40
Бүгінгі таңда case-study әдісі оқытуда жетекші орындарға ие болды,
шетелдік тәжірибеде бизнес – білім беру белсенді қолданылады және
оқушыларға типтік мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастырудың тиімді
әдістерінің бірі болып саналады. Гарвард бизнес мектебі бизнесті оқытудағы
case-study әдісінің басымдығын сақтай отырып, оқу уақытының 90% - ға
жуығын нақты кейстерді талдауға бөледі. Гарвард әдістемесі бойынша
ситуациялық оқыту – бұл бейнематериалдарды, компьютерлік және
бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып тыңдаушылардың
қарқынды тренингі болып табылады. Гарвардтың немесе кез-келген басқа
бизнес-мектептің студенті орта есеппен өзінің оқу барысында жүздеген
кейстерді «өңдейді». Жыл сайын Гарвардта жүздеген жаңа кейстер, әдістемелік
құралдар шығарылып, кейстер топтамасына толықтырулар енгізіледі.
Жағдаяттық
оқытуды
қолдануда
Солтүстік
Американың
әйгілі
университеттерінің бірі – Батыс Онтарио университеті (Канада) де қолданады.
Case-study әдісі (немесе жиырмасыншы жылдары жазылғандай «қиын
оқиғалар әдісі») өткен ғасырдың 20-жылдарында біздің еліміздегі кеңес
партмектептерінің экономика пәні оқытушыларына белгілі болды. 1926 жылы
қыркүйекте экономика пәні бойынша оқытушылар конференциясы болды, онда
оқытудың түрлі әдістері мен оқыту әдістемесі, соның ішінде жоба әдістері
немесе қиын оқиға әдісін қолдану мәселелері қарастырылды. 1924 жылдың
қазанынан 1925 жылдың қазанына дейінгі кезеңде кеңес партмектептері
оқытушылары Гарвард университеті ұйымының американдық экономикалық
журналдардың бірінде (Harvard Business Review) – қиын оқиғалар әдісімен
танысты.
КСРО-да сase-study әдісін экономика пәні оқытушылары жақсы
түсінгенімен, ол ұзақ қолданылмады. Оған деген қызығушылық ХХ ғасырдың
соңында ғана пайда бола бастады.
Соңғы жылдары ресейлік білім беруді модернизациялау курсына
байланысты Ресейдің Жоғары мектеп жүйесінде оқытудың жаңа тиімді әдістері
іздестірілуде.
Case-study әдісін жоғары кәсіптік білім беру практикасына енгізу
проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады, бұл екі процеске
байланысты:
-
ең біріншісі білім беруді дамытудың жалпы бағытынан туындайды,
оның нақты білім алуға емес, кәсіби құзыреттілікті, ақыл-ой іс-әрекетінің
дағдылары мен біліктілікті қалыптастыруға, жеке адамның қабілеттерін
дамытуға
бағытталған, олардың арасында оқуға, ойлау парадигмасын өзгертуге,
кең көлемде ақпаратты өңдеуге
ерекше назар аударылады;
-
екіншісі маманның сапасына қойылатын талаптардың дамуынан
туындайды, ол бірінші тенденцияның талаптарын қанағаттандырумен қатар,
әртүрлі жағдаяттарда оңтайлы мінез-құлық қабілетіне ие болуы керек, дағдарыс
кезінде жүйелілік пен тиімділікпен ерекшеленуі тиіс.
Қазіргі уақытта оқытудың белсенді әдістері, соның ішінде case-study әдісі
Ресейдің бірқатар жетекші экономикалық университеттерінде экономикалық
41
кадрларды дайындауда кеңінен қолданылады. Экономикалық мамандық
студенттерін оқытуда case-study әдісін қолдану оқытылатын пәндерге
танымдық қызығушылықты арттыруға, экономикалық заңдарды түсінуді
жақсартуға мүмкіндік береді және зерттеу, коммуникативтік, шығармашылық
шешім қабылдау дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Case-study әдісінің
ерекшелігі – нақты өмірдегі фактілерге негізделген проблемалық жағдай жасау.
Case технологиясына негізделген оқу процесі тиімді болуы үшін екі шарт:
жақсы құрылған кейс және оқу процесінде оны қолданудың белгілі бір
әдістемесі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: