Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация «Жас Ұлан»



Pdf көрінісі
бет24/81
Дата07.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#90369
түріМетодические рекомендации
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81
Байланысты:
1496062094248 (1)

 
 
 
 
 
 


49 
4. 
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымын дамытуды 
бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдар. 
Балалар ұйымының жұмыс әрекеті бағдарламалық-мақсатты көзқарас 
негізінде жүзеге асырылады. 
Қандай да бір бағдарламаға қатысу жеке тұлғаның белгілі қасиеттерінің 
қалыптасуы мен дамуының сәйкес моделін жүзеге асырады. 
Балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігінің бастамасында салынған 
бағдарламаларының вариативтілігі мүмкіндіктердің алдын алып, әрбір 
бірлестікпен нақты балалар тобының сұраныстары мен қабілеттеріне, 
бірлестіктің және осы ұйымдардың әрекет етіп отырған әлеуметтік ортасының 
шарттарына жауап беретін меншікті жоспарларының әзірленуін белсендіреді. 
Балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспары – қызметтің мазмұнын, 
меңгерілуге жататын білімдердің, біліктердің және амалдарының көлемін, 
сонымен қатар «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар ұйымы республикалық 
қоғамдық бірлестігінің» қызметі туралы Ережемен сәйкес келетін 
бағыттарының мазмұнын анықтайтын құжат. 
«Бағдарлама» грек тіліндегі сөзден шығып, хабарландыру, ұйғарым 
мағынасын береді. Құжат ретінде ол түрлі көзқараспен қаралуы мүмкін [36]. 
Біріншіден, бұл бірлескен әрекеттерді басқаруды тіркейтін құжат. 
Екіншіден, бұл білім берудің басқару (түрлі деңгейдегі) органдарына 
әртүрлі 
мақсаттармен
тапсырылатын ресми құжат:
а) балалар ұйымы ұйымдастырушысының (аға тәлімгердің) кәсіби 
деңгейінің көрсеткіші ретінде; 
б) балалар ұйымы ұйымдастырушысының (тәлімгердің) балалар 
ұжымымен бірлесіп жасаған қызметі мазмұнының сипаты ретінде; 
в) балалар ұйымы ұйымдастырушысының (тәлімгердің) жұмысына 
материалдық-техникалық қамтамасыздықтың қажеттілігіне негіздеме ретінде. 
Бұл талаптар бағдарламалардың барлық түрлеріне, соның ішінде балалар 
бірлестігінің және балалар ұйымының қызметіндегі бағдарламаларға да 
қатысты. 
Бағдарлама 
– 
балалар ұйымының (балалар бірлестігінің) мақсатты дамуын 
реттейтін құжат. Бұл жұмыстың стихиялық дамуына және формализмге қарсы 
құрал. 
Балалар бірлестігіне қатысты тәрбиелік-білімділік бағдарламасы – бұл 
нақты балалар бірлестігінің қызметіндегі мақсаттарды, оларды іске асыру 
құралдары мен жолдарын нақты анықтайтын құжат [12]. 
Түпкі ойы бойынша балалар ұйымының бағдарламасы келесі сұрақтарға 
жауап беретіндей болуы тиіс: 

Балалар ұйымының бастапқы күйі қандай? (шын мәнісінде не бар); 

Балалар ұйымын қандай түрінде көрген қалаулы? (мұрат-мақсаты неде) 

Жұмыстың шынайы күйін өзгертіп, оны мақсатты түріне келтіру үшін 
қандай әрекет жасау қажет? 

Бағдарламалардың қандай түрлері бар? 


50 
Өзінің бағдарлануына қарай бағдарламалар кешенді және бейінді болады.
Кешенді бағдарлама 

Балалар ұйымының (бірлестігінің) көп қырлы қызметінің бағдарламасы. 
Мысалы, «Жас Ұлан» ББЖҰ қызметінің бағдарламасы 7 бағыты бойынша 
жүзеге асырылады. 
Бейінді (мамандандырылған)
– 
бұл қызметінде бір жетекші, басты бағыты 
бар бағдарлама. Мысалы, балаларға арналған «Балдәурен» РОСО-ның
«Көшбасшылар мектебі» бейінді ауысымының бағдарламасы. Осыған ұқсас 
бағдарламалар жиі білім беру мекемелерінде, сауықтыру лагерьлерінде, мекен-
жайы бойынша клубтарда қолданылады. 
Авторлық және бейімделген (шеттен алынған) бағдарламалар. 
Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, қазір 
авторлық бағдарламалар
анағұрлым кең таралған, оларда балалар мен ересектер қауымдастығындағы 
тіршілікті ұйымдастыруға ой, дәстүрден тыс болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет