78
орналасады және ол асфальтталған алаңда оқу-құралдарымен жабдықталған
болуы керек. Оған мыналар жатады:
-
саптық дайындықтан сабақ өткізетін орын;
-
сақшының міндеттерін іс жүзінде үйренуге арналған орын;
-
жабдықталған тактикалық алаң мен ату қалашығы;
-
спорттық шағын қала.
Алғашқы әскери дайындық қалашығын салған кезде, оқу құрал-
жабдықтарының элементтерін қайта құру арқылы тактикалық және атыс
сабақтарына қажет түрлі комбинацияларды құру мүмкіндіктерін қарастырған
дұрыс.
Білім беру ұйымдарындағы ату тирі – бұл кіші калибрлі винтовкадан
нысанды атуға арнайы жабдықталған құрылым. Сабақ кезінде тирде қауіпсіздік
шаралары сақталып, оқушылармен тиісті нұсқаулар жүргізілуі керек. Білім беру
мекемелерінде ату тирінің болуы міндетті емес.
Алғашқы әскери дайындық кабинеті.
1) «
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің нысандары»,
«
Тактикалық дайындық», «Саптық дайындық», «Әскери топография»,
«
Азаматтық қорғаныс» және т.б. стенділер;
2)
оқу құралдары: графикалық көрнекі құралдар, жарғылар, жер бедерінің
макеттері, атқыш құралдар;
3)
Алғашқы әскери дайындық кабинетінде келесі құжаттар болуы қажет:
–
жалпыәскерлік жарғының жинақтары;
–
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ішкі қызметінің
жарғылары;
–
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондық және
қарауылдық қызметінің, тәртіп және әскери саптық жарғылары;
–
атқыш ісі бойынша нұсқау;
–
жастардың алғашқы әскери дайындығының бағдарламалары, оқу-
материалдық базаны және жабдықтарды жетілдіру бойынша ұсыныстар;
–
бастапқы әскери дайындық бойынша оқулықтар;
–
әскери топография, азаматтық қорғаныс және медициналық-санитарлық
дайындық бойынша оқулықтар [11].
Достарыңызбен бөлісу: