады, ал оны Жетіқарақшы жұлдыздар
шоғыры арқылы тауып алуға болады. Жетіқарақшының екі шеткі
жұлдыздарының (альфа және бета) арасындағы кесіндіні ойша бес рет қосамыз.
Анықталған нүкте Ақбозат-Көкбозат жұлдыздар шоғырына жататын
Темірқазықты көрсетеді.
Оқушылар демалысының қызықты түрінің бірі – жаяу саяхат, ол мектеп
оқушысын халықтың ұлттық мәдени өмірімен, туған өлкенің табиғатының
байлықтарымен, тарихи және табиғи ескерткіштермен таныстырады. Саяхаттың
бұл түрі туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейді, төзімділікке,
ұжым құрамында өзін ұстай білуге үйретеді. Сондықтан саяхаттардың білім
беру-тәрбиелік мәні зор. Өлке аумағына жаяу саяхат жасау уақыты мен
қашықтығына қарай бір күндік немесе бірнеше күндік болады. Бір күндік
саяхаттар негізінен жексенбі күндері, нақты бір тақырыпта өткізіледі. Таңдап
алынған тақырыпқа байланысты бұл саяхаттар оқушылардың географиялық
немесе тарихи, әдеби білімдерін тереңдетуге көмектеседі. Бірнеше күндік
саяхаттар негізінен каникул уақытында ұйымдастырылады. Оған өте жақсы
дайындалу қажет. Бұндай саяхаттың танымдық, қоғамдық пайдалы,
денсаулықты жақсарту сияқты мақсаттары болуы мүмкін.
Қоғамдық пайдалы – өлкетану материалдарын жинау немесе басқа
ұйымдардың тапсырмаларын орындау. Денсаулықты жақсартудың мақсаты
каникул кезінде оқушылар демалып, жаңа күшпен оқуға кірісуді көздейді.
Бірнеше күндік саяхат барысында жүргізілетін жазба жұмысы келесі 7-
кестеде көрсетілген. 7-кесте – Маршрут бойынша жүрудің кестесі.
Күні Маршруттың бағыты, бір
күнде өткен жолдың бөлігі,
жолдағы нысандар
Өлкетану және қоғамдық
пайдалы
жұмыстар
(жүргізілген зерттеулер,
материал жинау)
Топтың
жүрген
жолы
туралы
мектепті хабардар
ету
Түнеу
орны
Туристік маршрутты құруға жорықтың мақсаты (сауықтыру
демалысы, танымдық) негіз болады. Ірі және орта масштабты
топографиялық карталардан оның ұзындығы мен ұзақтығын,
қонатын, тынығатын орындарды анықтайды. Дайын маршрут артық
күшті, қаржыны жұмсамай, мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейіне саяхат сабағына
экскурсиялық маршруттың желісі. 8-кестеде туристік маршрут желісі.
Атқарылатын жұмыстар
Уақыты
Жауапты
1-күн
Мектепте жиналу, тіркелу
08.00 - 09.00
Тараз қаласына келу.
12.00
70
Тараз қонақ үйіне орналасу.
12.00-13.00
Түскі ас
13.00 – 14.00
Тараз қаласының көрікті жерлерін тамашалау.
14.30 – 17.00
Облыстық тарихи-өлкетану музейімен танысу.
17.00 – 18.00
Кешкі ас
19.00 – 19.30
Демалыс уақыты:
1. Тұңғыш президент саябағында серуендеу.
2. Экскурсия күнделігі
3. Экскурсияның маршруттық картасы бойынша ертеңгі
күнді жоспарлау.
20.00 – 22.00
Ұйқыға жату
22.00
2-күн
Таңғы ұйқыдан ояну
07.30
Жуыну
07.30 – 08.00
Таңғы ас
08.00 - 08.30
Көне Тараз қаласының орнымен (Шахристан) танысу,
09.00 – 09.30
Көне Тараз қаласының орнындағы Цитадельмен танысу,
10.00 – 11.00
Көне Тараз қаласының орнындағы музейімен танысу
11.00 - 12.00
Көне Тараз әлеміндегі мұнараға шығып қаланы биіктен
тамашалау,
12.00 - 12.30
Түскі ас
13.00 – 14.00
Қазақ хандығына 550 жылдығына арналған аллеяда
серуендеу.
14.00 – 14.30
Айша бибі, Бабаджа хатун кесенелерінде зиярат жасау
15.00 – 15.30
Шымкент қаласына жолға шығу.
16.00
Мектепте ата-аналардың күтіп алуы және шығарып салуы
18.00
Дереккөз: Түркістан облысы білім басқармасының облыстық жас туристер станциясы
Бірнеше күндік саяхат барысында, түнде ұйықтауға арналған шатыр болуы
шарт. Шатырды орналастыруға арналған жерді таңдау ережелерін білуі керек.
Экскурсия кезіндегі жалпы және қауіпсіздік ережелері.
1. Белгіленген бағдардан шықпауға тырысу және топтан бөлініп кетпеу.
2. Қоршаған ортаны қажетсіз қатты дауыстармен, музыкамен мазаламау.
Өйткені мазасы кеткен аңлар мен құстар өздерінің үйреншікті орындарын
тастап кетеді.
3. Аңдардың індерін, құстардың ұяларын, құмырсқалардың илеуін
бұзбаңдар. Ұядағы жұмыртқалар мен балапандарға тиіспеңдер, бұл олардың
қаза болуына себепкер болуы мүмкін. Құмырсқалар – орманның санитарлары.
Олар бір күнде 70 – 100 мың орман зиянкестерін жояды.
4. Жылан кездесе қалса оған тиіспе. Сонда ол сендерге тиіспейді. Жыландар
өздері бірінші болып шабуыл жасамайды. Жыландар кесілген ағаштың ескі
түбірінде, бұзылған үйлердің үйінділерінде, құздардың шығыңқы жерлерінде
күннің көзіне қыздырынып жатқанды жақсы көреді, сондай жерлерден байқап,
аяқтарыңның астына қарап жүріңдер. Жорғалап келе жатқан жыланды
көрсеңдер жол беріңдер.
71
5. Қоршаған ортаға әрқашан қамқорлық жасауға, флора мен фаунаға зиян
келтірмеуге тырыс.
6. Тамақ қалдықтарын ағаш түбіне жинап қою, олар орман аңдары мен
құстарға азық болады. Қоқысты (қажетсіз заттарды) қалдырмай алып кету
немесе жерге көму. Есте сақтаңдар! Толық шірігенге дейін қағаз қалдығы 2
жыл, қаңылтыр банка – 90 жылдан астам, полиэтилен пакет – 200 жылдан
астам, шыны – 1000 жылдан астам уақыт жатады.
7. Жуынуға, ыдыс жууға арналған құралдарды су қоймасынан 100 метрден
кем емес қашықтықта қолдану. Су қоймасына ешқандай затты төкпеу және
тастамау.
8. Шыны ыдыстарды сындырмау, адамдар не орман жануарлары
жарақаттануы мүмкін және шыны қалдықтары жазда өрттің шығуына себепші
болады.
9. Тамақ пісіруге арналған отты ағаштан, орманнан 1,5 - 3 м қашықтықта
жағу. Егер оттың бұрынғы орны болса, жаңа орын бастамау. От жағатын
алаңқайды кепкен бұтақтардан, жапырақтардан тазарту керек және шөп
өспейтін тақыр жерді таңдаған дұрыс. Отты аз уақытқа болса да қараусыз
қалдыруға болмайды. Үйге кетердің алдында оттың орнына су құю. Тамақ
пісіруге арналып жағылған оттан өрт шығу қаупі шыққан жағдайда оттың
үстіне үлкен зат (мысалы көрпе) жаба салу керек, содан кейін үстінен су құю
керек. Оттан шыққан қара түтінмен демалмауға тырыс. Қою түтін шыққан
жағдайда мұрынды және ауызды ылғалды шүберекпен орап алған дұрыс. Отты
шетінен бастап ортаға қарай сөндіру керек.
10. Әдемілігіне қызығып өсімдіктерді жұлмау, оларды балтамен, үшкір
заттармен шауып-жарақаттамау. Жарақат алған үлкен қайың ағашынан бір
маусым ішінде 200 л шырын ағып кетуі мүмкін. Ағаштардың жарақат алған
діңіне ауру тудыратын организмдер кіреді.
11. Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін
бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта
жүруі тиіс.
Өлкенің табиғат жағдайлары (жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты,
өзендері, көлдері, батпақтары, топырақ және өсімдік жамылғысы, жануарлар
дүниесі) – зерттеудің маңызды бөлігі. Бұл зерттеу жұмыстары бақылау
жүргізетін арнайы стансаларда немесе жергілікті жердің метеорологиялық
стансасында, мектептің географиялық алаңында, арнайы экскурсия, саяхаттарда
жүргізілуі тиіс. Бақылау жүргізілетін стансалар табиғатты бақылауға және
сабақтар өткізуге қолайлы сәйкес құралдар-жабдықтармен жабдықталуы,
сонымен қатар сынып оқушылары толық сиятын алаң, қауіпсіздік ережелері
қарастырылуы тиіс.
Саяхат сабақтарда жаңа технологияларды белсенді қолдануға болады.
Ресурстар ретінде ұлттық әдебиет, кинематография, публицистика, поэзия,
өмірлік ұстанымдары туралы өздерінің эсселерін пайдалану ұсынылады.
Фотосуретке және кинофильмге түсіру – өлкетану зерттеу жұмыстарын
жүргізудегі маңызды құралдардың бірі.
72
Мұғалімге өлкетану туралы бейне материалды іріктеу өте маңызды болып
саналады. Өйткені оқушының өз өлкесі туралы әңгімелеу қабілеті
қызығушылық пен әңгімелеуге негіз болатын жағдай жасалғанда ғана жетіледі.
Сондықтан өлкетану материалын іріктеу барысында келесі себептерді
ескерген жөн:
- берілген материалдың патриоттық маңызын;
- оқушылар үшін материалдың шынайылығын, яғни оқушылар әңгіменің
не туралы екендігін нақты елестете алулары керек;
- ұсынылған материалдың оқушылар үшін қызықты болуы (осы
ақпаратты білгім келіп еді деген талаптың болуы);
- ұсынылған материал туралы ақпараттың толық болмауын (оқушыларды
ізденушілікке ынталандыру мақсатында);
- берілген материалдың бағдарламалық тақырыпқа сәйкестігін;
- тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ата-аналарымен
тығыз байланыстың орнауын.
Мұғалім өлкетану материалының бағдарламаға сәйкестігіне көп көңіл
бөліп, патриоттық тәрбиеге қатысты жағын іріктеп алуы қажет. Сонымен бірге
өз өлкесін білуге деген құштарлықты ояту, оқушының жалпы мәдени деңгейін
көтеруге жағымды ықпал жасайды.
«Жас орманшы», «Жас эколог», «Жас натуралист», «Жасыл патруль»
үйірмелерінің жұмысы, сондай-ақ мектеп оқушыларын табиғат аясына саяхатқа
шығару экскурсиялары да осы міндетті орындауға бағытталған.
Оқушыларды география, тарих, әдебиет, биология, музыка басқа да
пәндерден алған білімдерін кез-келген сабақта, өмірлік тәжірибеде тиімді
пайдалана білуге үйрету керек. Сондықтан, мұғалімнен барлық пәндерден 9-
кестеде көрсетілген сұрақтар дайындап, әрқашан ізденісте болуы қажет.
9-кесте. Пәндер бойынша өлкетануға қатысты сұрақтар үлгісі.
Ұйымдастыру
кезеңі
Экскурсияға дейін оқушылар мынадай практикалық дағдыларды білуі
тиіс:
Экскурсия кезіндегі жалпы және қауіпсіздік ережелерін білу;
Топографиялық картаның шартты белгілерін білу;
Маршрут бойынша жүрудің ережесін білу;
Шатырды орналастыруға арналған жерді таңдау ережелерін білу:
Мақсат,
міндеті
а) Халықтың ұлттық мәдени өмірімен, туған өлкенің табиғатының
байлықтарымен, тарихи және табиғи ескерткіштермен танысу.
Объектілерді және болмыс құбылыстарын бақылау және зерттеу, табиғи
құбылыстарды түсіндіру.
Өлкетану материалдарын жинау.
ә) Туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, төзімділікке,
ұжым құрамында өзін ұстай білуге үйрету.
б) Экскурсия әсемдікті түсінуге, танымға қуануға, қоғамға пайдалы
болуға ұмтылуға тәрбиелеу. Әсерін заманауи технологияларды қолдана
отырып қорғау.
73
в) салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты шыңдау.
Бекіту
Кіріктіру әдістері қолданылады. Нысанның ерекшеліктеріне орай пән
мұғалімдері сұрақтар дайындап, зерттеуге тапсырма береді.
Тарих пәні
бойынша
«Қорық атауы қашан пайда болды?», «Бұл жердің негізін кімдер, қандай
жағдайда қалады?», «Қорық өз дәуірінде қандай оқиғаларды басынан
кешірді?», Олардың даму тарихы қандай болды?», «Қорыққа қатысты
қандай атақты адамдар бар? деген сұрақтарға бірге жауап іздеулері
керек.
География
пәні бойынша
«Қорықта қандай таулар, өзен-көлдер бар?», «Олар қалай пайда
болған?», «Олар қанша жаста?», «Қорықтағы ерекше атаулар қалай
пайда болған?», «Қорықтағы өзен сулар бастауын қайдан алып, қайда
құяды?» деген сұрақтарға жауап іздейді.
Биология пәні
бойынша
«Қорықта қандай өсімдіктер өседі?», «Тек осы қорықта ғана өсетін
өсімдіктер бар ма?», «Дәрілік шөптер кездеседі ме?», «Қорықта жалпы
саны қанша түрлі өсімдік бар?» деген сұрақтарға оқушылармен бірге
жауап іздейді.
Химия пәні
бойынша
«Жезді», «Теміртау», «Хромтау», «Сары өзен», «Ақсу» атаулары нені
білдіреді, топырақ пен судың құрамында не бар? деген сұрақтарға
оқушылармен бірге жауап іздейді.
Әдебиет пәні
бойынша
«Қорық атаулары кімнің, ненің құрметіне қойылған?», «Топономикалық
атаулар туралы қандай аңыз-әңгімелерді білесіңдер?» деген сияқты
сауалдарға бірге жауап іздейді.
Бейнелеу
өнері пәні
бойынша
Оқушылар мәдени-тарихи орталықтар мен музей-қорықтарға саяхат
кезінде жинақтаған материалдарын албомда безендірген кезде, жүрген
жолдың планын сызған кезде бейнелеу өнері мұғалімінің көмегі қажет.
Ол альбомды әдемі безендіруге қажетті пайдалы кеңестер бере алады.
Қорыту.
Экскурсия арқылы бала әртүрлі курстарда оқылып жатқан құбылыс,
зандардың байланысын көреді, оларды қолдануға үйренеді. Мысалы,
жерде жұмыс істегенде өлшеу үшін геометрия заңдарын қолданып,
қарапайым құралдармен жұмыс істеп, сурет салады, көргендерін жазады,
картамен жұмыс істейді.
Үйге
тапсырма
Өздерінің әсерлерін бейнебаян, слайд-презентация, сурет салу,
гербарийлер жасау арқылы білдіру.
Қосымша білім берудің бір бағыты әскери патриоттық клубтар.
Елбасының бастамасымен еліміздегі білім беру ұйымдарында
«Жас сарбаз»,
«Жас жауынгер» әскери-патриоттық клубтары білім алушыларға патриоттық
тәрбие
беру
және
оларды
әскери
қызметке
даярлау
мақсатында
құрылған.
Клубтардың маршы, жарғысы, анты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |