Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет7/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   130
Оқыту міндеттері

-
 
оқушылардың кәсіпкерлік пен бизнестің теориялық негіздерін  
қалыптастыру; 
-
 
оқушылардың жеке қаржылық сауаттылықтың тәжірибелік 
дағдыларын меңгеруі; 
-
 
оқушыларда өз жетістіктері мен өмірлік ұстанымдарына қатысты  
жауапкершілік сезімін қалыптастыру; 
-
 
оқушыларда кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін жүзеге асыру  
мүмкіндіктерін көре білу біліктілігін қалыптастыру; 
-
 
бизнес-идеяларды ойлап табу дағдыларын қалыптастыру және оларды  
кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту; 
-
 
бизнес-модельдеу дағдыларын дамыту және бизнестің өміршеңдігін  
арттыру мақсатында бәсекелестіктің құбылмалы жағдайларына бейімделе білу; 


11 
 
-
 
зерттеу дағдыларын қалыптастыру және заманауи ақпараттық  
технологияларды қолдану. 
Оқу  бағдарламасындағы  оқу  материалдары  оқулықта  сондай-ақ, 
оқушылардың  онлайн  форматта  жұмыс  жасауына  жағдай  жасалып 
құрастырылған.  Бұл  платформа  оқулықпен  тығыз  байланысты:  оқушы  оқу 
материалдарындағы  тақырыппен,  қосымша  материалмен,  оның  ішінде  бейне 
материалдармен танысады, белгілі бір тақырыптар бойынша форумдарда басқа 
оқушылармен  өзара  әрекеттеседі,  өз  жобаларын  жүргізеді  және  отандық 
өндірушілер ұсынған онлайн бөлімдерде тиісті жазбалармен таныса алады. 
«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәнінің  10-сыныпқа  арналған  оқу 
пәнінің мазмұнындағы тоқсанға сәйкес 4 бөлімді қамтиды. [4] 
«Экономикалық  құбылыс  ретіндегі  кәсіпкерлік»  атты  1-бөлім 
оқушыларды  «Кәсіпкерлік  және  бизнес»  пәні  негіздерімен,  қажетті 
терминологиямен  таныстырады,  экономика  және  тұлға  құзыреттілігі  арқылы 
кәсіпкерлік  мәнін  қарастырады,  кәсіпкерлікті  бизнес  терминінен  ажыратуды 
үйренеді.  Бұл  бөлімде  оқушы  пәннің  толық  мазмұнын  түсінеді  және 
кәсіпкерліктің  мәнімен  ажыратады,  өзінің  бүгінімен  болашағы  үшін 
маңыздылығын анықтайды.  
«Замануи  жағдайлардағы  кәсіпкерлік»  атты  2-бөлім  оқушыларды 
кәсіпкерліктің  әр  түрлі  формаларымен  таныстырып,  заманауи  кәсіпкерлікте 
қандай  инновациялар  мен  трендтер  бар  екенін  және  өз  ісін  ашу  үшін  қандай 
қадамдар  жасау  керектігін  біледі,  стартап  ұғымдарымен,  бизнес-
модельдерімен  және  стартап  идеологиясымен  танысады.  Бұл  бөлімде 
оқушылар  бәсекелестіктің  не  екенін  және  бәсекелестік  стратегияларының 
түрлерін, баға қалыптастыру құрылымын сипаттауды, баға саясатының мәнін 
түсінуді және баға стратегияларын ажыратуды үйренеді. 
Сонымен  қатар  ойын  формасы  негізіндегі  теориямен  параллель 
кәсіпорындардың  құрылу  алгоритмі  және  түсінігін  қосатын  компания 
менеджментімен  танысады.  Оқушы  идеяларды  генерациялаудан  бастап 
ұйымдастырылған  компанияны  басқаруға  дейінгі  барлық  кезеңдерден  өтеді, 
креативтілік,  талдау  және  идеяны  құру,  топты,  жарғы,  компания  құрылымын 
құру,  оны  тіркеу  сияқты  және  т.б.  дағдыларды  қалыптастырады.  Оффлайн 
ойындар бақылаушы-қадағалау мемлекеттік органдары және жетекшілер рөлін 
ойнайтын  оқушылар  құрамын  жұмылдыру  арқылы  процесті  симуляциялау 
деңгейінде оқу тобы шеңберінде өткізіледі.  
«Әрекеттегі маркетинг» атты 3-бөлім FMCG секторының нақты жұмыс 
істеп  тұрған  отандық  тауар  өндірушілері  негізінде  тауарларды  жылжыту 
маркетингін  зерделеуді  қарастырады.  Оқушылардың  біріккен  топтары  нақты 
өндірушіні  және  оның  ұсынатын  өнімдері  ішінен  біреуін  таңдайды.  Алынған 
білім  мен  дағдыларды  қолдана  отырып,  оқушылар  жаңа  тауарларды  игеру 
немесе  көлемін  арттыру  мақсатында  өнімді  баламалы  жылжыту  бойынша 
креативті идеяларды қалыптастырады. 


12 
 
Нарыққа  шығу  және  түрлі  бәсекелес  стратегияларды  жүзеге  асырумен 
байланысты  компанияның  сыртқы  экономикалық  қызметімен  танысады. 
Маркетинг  және  экономика  саласындағы  материалдармен  қоса,  оқушылар 
онлайн  ойынның  виртуалды  бәсекелес  ортасына  түседі,  ол  жерде  бір-бірімен 
бәсекелесе отырып, бір өнім түрін ұсынады, мәліметтерді талдау арқылы, түрлі 
маркетингтік қадамдар қабылдайды. 
«Дизайны  ойлау»  атты  4-бөлім  бизнес-шешімдерді  іздеуге  клиентке 
бағытталған  дизайн-ойлау  сияқты  тәсілдің  ерекшеліктерін  қарастырады. 
Тоқсанның  басында  мұғалім  ұсынған  тізімнен  бизнес-мәселені  таңдап,  оқушы 
дизайн-ойлау  әдіснамасын:  эмпатияны,  талдау  мен  синтезді,  идеяларды  ойлап 
табуды,  прототип  жасау  мен  тестілеуді  қолдана  отырып  бүкіл  тоқсан  бойы 
жұмыс  жасайды.  Оқушылар  өндірушілермен  өзара  іс-әрекет  жасауда  және 
жобалау жұмыстарын орындауда нақты тәжірибе алады. Бұл өндіруші үшін де 
тиімді, себебі ол компаниясы туралы ақпараттың жариялануы және өнімдерінің 
бүкіл Қазақстан бойынша тегін жарнамалануына мүмкіндік алады. Ал мемлекет 
экономикасы  үшін  –  бұл  отандық  өндірушіні  қолдау.  Оқушылардың 
біріктірілген топтары нақты бір өндірушіні және оның өніміндегі белгілі өнімді 
таңдайды. Алынған білімді және дағдыларды қолдану арқылы оқушылар өнімді 
қайта  позициялау  баламасы  бойынша  креативті  идеялар  құрады  және  көлемді 
үлкейту  мақсатында  форматты  жылжыту  немесе  нарықтағы  жаңа 
тауашаныжауалап  алады.  Оқушылар  өз  жұмыстарын  Қазақстандық  интернет 
сегментінде өндірушінің ресми хэштегтерімен белгілейді. 
Оқушылар  оқу  порталында  орналасқан  отандық  тауар  өндірушілердің 
тізімінің  ішінен  бүкіл  Қазақстанды  өз  тауарымен  жабдықтайтын  компанияны, 
сондай-ақ  оған  сату  дүкендеріндегі  тауарлар  бойынша  таныс  жергілікті 
компанияларды  таңдауға  құқылы.  Оқушылар  жобалау  жұмыстарын  орындау 
және өндірушілермен қарым-қатынаста шынайы тәжірибеге ие бола алады.  
Тоқсан  қорытындысы  бойынша  тауарлары  жобаға  айналған  отандық 
тауар өндірушілер ең үздік жұмыс байқауын өткізеді және үздік жоба тобының 
оқушылары Қазақстан территориясындағы кәсіпкерлік жазғы демалыс лагеріне 
жолдама ала алады. 
Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбына арналған «Кәсіпкерлік 
және  бизнес  негіздері»  оқу  пәні  басқа  бағыттарға  басымдықтар  бере  отырып, 
оқыту  процесіне  арналған  әдіс-тәсілдерімен  ерекшеленеді.  Академиялық 
білімнің орнына практикалық дағдыларды  алуға  үлкен  назар  аударылады,  бұл 
оқушылармен  өзара  іс-әрекеттің  белсенді  түрлерінің  басым  екенін  көрсетеді. 
Оқыту  процесінің  өзі  Life-long  learning  (өмір  бойы  үздіксіз  оқыту) 
тұжырымдамасына  жауап  беретін  тұрақты  және  тиімді  мінез-құлық  үлгісін 
қалыптастыра алатын табиғи және үздіксіз құбылыс болып табылады. [5] 
Оқу пәнінің 11-сыныптағы білім мазмұны 4 бөлімді құрайды: 


13 
 
«Стартап  акселератор-1»  және  «Стартап  акселератор-2»  атты  алғашқы 
екі  бөлімі  бизнес-моделдеумен  таныстырады,  сондай-ақ  стартап  жобаның 
құрылуы  кезінде  қажетті  болатын  әлеуметтік  дағдыларды  қалыптастырады. 
Оқушы  кәсіпкерлік  білімге  ие  бола  отырып,  өз  бизнес-идеясын 
қалыптастырады  және  оны  бизнес-акселератор  принципі  бойынша  нақты 
бизнеске  айналдыру  үшін  қажетті  құралдарды  меңгереді  және  күнделікті, 
іскерлік, жеке өмірдегі отбасылық-тұрмыстық міндеттерді жүзеге асыру үшін 
қолданылуы  мүмкін  идеяларды  шынайылыққа  айналдыру  тәжірибесіне  ие 
болады. 
«Кәсіпкердің өзін-өзі жетілдіруі» атты 3-бөлімі оқушыларда қаржылық  
сауаттылық  негіздерін  қалыптастыратын  әлеуметтік  дағдыларды  дамытуды 
жалғастырып,  отбасының  жеке  қаржылық  жоспарын  тиімді  үйлестіре  білу 
жолдарын  үйретеді,  банк  жүйесімен  және  халықаралық  нарықпен 
таныстырады.Бөлімнің негізгі ерекшелігі — оқушылар демо-шотты пайдалана 
отырып,  Қазақстанның  қор  биржасының  (KASE)  нақты  мәліметтері  негізінде 
ойын платформасы арқылы инвестициялау дағдыларын меңгереді. Сол арқылы 
талдай  білу  қабілеті  артып,  оқиғалардың  мәнін,  олардың  экономикалық 
көрсеткіштерге ықпалын түсінеді. Аталған жұмыс аналитикалық қабілеттілікті 
дамытады, жағдаяттардың мәнін және олардың экономикалық көрсеткіштерге 
әсер етуін түсінуге үйретеді. 
«Даму  стратегиясы»  атты  4-бөлімі  білімалушылардың  назарын 
нарықтың  даму  болжамдарына  аударады.  Мақсат  қою  дағдыларын, бизнестің 
ауқымымен,  халықаралық  бизнеспен,  жеке  стратегиямен,масштабтаумен 
танысуды  үйретеді.  Қазақстан  өнімінің  халықаралық  нарыққа  шығу 
стратегиясының  жеке  пайымын  қалыптастырады.  Бұл  бөлімде  тұтынушылар 
мен  кәсіпкерлердің  құқықтарын  қорғауға  бағытталған  мемлекет  және 
қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын шаралар кешенімен танысады. 
«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  оқу  пәнінде  бизнес  және 
кәсіпкерлік іс-әрекетті байланыстыратын процестер жайында жеткілікті, толық 
түсінік  алып,  оқушылардың  жалпы  бағдарлама  бойынша  жұмысын 
қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Мектептегі  таңдау  пәнретінде  енген 
«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  оқу  пәніоқытудың  маңыздылығы: 
«Экономикалық  құбылыс  ретіндегі  кәсіпкерлік»,  «Замануи  жағдайлардағы 
кәсіпкерлік», «Әрекеттегі маркетинг», «Ойлау дизайны», «Кәсіпкердің өзін-өзі 
жетілдіруі»,«Даму стратегиясы», «Стартап акселератор» тақырыптары кеңінен 
талданып, оқытылады. 
Сабақ  барысында  оқушылар  бизнес  жүргізуде  түрлі  жағдаяттардың 
шешімін  табуға  тырысады.  Коммуникациялық  машықты  арттыратын 
іскерлікке  баулу  бизнес-ойындар  мен  жаттығулар  оқушыларға  ерекше  әсер 
қалдырады.  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  оқу  пәні  арқылы  жоғары 
сынып  оқушылар  дұрыс  шешім  қабылдаудың  маңыздылығы  мен  алдында 
тұрған  жауапкершілікті  түсінеді.  Үлкен  өмірге  қадам  басып,  болашақ 
мамандықты  дұрыс  таңдау  жасауына  көмектеседі.«Кәсіпкерлік  және  бизнес 


14 
 
негіздері»  оқу  пәні  уақытты  бағалау,  көшбасшылық  машықтарды  игеру, 
маркетингтік талдау жүргізу, жобаға бизнес-жоспар жазуды үйретеді.  
 
«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәні  кәсіпкерлік  қызметтің  негізгі 
ұғымдарымен таныстыруды, өз әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін 
құзіреттілікті дамытуды, сондай-ақ келешекте өз бизнесін құру және оны тиімді 
басқаруды қарастырады.   
«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  оқу  курсы  келесі  қағидаттарға 
негізделген:  
-
 
модульдік тәсілдеме 
-
 
білім берудің түйін нәтижелеріне акцент қою  
-
 
теорияның тәжірибемен байланысы  
-
 
оқушыға бағытталған интерактивті білім беру  
-
 
кәсіби біріктіру перспективасы  
-
 
гендерлік теңдік 
Пәннің  миссиясы  келесі  құзіреттіліктердің  дамуына  ықпал  ететін 
кәсіпкерлік парадигманы құру:  
-
 
Білім
 – жеке, кәсіби немесе кәсіпкерлік қызметтегі мүмкіндіктерді  
көрсетуге жеткілікті және қажетті білім беру. Адамдардың шынайы қоғамдағы 
өмір сүру ортасы және жұмысымен таныстыру. Кәсіпкерлік саласындағы білім 
заманауи деңгейде даярлануы керек.  
-
 
Дағды
 – өз бойына менеджмент саласының дағдыларын жинаған  
(мысалы, басқару және делегациялау, тиімді жоспарлау, анализ, сендіру, топта 
жұмыс  істей  білу,  бағалау  және  тіркеу)  тиімді  тұлғалар  концепциялары 
негізінде құралады. Сондай-ақ білім беру курсы аясында адамдардың алдында 
сөйлей  алу  дағдылары,  өз  бойындағы  күшті  және  әлсіз  жақтарын  табу, 
тәуекелді бағалау және жауапркершілікті қабылдау.  
-
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет