77
ұйымдастырушының қызметі зор. Ол оқу жылында қызықты шараларды
ұйымдастырып оқушының ұлтжандылығын оятуы тиіс. Ол үшін іс-шаралар
заманауи сипатта болғанын басты назарда ұстаймыз. Мұндай шараларға
мерекелік концерт, флешмоб, шеру, республикалық форум, слет, фестиваль,
сайыс, байқау және бұқаралық челлендж, экологиялық шараларға қатысуды
жатқызамыз.
«Экочеллендж» ағылшын тілінен енген сөз. «Шақыру» деген мағынаны
білдіреді. Әлеуметтік желілердегі табиғатты тазалауға шақырған челлендждер
әлемнің кез-келген түкпіріндегі интернет қолданушыны жаһандық қозғалысқа
араласуға үндейді. Оның қарапайым шарты екі суреттен тұрады. Бірінші
суретте қоқысқа толы нысан, екіншісі қоқыстан арылған нысан болуы керек.
Әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар әлеуметтік желілерге фотодерек салуда.
Олар өзен-сулардың, жағажайларды, бұлақтарды, тау бөктерін, көшелер,
ескерткіштер мен тарихи жерлерді қоқыстан арылтып нәтижесін әлеуметтік
желілерде жариялауды жалғастыруда. Қазақстандықтар да жаңа челленджден
қалыс қалмады.
«Экосельфи» байқауын өткізу. Жастар арасында республикалық
байқаудың мақсаты - қоқыс жинау, Instagram әлеуметтік желісінде «бұрын»
және «кейін» фотосуреттерін жариялау арқылы қоғамның назарын экологиялық
мәселелерге аудару. Ең шығармашылық жұмыстар ай сайын сыйлықтармен
марапатталады, ал ерекше жұмыстар эко-сыйлықтармен көтермеленеді.
«Экоқалқан». 1997 жылы ресейдің Санкт-Петербуг қаласы сыртындағы
«Зеркальный» балалардың шығармашылық сарайында пайда болған.
Бастамашылар мектеп мұғалімдері, мектептегі үйірме жетекшілері, қосымша
білім беру ұйымдарының педагогтары, еріктілер қозғалыстары болды.
«Экоқалқан» мақсаты су аймақтарын ластанудан қорғау. Оқушылар мен
олардың ата-аналарының қоршаған ортаға саналы және жауапкершілікпен
қарауын экологиялық акциялар арқылы тәрбиелеу. Белсенді азаматтықты
қалыптастыру, табиғатты қорғау іс-әрекеті дағдылары, құрдастарымен және
ересектермен сындарлы қарым-қатынас тәсілдерін қолдану. Әрі қарай тәжірибе
таратуға қабілетті белсенді жасөспірімдер мен жастардың командасын
қалыптастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: