Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет3/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130
 
 



 
КІРІСПЕ 
 
Нарықтық  экономика  жағдайында  кәсіпкерлік  –  шаруашылықтың 
маңызды  қызмет  түрі  болып  табылады.  Өз  ісін  ақылмен  саралай  алатын, 
тәуекелге  бара  алатын, басқарушылық,  ұйымдастырушылық  қабілеті бар  және 
алдына  қойған  мақсатына  жете  алатын  адамды  кәсіпкер  деп,  ал  олардың  іс-
әрекеті  кәсіпкерлік  деп  аталады.  Кәсіпкерлік  өз  ынтасымен  тәуекелге  бел  буа 
алатын, жеке табыс пен пайда табуға ұмтылған азаматтардың қызметі. 
Кәсіпкерлік  кез  келген  адам  айналыса  алатын  әрекет  түрі.  Табысты 
кәсіпкер  болу  үшін  білім,  іскерлік,  қабілеттілік,  күш-жігер,  жауапкершілік, 
табиғи  дарын  болуы  керек.  Әйгілі  ғалым  Б.  М.  Теплов  «Әрбір  кішкене 
жұмыстан  түпкі  мақсатқа  жетудің  баспалдағын  көре  білу  –  адамның  идеалы 
болуының ең жақсы көрсеткіші» деген болатын. Басқару саласындағы ірі маман 
Макс  Вебер  бизнесті  ақыл-ойдың  дәнін  себуші  ретінде  бағалаған.  Атақты 
ортағасырлық  араб  ғұламасы  Ибн  Халдун  кәсіпкерлікті  «Адамдардың  өз 
мүмкіндігі  мен  адал  еңбегі  арқылы  молшылыққа  кенелу  іс-әрекеті»  деп 
сипаттады. [1]
 
XX  ғасырдың  1930  жылдарында  кәсіпкерлік  терминін  Австриялық 
экономист Йозеф Шумпетер зерттеген болатын. Ол «Кәсіпкер – бұл жаңа ойды 
немесе өнертабысты жаңа өнімге айналдыратын адам» деп анықтама береді.  
Нақтылай  келсек,  кәсіпкерлік  –  бұл  нарыққа  және  өндіріске  жаңа  тауар 
мен  кәсіпкерліктің  моделін  құрастыруда  туындайтын  шығармашылық  ой. 
Шығармашылық ой динамикалық және ұзақ мерзімді экономикалық өсуге алып 
келеді.  
Президент  Қ.К.  Тоқаев  Қазақстан  халқына  Жолдауында  кәсіпкерлердің 
жаңа  толқынын  қалыптастыру  және  білім  берудің  барлық  деңгейлерінде 
«Кәсіпкерлік  негіздері»  пәнін  енгізу  қажеттілігін  атап  өтті. 
Кәсіпкерлік  жаңа 
инновация арқылы өндіріс мүмкіндігін жоғары деңгейге көтереді. [2]  
Осыған  байланысты  елімізде  кәсіпкерлік  пен  бизнестің  қыр-сырымен 
жастарды  ерте  бастан  баулу,  кәсіпкерлік,  экономикалық  құбылыс,  замануи 
жағдайлардағы  кәсіпкерлік,  маркетинг,  кәсіпкердің  өзін-өзі  жетілдіруі 
мақсатында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні енгізілді. 
«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  оқу  пәні  оқушыларды  кез-келген 
уақытта  өз  бетінше  шешім  қабылдай  алуға,  ізденімпаздыққа,  белсенділікке, 
тәуекелшіл, жігерлілік пен жауапкершілікке жетелейді. 
Оқушы  кәсіпкерлік  пен  бизнестің  мәнін  және  ерекшеліктерін  түсіне 
отырып, бизнеске қатысты  қолайлы жағдайды тиімді пайдалана білу,  уақытты 
пайдалана алу, ерік-жігердің мықты болуы, мақсат қойып, оған жете білу, іске 
бағыттала білу және бастаған істі аяғына дейін беріле істей білетін кәсіпкердің 
маңызды кәсіби қасиеттерін бойына сіңіріп, меңгеруіне мүмкіндік алады. 
Әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге «Атамекен» ҰКП жетекші 
әдіскерлерінің, сарапшылары мен бизнес-жаттықтырушыларының зерттеулері 
мен тәжірибесі енгізілді. 
 
 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет