Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»


Білім мазмұнын жаңарту аясында «Алғашқы әскери және



Pdf көрінісі
бет43/139
Дата07.02.2022
өлшемі4,97 Mb.
#86094
түріМетодические рекомендации
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   139
Байланысты:
өспе, 1510058388496, jdndLevrJVZFDFgCmGuumdOE1gWTsOjAhhRc4RAJ, Ортопедическая стоматология тесты , 01,03, фитпат 24-29, аза стан тарихы п ні бойынша емтихан с ра тары мен та ырыптары
4 Білім мазмұнын жаңарту аясында «Алғашқы әскери және 
технологиялық дайындық» оқу пәнін оқыту процесін ұйымдастырудың 
ерекшеліктері
 
Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен 
қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталғаны оның ерекше 
өзгешелігі болып табылады.
Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімді функционалдық 
және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын 


86 
жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-
қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс 
істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды 
дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының 
мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де 
жетістігінің кепілі болып табылады [11]. 
 
«Алғашқы әскери дайындық» пәнін ұйымдастыру және жүргізу қағидасы 
1. Бастапқы әскери даярлықты қорғаныс, денсаулық сақтау, ішкі істер 
саласындағы уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 
білім беру саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады және тиесілігіне және 
меншік нысанына қарамастан, білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. 
2. Әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақыру жасындағы 
адамдарды бастапқы әскери даярлауды бағыныстылығына және меншік 
нысанына қарамастан, жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу 
бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік (арнаулыдан басқа), орта 
білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) 10 және 11-сыныптарында, 
бірінші-екінші оқу курстарында бастапқы әскери даярлықтың штаттық 
ұйымдастырушы оқытушылары жүргізеді. Бастапқы әскери даярлық курсы 
аяқталғаннан кейін білім алушылармен мен оқу-жаттығу-далалық (лагерьлік) 
жиындар өткізіледі. 
Бастапқы әскери даярлық: 
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін, мемлекеттің 
қорғаныс негіздерін зерделеу; 
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен 
әскери құралымдарының арналуын, олардың сипаты мен ерекшеліктерін, 
Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиетті міндеті ретінде әскери 
қызметтің мәнін, әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 
жарғыларының негізгі талаптарын түсіндіру; 
3) әскери бөлімдердің қару-жарағымен және әскери техникасымен, жеке 
құрамның орналасуымен және тұрмысымен таныстыру; 
4) қажетті әскери білімдер мен практикалық дағдыларды алу; төтенше 
жағдайларда адамның тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздерін меңгеру 
мақсатында жүргізіледі. 
Бастапқы әскери даярлықты жүргізуді ұйымдастыру 
Бастапқы әскери даярлықты жүргізуді ұйымдастыру кезінде қорғаныс 
саласындағы уәкілетті орган: 
1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті 
әскери басқару және білім беру органдарының жастарды бастапқы әскери 
даярлауды ұйымдастыру және патриоттық тәрбиелеуді қамтамасыз ету 
жөніндегі қызметін тексеруді жоспарлайды; 
2) білім беру ұйымдарында бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыруға 
жәрдем көрсетеді. 
Білім беру саласындағы уәкілетті орган: 


87 
1) 
білім алушыларды бастапқы әскери даярлауды және патриоттық 
тәрбиелеуді үйлестіруді жүзеге асырады оны жүргізуді қамтамасыз етеді; 
2) бастапқы әскери даярлық бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуге, 
оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді, аудио-бейне фильмдерді 
шығаруға жәрдемдеседі; 
3) 
білім алушыларды бастапқы әскери даярлауды жүргізудің және 
патриоттық тәрбиелеудің оң тәжірибесін зерделейді, жинақтайды және 
таратады. 
Ішкі істер саласындағы уәкілетті орган: 
1) адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздерін оқыту бойынша 
басшылық жасауды жүзеге асырады; 
2) білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен 
бірлесіп, «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» курсы бойынша 
бағдарлама бөлімін, сондай-ақ білім беру ұйымдарын азаматтық қорғаныс 
мүлкімен жабдықтау табелін әзірлейді. 
Жергілікті әскери басқару органдары облыстардың, қалалар мен 
аудандардың аумақтарында: 
1) бастапқы әскери даярлық бойынша есептілікті жүргізеді; 
2) білім беру және денсаулық сақтау саласындағы аумақтық органдармен 
бірлесіп, бір жыл үшін бастапқы әскери даярлықты жүргізу қорытындылары 
бойынша жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің жобаларын және жаңа 
оқу жылына арналған негізгі іс-шаралар жоспарларын әзірлейді; 
3) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушылармен үш 
күндік оқу-әдістемелік жиындарын және бір күндік әдістемелік сабақтарды, 
білім беру органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында бастапқы 
әскери даярлықтың жай-күйін зерделеуді ұйымдастырады және жүргізеді; 
4) білім беру және денсаулық сақтау саласындағы аумақтық органдармен 
бірлесіп, оқу-жаттығу-далалық (лагерьлік) жиындарды жоспарлайды және 
ұйымдастырады; 
5) патриоттық тақырыптағы ғылыми-танымдық, хроникалық деректі 
кино, бейнефильмдерді көрсетуді ұйымдастырады; 
6) қорғаныс саласындағы уәкілетті органды және жергілікті атқарушы 
органдарды білім беру ұйымдарындағы бастапқы әскери даярлықтың және 
патриоттық тәрбиелеудің жай-күйі туралы хабардар етеді; 
7) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушылар 
лауазымдарына кандидаттарды тағайындауды және оларды босатуды келіседі; 
8) бастапқы әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған әскерге 
шақырылушылардың тіркеу куәліктеріне тиісті жазбаларды енгізеді. 
Гарнизондардың бастықтары жергілікті әскери басқару органдарымен 
бірлесіп, әскери бөлімдерге, әскери оқу орындарына және жоғары оқу 
орындары жанындағы әскери кафедраларға бастапқы әскери даярлықты, 
жастармен патриоттық және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда және жүргізуде 
көмек көрсету үшін білім беру ұйымдарын бекітіп береді. 


88 
Әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлері, әскери оқу 
орындарының, жоғары оқу орындары әскери кафедраларының бастықтары: 
1) білім беру ұйымдарына бастапқы әскери даярлық және жастарды 
патриоттық тәрбиелеу бойынша ұдайы қамқорлық көмек көрсетеді; 
2) 
жауынгерлік 
даярлық 
үздіктерінің 
жастармен 
кездесуін 
ұйымдастырады, оларды жеке құрамның тұрмысымен, бөлімшелердің қару-
жарағымен және әскери техникасымен таныстырады; 
3) қамқорлық көмек ретінде сабақтарды өткізу үшін офицерлерді, 
сержанттарды (старшиналарды) бөледі; 
4) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушылармен 
практикалық, нұсқау беру-әдістемелік және көрсету сабақтарын өткізуде және 
жастарды патриоттық тәрбиелеуде жергілікті әскери басқару органдарына, 
білім беру саласындағы аумақтық органдарға көмек көрсетеді. 
Білім беру ұйымдарының басшылары: 
1) жастардың бастапқы әскери даярлығын және оларды патриоттық 
тәрбиелеуді ұйымдастыруға және оның жай-күйіне жауап береді; 
2) жергілікті әскери басқару органдарының келісімі бойынша бастапқы 
әскери 
даярлықты 
ұйымдастырушы 
оқытушылар 
лауазымдарына 
кандидаттарды іріктеуді және оларды босатуды жүзеге асырады. 
Бұл ретте, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушылардың 
лауазымдарын оларды запастағы офицерлермен жасақтау мүмкін болмаған 
кезде мамандық бойынша жоғары білімі бар, сарбаздар мен сержанттар 
лауазымдарында әскери қызмет өткерген жақсы даярланған және тәжірибелі 
запастағы сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар (матростар) бастапқы 
әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушылар қатарынан ауыстыра алады. 
Білім беру ұйымдары осы санаттағы бастапқы әскери даярлықты 
ұйымдастырушы оқытушыларды біліктілікті арттыру курстарына жібереді; 
3) оқу үдерісін уақтылы жоспарлауды және ұйымдастыруды, бастапқы 
әскери даярлық бағдарламасын толық және сапалы орындауды қамтамасыз 
етеді; 
4) бастапқы әскери даярлықтың практикалық сабақтарын пысықтау үшін 
бөлме, алаңдар мен орындар бөледі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығымен (нормативтік 
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 7574 тіркелген) бекітілген 
мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік 
білім беру ұйымдарын жабдықпен және жиһазбен жабдықтау нормаларына 
сәйкес оқу-материалдық базаны ұдайы жетілдіруге шаралар қабылдайды; 
5) ұйымдастырушы оқытушыға оқу-әдістемелік көмек көрсетеді, үйірме 
жұмыстарын (факультативті) ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді; 
6) ұйымдастырушы оқытушының бастапқы әскери даярлық бойынша 
сабақтарды өткізуін, білім алушылардың өткен материалды меңгеру сапасын 
бақылайды, оқу жылы ішінде бір реттен жиі емес бастапқы әскери даярлықтың 
және жастармен патриоттық жұмыстың жай-күйін талқылайды; 


89 
7) бастапқы әскери даярлық бойынша оқытудың басталғаны және 
аяқталғаны, взводтар мен бөлімшелер командирлерін тағайындау туралы 
бұйрықтар шығарады; 
8) бағыныстылығы бойынша жергілікті әскери басқару және білім беру 
органдарына бастапқы әскери даярлық және жастармен патриоттық жұмыстың 
жай-күйі туралы есеп берулерді ұсынады. 
Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы: 
1) білім беру ұйымының басшысына бағынады және оқитындардың 
бастапқы әскери даярлығына, сабақтарды өткізу кезінде белгіленген қағидалар 
мен қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына жауап береді; 
2) оқыту уақытында бастапқы әскери даярлық бойынша сабақтарды 
ұйымдастырады және өткізеді және факультативті түрде (сабақтан тыс уақытта) 
әскери іс негіздерін зерделеу жөніндегі үйірмелерге басшылық жасайды; 
3) өзінің кәсіби және педагогикалық білімін жүйелі түрде арттырады, 
әдістемелік дағдыларын жетілдіреді; 
4) білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен бірлесіп, білім 
алушыларды патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүргізеді; 
5) әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою бойынша 
алдын ала жұмысты ұйымдастырады; 
6) жергілікті әскери басқару органдарына әскери оқу орындарына түсу 
үшін жасөспірімдерді іріктеу бойынша көмек көрсетеді. 
Білім беру ұйымының бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы 
оқытушысы білім алушылармен сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие 
жұмысын ұйымдастырушымен (директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі 
орынбасарымен), дене шынықтыру мұғалімімен (дене тәрбиесінің 
жетекшісімен) және сынып жетекшілерімен (өндірістік оқыту шеберлерімен), 
педагогикалық ұжыммен байланыста жұмыс істейді. 
Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушының жұмысы 
сабақ кестесімен, сабақтан тыс уақытта өткізілетін іс-шаралар жоспарымен 
және білім беру ұйымының басшысы бекіткен оның жеке жоспарымен 
регламенттеледі. 
Функционалдық міндеттерімен көзделмеген және жоспармен бекітілген 
бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушының жұмысы әрбір 
жекелеген жағдайда білім беру ұйымының басшысымен келісу бойынша 
орындалады. 
Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы: 
1) бастапқы әскери даярлықтың және «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің 
негіздері» курсының ерекшелігін ескере отырып, оқыту және тәрбиелеу 
мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді; 
2) педагогика, психология негіздерін; 
3) білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау қағидаларын; 
4) еңбек заңнамасының негіздерін; 
5) еңбекті қорғау қағидаларын; 


90 
6) сақтандыру жүйесінің ұйымдық құрылымдарын және төтенше 
жағдайлардағы іс-қимылдарды; 
7) табиғи және экологиялық зілзала, ірі өндірістік авариялар, апаттар 
кезінде халықты қорғаудың, сондай-ақ қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан 
қорғаудың негізгі қағидаттары мен әдістерін; 
8) алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін білуі тиіс. 
Бастапқы әскери даярлық бойынша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу 
Қыздармен білім беру ұйымдарында бастапқы әскери даярлық 
бағдарламасы бойынша сабақтар ұлдармен бірге, «Медициналық білім 
негіздері» бөлімі бойынша бөлек өткізіледі. «Әскери іс негіздері» бөлімі 
бойынша практикалық сабақтарға қыздар тартылмайды. 
Білім беру ұйымында барлық оқу жылына арналған апталық бастапқы 
әскери даярлықтан өту жоспары әзірленеді. 
Бастапқы әскери даярлық бойынша сабақтар жалпы сабақ кестесіне 
енгізіледі және сыныптар мен оқу топтары бойынша өткізіледі. Сыныптар мен 
оқу топтары взводтар деп аталады және үш бөлімшеге бөлінеді. Білім беру 
ұйымы басшысының бұйрығымен оқитындар қатарынан взводтар мен 
бөлімшелер командирлері тағайындалады. 
Білім беру ұйымдарында маңызды саяси оқиғаларды және Қазақстан 
халқының, соғыстар батырлары мен ардагерлерінің жетістіктерін көрсететін 
патриоттық тақырыптағы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, 
басқа да әскерлер мен әскери құралымдарына қатысты өзекті мәселені 
қамтитын материалдар ресімделеді. 
Білім беру ұйымдарында бастапқы әскери даярлықтың толық курсын 
бітірген жасөспірімдердің тізімдері қорытынды бағаларымен жасөспірімдердің 
тіркелген жері бойынша жергілікті әскери басқару органына жолданады. 
Бастапқы әскери даярлық бойынша білім алушылардың білімі басқа 
пәндер сияқты бес балдық жүйе бойынша бағаланады. 
Бастапқы әскери даярлық бойынша оқитындар алған жылдық (курстық) 
бағалар негізінде қорытынды баға (денсаулық жағдайы бойынша бастапқы 
әскери даярлықтан босатылған адамдарды қоспағанда) орта білімі туралы 
аттестатқа, колледжді немесе кәсіптік лицейді бітіргені туралы дипломға, 
дипломға семестрлік және емтихан ведомостарынан үзінді-көшірмеге 
қойылады. 
Білім беру саласындағы аумақтық орган жергілікті әскери басқару 
органымен бірлесіп, бастапқы әскери даярлық және оқитындардың материалды 
меңгеру сапасы мәселелері бойынша білім беру ұйымының жұмысын тексереді 
және бағалайды. 
Білім беру ұйымдарындағы бастапқы әскери даярлықтың, сондай-ақ оқу-
жаттығу-далалық (лагерьлік) жиындарды ұйымдастыру және өткізу жай-күйін 
тексеру нәтижелері бойынша жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу 
бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білімнің 
кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемесінің басшысы 
акт жасайды және тексеруші комиссия мүшелерінің қатысуымен оқу-жаттығу-


91 
далалық (лагерьлік) жиындарды ұйымдастыру мен өткізу бойынша талдау 
жүргізеді [12]. 
Тексеру нәтижелері туралы білім беру саласындағы аумақтық органдар 
орындардағы жергілікті атқарушы органдарды хабардар етеді. 
АӘТД бойынша сабақ взвод командирінің оқушыларды екі қатарлық 
сапқа орналастырып, оқытушы-ұйымдастырушыға сабаққа дайындық туралы 
баяндауымен басталады.
Мәлімдеме жасау түрі мынадай: «Майор мырза, 30 адамнан тұратын 
бірінші оқу взводы алғашқы әскери дайындық бойынша сабаққа сап түзеп тұр. 
Сабаққа келмегендер мыналар: Тәжібаев ауру, Есназаров белгісіз себептермен 
келген жоқ. Взвод командирі Қозыбаев». Оқытушы-ұйымдастырушы 
мәлімдемені қабылдаған соң, саптың ортасына барып, оған үш-төрт адым 
қалғанда тоқтайды және оқушылармен «Саламатсыздар ма, оқушы мырзалар!» 

деп дауыстап амандасады. Оқушылар сәлемдесуге былайша дауыстап және 
үйлесіммен жауап береді: «Саламатсыз ба, майор мырза!». 
Сабақ негізінде сыныпта әрдайым тәртіп пен ұйымшылдық сақталуы 
керек. Оқытушы-ұйымдастырушы білім алушыға назар бөліп сөйлегенде, ол 
білім алушы орнынан жылдам тұрып «Тік тұру» саптық қалпын ұстап, өз аты-
жөнін айтуы қажет.
Егер оқытушы-ұйымдастырушы білім алушыға тегін айтып қараса, білім 
алушы «Мен» деп жауап береді. Отыруға рұқсат алған соң, білім алушы саптық 
тұрысты қабылдап «Құп болады» деп жылдам отырады. Білім алушы оқытушы-
ұйымдастырушыға бір нәрсе айту керек болғанда қолын көтереді. Рұқсат алған 
соң «Тік тұру» қалпын ұстап, тегін айтып өз сұрағын қояды. 
Сабақ кезінде тәртіп сақталып, ұйымдасқан түрде өткізілуі керек. 
Сабақ негізінде сыныпта әрдайым тәртіп пен ұйымшылдық сақталуы 
керек. Оқытушы-ұйымдастырушы білім алушыға назар бөліп сөйлегенде, ол 
оқушы орынан жылдам тұрып «Тік тұру» саптық қалпын ұстап, өз аты-жөнін 
айтуы қажет.
Сабақ аяқталған соң, взвод командирі оқытушы-ұйымдастырушының 
рұқсатымен «Тік тұр!» немесе «Тұрыңдар, Тік тұр!» пәрменін береді. 
Оқытушы-ұйымдастырушы «Оқушы мырзалар, сау болыңыздар!» - деп 
қоштасады. Білім алушылардың барлығы үйлесе «Сау болыңыз, майор мырза!» 

деп жауап қайтарады және «Еркін!» пәрмені бойынша сыныптан шығады. 
Егер сабақ сыныптан тыс жерде өткізілген болса, онда «Еркін, Тараңдар!» - 
деген бұйрық беріледі. 
Білім алушылар сабаққа дайындалып және оқу орны бекіткен киім 
үлгісімен келулері керек. Оларға Қарулы Күштердің киім үлгісін немесе соған 
ұқсас әскери киім үлгілері мен айыру белгілерін тағуға рұсқат берілмейді. 
Жергілікті жерлерде, тирде және аулада өткізілетін тактикалық және атыс 
дайындығы сабақтарына оқушылар жыл мезгіліне сәйкес, бас киім киіп 
келулері керек. Оқушылар жергілікті жерде практикалық әдіс-тәсілдер мен 
әрекеттерді жетілдіруге қолайлы киім киюлері керек.


92 
Алғашқы әскери дайындықтан сабақ өткізетін АӘТД оқытушы-
ұйыдастырушы офицердің және отставкадағы офицердің әскери киім киюі 
міндетті болып саналады. 
Практикалық сабақ басталатын кезде, сабақта өзін ұстау тәртібі мен 
үйретілетін әрекеттерді орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі 
туралы қысқаша мазмұндалып өтеді. 
Оқытушы-ұйымдастырушы сабаққа дайындалған кезде, тақырып пен оқу 
сұрақтарын, оқыту және тәрбиелеу мақсаттарын, оқу сұрақтарын қарастыру 
тәртібін, сабақты материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін және 
бұрын өткізілген материалдардың игерілу деңгейін тексеру шараларын алдын 
ала анықтап алуы керек. Сонымен қатар, тиісті жарғылар мен өсиеттерді, 
оқулықтар мен өзге де әдебиет көздерін оқып, іс жүзінде орындалатын 
әрекеттерді орындап жаттығуы керек, сонымен бірге, оқушылардың өздігімен 
шұғылдануына қажет тапсырмаларды анықтайды. 
Сабақ өткізілетін орын және оның материалдық қамтамасыз етілуі алдын 
ала дайындалады. Практикалық және тактикалық-саптық сабақтарға 
дайындалған кезде, оқытушы-ұйымдастырушы өзінің көмекшілерімен қосымша 
нұсқаулықтар өткізеді, оқушыларға үйретілетін әдіс-әрекеттердің қанадай 
ретпен орындалатынын көрсетеді және сол әдіс-тәсілдерді дұрыс орындауды 
үйретеді. 
Сабақтың жоспарын құрумен, сабаққа дайындалу аяқталады.
Сабақ бір-бірімен үйлесе байланысып жатқан кіріспе, негізгі және 
қорытынды бөлімдерден тұрады.
Сабақтың кіріспе бөлімінде взвод сапқа тұрғызылады, оқытушы-
ұйымдастырушыға мәлімдеме жасалады, білім алушылардың киім үлгілері 
тексеріледі және соған дейін өткізілген оқу материалының игерілу деңгейі 
анықталады. Оқытушы-ұйымдастырушы взводты сапқа тұрғызған кезде, 
олардың сапқа дұрыс тұру үлгілеріне, саптағы тәртіптің сақталуына және орын 
алған кемшіліктерді жоюға назар аударады. Бұрын оқытылған материалдың 
игерілу деңгейін анықтау үшін, білім алушыларға сұрақтар қойылады және 
әрекеттерді орындауларын тексереді. 
Сабақтың негізгі бөлімінде сабақтың тақырыбы мен мақсат-міндеттері 
хабарланған соң, жаңа оқу материалы мазмұндалады және ол бекітіледі немесе 
іс жүзіндегі әрекеттер орындалады. Жаңа оқу материалын бекіту үшін, барлық 
оқу материалын немесе оның негізгі қарастырылған сұрақтарын сұрау, 
тапсырмаларды және іс-әрекеттерді орындау арқылы іске асырылуы мүмкін. 
Үйретілетін іс-әрекеттер әдетте алдын ала анықталған тәртіп бойынша, 
ретімен үйретіледі. Оқытушы-ұйымдастырушы әрекетті тұтастай, үлгілі 
орындап, одан кейін бөлшектеп көрсетеді және көрсетулерді түсіндірулермен 
үйлестіре орындайды. Білім алушылар оқытушы-ұйымдастырушының және 
алдын ала дайындалған көмекшілердің жетекшілігімен көрсетілген тәсілдерді 
алдымен бөлшектеп, содан кейін, оны дұрыс орындағанға дейін жаттығады да, 
ең соңында әрекеттерді тұтастай орындайды. 


93 
Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабақ тұжырымдалып, білім 
алушылардың орындаған әрекеттері бағаланады, берген жауаптары мен 
орындаған әрекеттерінің қателері, дұрыс жауабы мен дұрыс орындалуы керек 
әрекеттер көрсетіледі, үй тапсырмалары беріледі. 
Барлық сабақ түрлері оқушылардың бойында жоғары деңгейдегі 
адамгершілік-ұрыстық сапаларды тәрбиелеуге, олардың өз Отаны алдындағы 
азаматтық борыштарын өтеуге дайын болуға даярлауға, оқытылған тақырып 
көлемінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғы талаптарына 
сәйкес қызмет етуге және әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталуы керек. 
10-
сыныпта оқитын білім алушылардың алғашқы әскери дайындық 
бойынша білім деңгейлері оқу жылының үлгерімінің қорытындысы бойынша 
бағаланады. Оқушылардың сабақ үлгерімдері, басқа пәндерге қойылатын 
жалпы талап негізінде, олардың алғашқы әскери дайындық бойынша білім, 
біліктілік және дағдыларына қарап жүргізіледі. 
Алғашқы әскери дайындықтың бағдарламасының барлық бөлімдері 
оқытылып болған соң, оқушылардың білім деңгейлері мен практикалық 
дағдыларын анықтау мақсатында қорытынды сабақтар өткізіледі және 
қорытынды бағалар қойылады. Ол сабақтарда білім алушылар оқытушы-
ұйымдастырушының тапсырмасы бойынша практикалық әрекет (тәсіл, 
норматив) орындайды және тактикалық немесе атыс дайындығы, жарғылар, 
әскери топография, өмір қауіпсіздігінің негіздері және медициналық білім 
негіздері бойынша сұрақтарға жауап береді. Теориялық біліктілікті тест 
тапсырмалары арқылы орындауға болады. Сонымен қатар, білім алушылардың 
барлығы жеке-жеке саптық тәсілдерді орындайды. Қорытынды сабақта алған 
баға мен жылдық бағаның негізінде, білім алушыға алғашқы әскери дайындық 
бойынша қорытынды баға қойылады. 
Алғашқы әскери дайындық және өмір қауіпсіздігінің негіздерін бойынша 
оқыту және тәрбиелеуге басшылық етуді оқу орнының басшысы іске асырады. 
Ол нақты болуы керек және оқушының алғашқы әскери дайындық бойынша 
берілетін міндеттерін сапалы орындауларын қамтамасыз етуі керек. Алғашқы 
әскери дайындық сабағына жетекшілік етудегі басты қағидалар мыналар: 

жастарды алғашқы әскери даярлауды жан-жақты ойластыру;

алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысының 
әдістемелік шеберлігі жүйелі түрде жетілдіріліп, оған жан-жақты қолдау 
көрсету;

сабақтың өту барысының жүйелі қадағалануы;

оқыту мен тәрбиелеуде алғы тәжірибелерге сүйену және енгізу;

оқу-материал базасын үздіксіз жетілдіру және оқытудың түрлі 
техникалық құралдарын тиімді пайдалану.
Жастарды алғашқы әскери даярлау Қазақстан Республикасының 2012 
жылдың 16 ақпанындағы «Әскери қызмет және әскери қызметші мәртебесі 
туралы» Заңы және 2014 жылдың 19 желтоқсандағы № 606 «Бастапқы әскери 
даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық 


94 
базасын қалыптастыру қағидасы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс 
министрінің бұйрығының негізінде ұйымдастырылады және өткізіледі. [1].
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық процесінде оқушылар 
Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін игереді, ҚР Қарулы 
Күштерінің атқаратын қызметтерін, олардың сипаты мен ерекшеліктерін, 
әскери қызмет ету Қазақстан азаматының құрметті міндеті екендігін ұғынады, 
әскери анттың негізгі талаптарымен, ҚР Қарулы Күштерінің жарғыларымен, 
әскери бөлімнің қарулануымен және әскери техникасымен, жеке құрамның 
орналасуымен және тұрмыс-тіршілігімен танысады; тиісті деңгейде әскери 
білім мен жас сарбазға қажет практикалық дағдыларды, тіршілік қауіпсіздігінің 
негіздерін игереді және жаппай қырып-жою қаруларынан қорғанудың 
дағдыларын бойларына сіңіреді; ұлдар ҚР Қарулы Күштері сапында әскери 
қызметті жоғары деңгейде атқару үшін қазіргі заманғы қарулану мен әскери 
техниканы қолдануды меңгереді.
10-
сыныпта өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технология негіздері 
бөлімінде – азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында 
білім алушылар Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс 
кезіндегі табиғи апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде 
атқарылатын іс-шаралармен таныстырады. 
Технологиялық дайындыққа арналған бөлім жол қозғалысы ережесін 
және автокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізуді зерделеу 11-сыныпта 
қарастырылады.
Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау 
және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген 
қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-
қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім базаларында (әскери бөлім 
басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бес 
күндік оқу-далалық (лагерьлік) жиыны өткізіледі. Далалық жиындарда өткізілуі 
керек сабақтардың тақырыптары Бағдарламаның тиісті бөлімдерінде берілген. 
Оқу-дала жиыны курсы алғашқы әскери және технологиялық дайындық 
бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару 
органдарымен бірлесіп ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының оқу 
сағаттарымен қамтамасыз етіледі. 
Оқушылармен өткізілетін далалық сабақтар төмендегідей ретпен 
өткізіледі: 

барлық немесе бірнеше аудандық (қалалық) оқу орындарының ұлдарын 
қорғаныстық-спорттық лагер базасына жинау немесе әскери бөлімнің 
басшысымен келісе отырып, сол бөлімнің базасында өткізіледі; 

немесе бірнеше оқу орнының ұлдарын тиісті деңгейдегі оқу-материал 
базасы бар оқу орнында жинау; 

немесе бір оқу орнының ұлдарымен өткізіледі. 
Оқу орындарының далалық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу 
тәртібін жергілікті білім беру органдары, жергілікті әскери басқармамен келісе 
отырып анықтайды. 


95 
Далалық сабақтарға қатысатын ұлдар саны 30-дан аспайтын взводтарға 
бөлінеді. Егер оқу орнынан далалық сабақтарға бір мезгілде екі және одан да 
көп взвод болып шығатын болса, онда оқу орны басшысының бұйрығымен 
АӘТД 
оқытушы-ұйымдастырушысына 
көмекші 
ретінде 
мұғалімдер 
тағайындалады 
(әр 
взводқа 
бір 
адамнан). 
АӘТД 
оқытушы-
ұйымдастырушысына көмектесу үшін гарнизон басшысының (әскери бөлім 
командирінің) келісімі бойынша далалық сабақты өткізуге офицерлер, 
сержанттар мен старшиналар тағайындалуы мүмкін.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша сабақ 
ұлдармен және қыздармен бірге, ал медициналық-санитарлық дайындық 
бойынша бөлек өткізіледі. Ұлдар далалық оқу жиындарында жүрген кезде, 
қыздармен өткізілетін медициналық-санитарлық дайындық сабақтары 
денсаулық сақтау мекемелерімен келісе отырып жүргізіледі.
Сыныптан тыс уақытта әскери-спорттық сабақтар апталығы өткізіледі. 
Кем дегенде айына бір рет әскери-оқу және әскери-патриоттық тақырыптағы 
кинофильмдер, сондай-ақ үйірмелер ұйымдастырылады. 
Оқушылармен өткізілетін далалық сабақтар өткізілетін уақыт пен 
орынды, сондай-ақ жеке құрамның орналасуы және тұрмыс тіршілігімен, 
әскери бөлімнің қаруылануы және әскери техникасымен танысу мақсатында 
әскери бөлімге (әскери-оқу орнына) баруды жаңа оқу жылына алғашқы әскери 
дайындық бойынша сабақты жоспарлауға дейін анықтайды және оқу 
орындарының басшыларын хабардар етеді. 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындықты жоспарлау Бағдарлама 
талаптарына сәйкес іске асырылады. Ол АӘТД толығымен және сапалы 
орындауды, бағдарламаның барлық бөлімдерін оқуды, сондай-ақ сәйкес келетін 
тақырыптардың басқа пәндермен тығыз байланысып оқытылуын қамтамасыз 
етуі керек. 
Оқу орнында алғашқы әскери және технологиялық дайындықты өткізудің 
күнтізбелік-тақырыптық жоспары тұтас оқу жылына құрылады және сабақтар 
жалпы кестеге енгізіледі. 
Оқытушы-ұйымдастырушы өзінің практикалық жұмыстарында: 

1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясын; 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан 
Республикасы Заңын;

2007 жылғы 21 наурыздағы Қазақстан Республикасының Әскери 
доктринасын; 
- «
Ұлттық қауiпсiздiгi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-
IV 
Қазақстан Республикасының Заңын; 

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Қазақстан 
Республикасы Заңын; 
- «
Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңын; 
- «
Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ 
оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасы туралы» Қазақстан 


96 
Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606 
бұйрығын; 

«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының 
жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік 
құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші 
куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі 
істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығын басшылыққа 
алады.
Білім мазмұнын жаңарту аясында оқу пәнін оқыту процесін 
ұйымдастырудың басты ерекшелігі жаңа бөлімдерді енгізу: «Әскери роботты 
техникалардың негіздері», «Технологиялық дайындық». Сонымен қатар 
әдістемелік ұсынымдамада «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» 
пәнінің барлық бөлімдеріне арналған тесттік тапсырмалар ұсынылады. 
10-
сыныпта «Әскери роботты техникалардың негіздері» бөлімі 
бөлімшелерге бөлінеді: «Әскери роботты техникалардың негіздері», 
«Роботтарды басқару алгоритмі», «Роботтарға арналған тапсырмалар». 
Бөлімшелер төмендегідей тақырыптарды: 
1) Әскери роботты техникалардың негіздері – Роботтар туралы жалпы 
мәліметтер. Роботтарды әскери істе пайдалануды; 
2) Роботтарды басқару алгоритмі – Роботтың қозғалу траекториясын 
жоспарлау. Роботтар тобын ұжымдық басқару үлгісі және алгоритмдерін; 
3) Роботтарға арналған тапсырмалар – Роботтардың атқара алатын 
қызметтері. Жекелеген тактикалық міндеттерді шешу: жергілікті жерлерде 
бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету тәртібін қамтиды. 
11-
сыныпта «Технологиялық дайындық» бөлімі бөлімшелерге бөлінеді, 
олар: «Дөңгелекті машина жүргізу негіздері және ережелері»; «Автокөлік 
құралын басқару және қозғалыс қауіпсіздігі негіздері»; «Күрделі жол 
жағдайларында көлік құралын басқару»
[13].
«Дөңгелекті машиналарды жүргізу ережесі және негіздері» бөлімше 
төмендегідей тақырыптарды қамтиды: 
1) Дөңгелекті машина жүргізу негіздері және ережелері. Жол 
қозғалысына қатысушылардың міндеттері – Жол қозғалысы Ережелеріндегі 
негізгі түсініктер мен терминдер. Жүргізушілерді, жол жүргіншілері мен 
жолаушылардың міндеттері. Жүргізушінің өзімен бірге болуы тиіс құжаттарды;
2) 
Бағдаршам және жол қозғалысын реттеушінің сигналдары – Бағдаршам 
және жол қозғалысын реттеушінің сигналдары. Арнайы сигналдарды 
пайдалану. Авариялық дабыл және авариялық аялдау белгiсiн қолдану. Маневр 
жасау. Көлік құралдарының жолдың жүріс бөлігінде орналасуын; 
3) 
Қозғалыс жылдамдығы – Қозғалыс жылдамдығы. Қарсы қозғалыс, 
басып озу. Аялдама және автотұрақ. Қиылыстардан өту бағыттары. 
Маршруттық көлік құралдарының аялдамасы және жаяу жүргіншілерге 
арналған жолдарды; 
4) 
Әртүрлі жағдайлардағы қозғалыс – Темір жол өткелдері арқылы өту. 
Автомагистраль арқылы қозғалыс. Тұрғын аудандардағы қозғалыс. 


97 
Маршруттық көлік құралдарының басымдықтары. Дыбыстық сигналдарды 
және сыртқы жарық түсiру құралдарын пайдалануды; 
5) 
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау – Механикалық көлік 
құралдарын сүйреу. Көлік жүргізуді үйрету. Жолаушыларды тасымалдау. 
Жүкті тасымалдау. Велосипедтер, мопедтер, көлік-арбаларының қозғалысы 
және жолмен мал айдауға қойылатын қосымша талаптар. Тірек-қимыл 
аппараты бұзылған адамдардың қозғалысын қамтамасыз етуді; 
6) Жол белгілері – Ескерту белгілері. Басымдық белгілері. Тыйым 
салатын белгілерді;
7) Жол белгілері – Міндетті белгілер. Ақпараттық-нұсқағыш белгілері. 
Қызмет көрсету белгілері (таңбалары). Қосымша ақпарат беру (кесте белгі) 
белгілерін; 
8) Жол таңбасы және оның сипаттамалары – Таңбалардың жіктелуі. 
Көлденең және тік таңбалану талаптарына сәйкес орындалатын 
жүргізушілердің іс-әрекеттері. Жұмыс істеу үшін көлік құралдарының 
рұқсатнамасының негізгі ережелерін; 
 
«Автокөлік құралын басқару негіздері және қозғалыс қауіпсіздігі» 
бөлімше төмендегідей тақырыптарды қамтиды: 
1) 
Сабақтағы қауіпсіздік шаралары. Жүргізушінің жұмыс орнын 
дайындау. Автомобильдің басқару тетіктерімен танысу. Жұмыс істемейтін 
қозғалтқыштың басқару элементтерін әзірлеу. Жағдаяттық міндеттерді шешу. 
2) Қозғалтқышты қосу. Автомобильді орнынан қозғалту, тура жолдағы 
қозғалыс, тежеу және тоқтату. Жағдаяттық міндеттерді шешу. 
3) 
Қисық траекториядағы қозғалыс, маневр. Қосу қорабының қозғалыс 
жылдамдығын ауыстыра отырып жүргізу. Жағдаяттық міндеттерді шешу. 
4) Гаражға кіру. Жағдаяттық міндеттерді шешу. 
5)
Тар кеңістікте бұрылыс. Автомобильді көлік тұрағына қою. 
Жағдаяттық міндеттерді шешу. 
6) 
Эстакадаға кіру. Өрде тұрған автомобильді орнынан қозғау, жүргізу. 
Жағдаяттық міндеттерді шешу. 
«Күрделi жол жағдайында автокөлiк құралын басқару» бөлімше 
төмендегідей тақырыптарды қамтиды: 
1) 
Қозғалысты бастау және жол жиегіне (тротуар жанына) тоқтату. 
Жағдаяттық міндеттерді шешу.
2) 
Қашықтықты сақтай отырып лекпен қозғалу. Жағдаяттық міндеттерді 
шешу. 
3) 
Бір қатардан екінші қатарға өту қозғалысы. Жағдаяттық міндеттерді 
шешу.
4) Реттелмейтін жол қиылысынан өту. Жағдаяттық міндеттерді шешу.
5) Реттелетін жол қиылысынан өту. Жағдаяттық міндеттерді шешу. 
6) 
Басып озу. Жағдаяттық міндеттерді шешу.
 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқыту бойынша 
әдістемелік ұсынымдамада тесттік тапсырмалар материалдары ұсынылған.


98 
Тесттік тапсырмалар материалдары алғашқы әскери және технологиялық 
дайындық пәнінің барлық бөлімдерін қамтиды: 
• Қазақстан Респубикасы Қарулы күштері 

мемлекеттің әскери 
қауіпсіздігінің кепілі;
• Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен 
әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары; 
• Тактикалық дайындық; 
• Атыс дайындығы; 
• Саптық дайындық; 
• Әскери топография; 
• Технологиялық дайындық.
Оқыту-үйрету процесінде тест сұрақтарын қолдану, сабақ уақытын 
үнемдеуді және бір мезгілде көп білім алушыларды қамтуды қамтамасыз етеді.
Тестілеу нәтижелері бойынша қойлатын бағалар:

«үздік» – оқушы берілген сұрақтың 90% және одан да көбіне дұрыс 
жауап берді;

«жақсы» – оқушы берілген сұрақтың 70%-89% дұрыс жауап берді; 

«қанағаттандырылады» – оқушы берілген сұрақтың 50%-69% дұрыс 
жауап берді;

«қанағаттандырылмайды» – оқушы берілген сұрақтың 50% кеміне 
дұрыс жауап берді.
Оқытушы-ұйымдастырушы қажет болған жағдайда ұсынылып отырған 
сұрақтарды түрлендіріп, қорытынды тапсырмаларды басқа нұсқада құруына 
болады. Сонымен қатар оқу бағдарламасы талаптарына қарама-қайшы 
келмейтін қосымша сұрақтар кешенін құруға да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет