43
-
ұжымдық
шешімдерді әзірлеу;
-
шешімдердің көп баламалылығы;
-
жалғыз шешімнің түбегейлі болмауы;
-
шешімдерді әзірлеудегі бір мақсаттың болуы;
-
қызметті топтық бағалау жүйесінің болуы.
Case-study әдісінің технологиялық ерекшеліктері:
1.
Бұл әдіс зерттеу аналитикалық технологияның белгілі бір түрін
білдіреді,
яғни
зерттеу
процесінің
операцияларын,
аналитикалық
процедураларды қамтиды.
2.
Case-study әдісі ұжымдық оқыту технологиясы ретінде
әрекет етеді,
оның маңызды компоненттері топта (немесе кіші топтарда) жұмыс істеу және
өзара ақпарат алмасу болып табылады.
3.
Оқытудағы case-study әдісін синергетикалық
технология ретінде
қарастыруға болады, оның мәні топты жағдаятқа ену процедураларын
дайындау, қалыптасқан
тиімді
білімді
көбейту, инсайтқа бөлену,
жаңалықтармен алмасу және т. б. әсерлерін қалыптастыру болып табылады.
4.
Case-study әдісі жеке, оқушылардың топтық және ұжымдық даму,
түрлі тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру процедураларын қоса алғанда,
дамытушылық оқыту технологияларын біріктіреді.
5.
Case-study әдісі жобалық технологияның белгілі бір түрі ретінде
әрекет етеді. Жобалық оқыту технологиясында оқушылардың бірлескен іс-
әрекеті арқылы болған мәселені шешу процесі жүрсе, ал case-study әдісінде
тиімді іс-әрекеттің нұсқаларын түсіну үшін бір уақытта техникалық тапсырма
және ақпарат көзі ретінде әрекет ететін кейс негізінде проблема мен оны шешу
жолдары қалыптасады.
6.
Case-study әдісі «табысқа жету» технологиясының маңызды
жетістіктерін шоғырландырады. Онда оқушылардың әрекетін жандандару,
олардың жетістіктерін ынталандыру, оқушылардың жетістіктерін атап өту
бойынша іс-шаралар қарастырылады. Бұл әдістің негізгі қозғаушы күштерінің
бірі ретінде, тұрақты позитивті мотивацияны қалыптастыру және танымдық
белсенділікті арттыруда жетістікке жету болып табылады.
Case-study әдісінің негізгі функциясы
- оқушыларға аналитикалық жолмен
шешуге болмайтын күрделі құрылымданбаған мәселелерді шешуге үйрету.
Кейс оқушыларды шынайы жағдаяттармен бетпе-бет қалдырып, олардың
іс-әрекетін жандандарады, аналитикалық және коммуникативтік қабілеттерді
дамытады. Case-study әдісін қолдану «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»
пәнінде
кеңінен
қолданылатын
материалды
қарапайым
ұсынуда
артықшылықтарға ие. Алайда, кейстер дәрістерді алмастыра алмайды.
Мәскеудегі американдық бизнес және экономика институтының (AIBEc)
оқытушысы Питер Эксманның айтуынша, барлық уақытты тек нақты
мысалдарды талдауға жұмсауға болмайды, өйткені бұл ұқсас мәселелерді
шешуге стереотиптік, біржақты көзқарасты қалыптастырады және оқушы
жалпылаудың жоғары деңгейіне көтеріле алмайды. Кейстер практикада
44
кәсіпкерлік мәселелерді қалай қолданылатынын көрсетеді; егер теориялық
«толтыру» болмаса, мұндай жаттығулардың айтарлықтай мәні болмайды.
Кейстер сабақтарда қолданылатын тапсырмалардан ерекшеленеді,
өйткені оқытуда тапсырмалар мен кейстерді қолдану мақсаттары әртүрлі.
Тапсырмалар оқушыларға жеке теорияларды, әдістерді, қағидаларды үйренуге
және қолдануға мүмкіндік беретін материалды қамтамасыз етеді. Кейстер
арқылы оқыту оқушыларға түрлі дағдылардың кең жиынтығын алуға
көмектеседі. Кейстерде көптеген шешімдер және оған әкелетін көптеген балама
жолдары бар. Case-study әдісі оқытудың «озық» белсенді әдістерінің біріне
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: