Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет5/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130
Оқу мақсаттары болашақ жастарды: 

 
өз елінің потриоты және жауапты азаматы болуға; 

 
қоғамның және өз игілігіне өзінің мүмкіндіктерін барынша әсерлі  
пайдалана алуға; 

 
өз бетінше шешім қабылдауда белсенді, ынталы болуға; 

 
дәлелдемелі талдау жасауға және әсерлі ұсыныстарды шынайы, жүйелі  
ойлай алуға; 

 
 өзіндік жеке тұлғасын дамытуға және өздігінен білім алуына, өзін  
өзі тәрбиелеуге бағытталған.. 



 
Оқушыларға  экономика  және  қаржылық  сауаттылық  негіздерін  оқыту- 
қазіргі заманғы оқыту бағдарламасына деген сұраныс, оны жалпы білім беретін 
мектептерге  ендіру,  яғни  экономикалық  тұжырымдамалардың  жиынтығы,  сол 
сияқты осы тұжырымдамаларды оқытудың тереңділігімен анықталады. 
Бағдарлама мектеп тұжырымдамасы экономикалық және қаржылық білім 
берудің  мақсат  және  міндеттеріне  сәйкестендіріліп,  қазіргі  заманғы  қажетті 
экономикалық  және  қаржылық  сауаттылық  бойынша  оқушылардың  бұрынғы 
алған  білімін  заманауи  білімдерімен  ұштастыруын  қамтамасыз  етуге  жағдай 
жасайды. 
Оқу  пәні  инвариантты  компоненттің  стандартты  деңгейіндегі  таңдау 
пәні болып табылады. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін жалпы білім 
беретін мектептердің 10-11 сыныптарында оқыту Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен 
бекітілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асыралады. 
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні кәсіпкерлік саласының негізгі 
ұғымдары  мен  заңдарын  зерделеуге,  білім  алушылардың  іскерлік  ойлауын 
қалыптастыруға,  белсенді  өмірлік  ұстанымды  таңдауға,  қазіргі  жағдайда 
болашақта  өз  бетінше  өмір  сүруге  арналған  дағдыларды  қалыптастыруға 
бағытталған. 
Оқу  материалының  мазмұны  оқу  процесінің  геймификациясы  (ойын 
техникасы) принциптеріне және кейстік жұмысқа негізделген. 
Геймификацияны  (ойын  техникасын)  кеңінен  қолдану  материалды 
түсінуді  жеңілдетіп  қана  қоймай,  сондай-ақ  келешекте  шынайы  жағдайларға 
лайықтауға  болатын  алғашқы  пайдалы  дағдыларды  қалыптастыруға 
бейімделген. 
Кейстік  (жағдаяттық)  оқыту  әдісі  бір  жағдайға  стандартты  емес 
тәсілдемелерді қолданып, креативтілік танытуға шынайы мүмкіндік береді. 
«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  оқулығы  бойынша  оқыту  PBL 
(Project  Based  Learning)  әдістемесі  негізінде  құрылған.  Бұл  термин  «Жобалық 
оқыту» деген мағынаны білдіреді. PBL әдістемесі әр оқушының оқу процесіне 
белсенді қатысуын анықтайды. Бұл ретте мұғалім барлық процесті үйлестіреді, 
бірақ  оқушыларға  шығармашылық  пен  дербес  шешімдер  қабылдау  үшін 
еркіндік  береді,  сонымен  қатар  оқушылар  әр  түрлі  мәселелер  бойынша 
сарапшылардың рөліне еніп, өздерін сынап көреді. 
Әдістеменің  негізгі  ұғымы  –  «Жоба».  Оқушылар  пәнді  оқытудың  11-
сыныбының бірінші және екінші тоқсанында осындай «Жобаны» дамытуы тиіс. 
Алдымен  олар  өз  командасына  мамандарды  тартуға  тырысатын  стартаптың 
негізін  қалаушысы  рөлінде  өзін  елестету  керек.  Содан  кейін  олар  басшылар, 
маркетологтар,  зерттеушілер  сияқты  өз  стартаптарымен  жұмыс  істейтін 
болады.  Оларға  өз  клиентін  зерттеуге,  өз  өнімінің  прототипін  жасауға, 
серіктестерді табуға және т.б. көптеген әрекеттер жасауына тура келеді. 
Оқушылар тапсырмаларды алып, оны орындау уақытын білетін болады. 
Қандай өніммен айналысу керек, оны жылжыту үшін қандай әлеуметтік желіні 
таңдау  қажет,  олардың  бизнесі  үшін  кім  үздік  серіктес  бола  алады.  Осындай 



 
сұрақтарға алдын ала қайсысы «дұрыс» екеніне нақты жауап берілмейтіндіктен, 
мұндай тәсілде «дұрыс-дұрыс емес» позициясының соңғы нәтижесінен бұрын, 
командалық  жұмыс,  команда  мүшелерінің  жобаға  тартылу  дәрежесі,  олардың 
көрсеткен ерік-жігері мен ынтасы, олардың іс-әрекеттерінің жалпы бағыты мен 
қисындылығы бағаланады. 
Нақты мәселеге шоғырлану оқушыларға қысқа уақыт ішінде зерттелетін 
мәселенің көптеген қыр-сырын білуге мүмкіндік береді. Осы әдістеме бойынша 
егер  жұмыс  стилі  және  тәсілін  шектемей,  нақты  нұсқаулықтар,  жұмысты 
бағалау  критерийлері,  шектеулі  уақытты  беру  арқылы  кез  келген  адамды 
белгілі бір жұмысқа дайындауға болады. 
Жобалық  жұмыс  оқушыларға  материалдың  едәуір  бөлігін  қамтуға,  өз 
жобасын  жасау  арқылы  жаңа  білім  алуға  мүмкіндік  береді.  Әдістің 
артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады: 
-
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет