Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным программам



Pdf көрінісі
бет10/174
Дата08.02.2022
өлшемі2,02 Mb.
#117393
түріМетодические рекомендации
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   174
Байланысты:
Үйде оқыту
Неліктен біз денелерді көре аламыз, 23 задание семинар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Үйде жеке тегін оқытуға арналған үлгерім журналы 
Үйде жеке тегін оқытуға арналған үлгерім журналы мектептің 
әдістемелік кеңесінде қаралды және талқыланды. Енгізілген 
түзетулерді ескере отырып, ____ жылдың «___» № _____ 
әдістемелік кеңес шешімімен осы құжатты _______оқу жылынан 
бастап қолдану ұсынылды. 
Журнал успеваемости для индивидуального бесплатного 
обучения на дому 
Журнал успеваемости для обучения на домурассмотрен и 
обсужден на методическом совете школы. С учетом внесенных 
изменений, решением методсовета № ____от «___» _______
______г. рекомендовано внедрение данной документации с 
__________ учебного года. 


24 
1.4 Үйде білім беру процесіне қатысушылардың қызметі мен міндеттері
Баланы үйде оқытуды ұйымдастыру мектеп педагогтары мен оқушы ата-
анасының (немесе заңды өкілдердің) қатысуын ғана емес, сонымен қоса 
территориялық ПМПК, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің, 
арнайы білім беру ұйымдарының, әлеуметтік қорғау органдарының және сол 
сияқты басқа да білім беру мекемелері өкілдерінің қатысуын талап ететін 
күрделі және көп еңбекті процесс. Дегенмен, жалпы білім беру 
бағдарламасымен баланы үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша негізгі жұмыс 
білім беру ұйымымен, оның ішінде бала тіркелген жалпы білім беру мектебімен 
жүзеге асырылады.
Жалпы білім беру мектебінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар бала 
оқығаннан бастап мектеп басшыларының, мамандары мен педагогтарының 
арнайы білім беру саласында, соның ішінде балаларды үйде оқыту бойынша 
қосымша кәсіптік құзыреттерді игеруі міндетті болып табылады.
Мектеп басшылығы мен мамандардың (болған жағдайда педагог - 
психолог, әлеуметтік педагог, арнайы педагогтар) ойластырылған өзара 
әрекеттестігі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың оқуы мен 
дамуындағы қиындықтарды еңсеруде бірыңғай тәсілдерді әзірлеу мен іске 
асыруға, олардың отбасына, сондай-ақ үйде оқытылатын білім алушылармен 
жұмыс істейтін мұғалімге көмекті ұйымдастыруға бағытталады. Осындай 
жағдайда команда мүшелерінің өзара әрекеттестігінің негізгі ережелері өзара 
сыйластық, команданың барлық мүшелерінің өзара көмекке дайын болуы, 
нақты педагогикалық міндеттерді шешуде қызметтерді анық бөлу, түзету және 
білім беру процесінде барлық команда мүшелерінің тең дәрежеде қатысуы, 
өзінің және ортақ жұмыстың нәтижесіне жауапкешілік болып табылады.
Тәжірибеде үйде оқыту бойынша оқу-тәрбие жұмысын үйлестіру үшін 
білім беру ұйымымен жергілікті актілер, мысалы, «Үйде жеке тегін оқытуды 
ұйымдастыру туралы Ереже» (бұдан әрі - Ереже) әзірленеді. Ереже үйде оқыту 
процесін ұйымдастыру тәртібін, процесс қатысушыларының қызметтері мен 
міндеттерін және оқыту үшін басқа да жағдайларды анықтайды.
Үй жағдайында оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру процесіне 
мектептің психологиялық-педагогикалық консилиумның, балаларды үйде 
оқытатын мұғалімдер әдістемелік бірлестігінің қатысуын қарастырады.
Мұғалім тұлғасы, оның адамгершілік қасиеттері және оқушыға қарым-
қатынасы баланың табысты бейімделуі мен оқуының негізгі факторы болып 
табылатыны белгілі.
Мұғалім 
оқушы үшін жақын адам мәртебесіне ие болады. Себебі, кейде 
ата-ана мен туыстарға қарағанда артық көретін тұлға болып табылады. 
«Оқушы-мұғалім» жүйесі бала өмірінде басымдыққа ие болады. Тұлғаны 
дамытудағы оның мәні мұғалім өз әрекетінде қоғамның талаптарын іске 
асыратындықтан балаларды «бала - қоғам» қарым-қатынасын шынайы түрде 
қосады. Сабақ өткізу кезінде жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру өте 
маңызды. Ол үшін баланың қуаныштары мен өкініштеріне ортақтасып, сеніміне 
ие болу керек.


25 
Мұғалім әрекетінің негізгі нәтижесі, ең алдымен, табысты жағдайды 
жасау және оны бекіту, оқушыда жағымды өзін өзі бағалауын қалыптастыру. 
Себебі, тіпті бір рет қана сезілген қуаныш, жетістікке жету сезімі бала өмірінің 
ырғағы мен салтын өзгертіп, оны мән-мағынаға толтыруы мүмкін.
Үйде жеке оқыту мұғалімі өз оқушысын мектептегі іс-шараларға 
қатыстырып, мерекелерге алып барады. Балалар қалауы бойынша және ата-
анасының келісімімен қызығушылығына байланысты қосымша сабақтарға, 
арнайы емдік-сауықтыру сабақтарына, мектеп оқушылары шығармашылық 
жұмыстарының көрмелері мен сайыстарына қатыса алады.
Баланы бірінші рет үйде оқыта бастаған мұғалім-педагогтар ұзақ уақыт 
бойы көзге көрінерлік нәтиже ала алмағандықтан еңсесі түседі. Алайда бұндай 
балаға ерекше мұқият қарап, төзімді болған жөн. Баланың оқуға деген аз болса 
да ынтасын мадақтап, мақтау үшін кез келген болмашы себептерді жібермей, 
оқуға деген қызығушылығымен қоса, бұдан да жақсы жасауға ұмтылысын 
ынталандыру қажет. Тапсырмаға жағымды қарым-қатынастың бір түйірін де 
көзден таса қылмай, баланың аз, елеусіз болса да жетістіктерін атап, жағымды 
бағалаған дұрыс [7].
Тәжірибе көрсеткендей, шешімі баланы үйде оқытатын мұғалім-
педагогтан тәрбиелеу мен оқытудың ерекше әдістерін, оның ішінде мүмкіндігі 
шектеулі балалармен жұмыс істеудің психологиялық-педагогикалық білімдері, 
іскерліктер мен дағдыларын меңгеру және белгілі бір дайындық деңгейін талап 
ететін міндеттер туындайды.
Жалпы білім беру бағдарламалары бойынша балаларды үйде оқытатын 
мұғалімдерді оқу жоспарына кіретін пәндерден сағат сандары да 
толғандыратын мәселе. Жалпы білім беру бағдарламасы бойынша үйде 
оқытылатын бала колледж, тіпті ЖОО-ға түсу керек болса, бірақ ата-анасының 
репетитор жалдауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, оған білім алуды 
жалғастыру бойынша жоспарларын жүзеге асыру қиын болады. Мұғалімдер 
ҮОЖ-да пәндер бойынша бөлінген сағаттар кәсіптік оқу мекемелеріне түсуге 
дайындық үшін жеткіліксіз болады деп есептейді [8].
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары 
қызметкерлерінің үлгі штаттары» барлық орта білім беру ұйымдарында 
педагог-психолог лауазымын қарастырады.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарындағы п
едагог-
психолог
оқушылардың психологиялық және әлеуметтік қолайлы жағдайды 
сақтауға бағытталған әрекетті іске асырады. Әр түрлі бейінді және бағыттарда 
психология-педагогикалық диагностика өткізеді. Педагогикалық ұжымның, 
сонымен қатар ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғаларының бағдары 
мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша, білім 
алушылардың тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне психологиялық-
педагогикалық қорытындылар жасайды. Оқушылардың даму дәрежесін 
анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік даму бұзушылықтарын 
диагностикалайды, оларға педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстарын 
жүргізеді. 


26 
Мектептегі педагог-психологтың негізгі міндеттері мұғалімдерге, сынып 
жетекшілерге, мектеп әкімшілігіне үйде оқытылатын бала мінез-құлқының 
қандай да бір ерекшеліктерін, оның себептерін түсіндіру; баламен өзара 
әрекеттесудің белгілі бір тәсілдерін таңдауда көмек көрсету; баланың қоғамда 
бейімделу динамикасын қадағалау; балада және оның ата-анасындағы, сондай-
ақ мұғалім мен сынып оқушыларындағы қандай да бір қиындықтарды ерте 
анықтау болып табылады. Педагог-психолог мектептің психологиялық-
педагогикалық консилиум мамандарымен бірігіп өзінің психологиялық 
зерттеулерінің негізінде:

бала дамуының белсенді деңгейін, жақын даму аймағын анықтайды;

ерік-жігер саласының ерекшеліктерін, балалардың тұлғалық 
ерекшеліктерін, құрдастарымен, ата-аналармен және басқа да ересектермен 
өзара әрекеттесу сипатын анықтай ды;

баламен түзете-дамыту жұмысының бағытын, сипатын және мерзімін 
айқындайды;

бала оқытылатын микроортаны ізгілендіру міндеттерін қояды және 
шешеді; 

мұғалімге және басқа мамандарға үйде оқытылатын баланың ата-
анасымен, сондай-ақ сыныптың басқа да білім алушыларының ата-аналарымен 
сындарлы өзара әрекеттестікті орнатуға көмек көрсетеді;

мұғалімдер мен педагогтардың, басқа да мамандардың, сондай-ақ ата-
аналардың психологиялық біліктілігін арттыруға ықпал етеді; 

мұғалімдер мен педагогтарға, оқушылардың ата-аналарына және т.с.с. 
консультация береді.
Біліктілік талаптары бойынша бастауыш, негізгі орта және жалпы орта 
білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогы білім алушылар мен 
тәрбиеленушілердің 
жеке 
психологиялық-медициналық-педагогикалық 
ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын 
зерделейді, мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, 
тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау 
көрсетеді. 
Әлеуметтік педагог мектептегі кез келген баланың, оның ішінде үйде 
оқытылатын білім алушылардың құқықтарын сақтауды қадағалауды жүзеге 
асырады, білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар мен әкімшілік органдар, 
ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім 
беру ұйымдары арасында байланыс орнатады. Тұлғаның қоғамдағы өмірге 
бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен 
жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, 
тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін 
жүзеге асырады. 
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, 
мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек 
балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша 
тұрғын үймен, жәрдем ақымен, зейнет ақымен қамтамасыз ету жұмыстарын 


27 
үйлестіреді.Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың талантын, ойлау және 
дене мүмкіндіктерін дамыту үшін жағдай жасайды. 
Әлеуметтік педагог әрекетінің маңызды саласы – ерекше білім беруге 
қажеттілігі бар баланың ата-анасына мектеп қауымдастығында, басқа ата-
аналар ортасында бейімделуге көмек беру.
Сондай-ақ әлеуметтік педагог үй және отбасы жағдайында қолайлы және 
кедергісіз орта жасауда, бала туралы керек ақпаратты іздеуде мұғалімдерге, 
мектептің басқа мамандарына көмек бере алады.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептер 
тәжірибесі білім беру ұйымында мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед секілді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет