19
Кәсіпкерлік академиялық тұрғыдан емес, әрекет ету арқылы үйретуге
бағытталған. Сондықтан оқулықтағы теориялық материалдың үлесі жалпы
көлемнің 30%, ал, қалған бөлігі практикалық тапсырмалар, тақырыптық
ойындар және т. б. құрайды
Оқу бағдарламасында коучинг әдісі қолданылады, ол оқушыларға
үлкендердің кәсіпкерлік пен бизнестің дұрыстығы немесе қателігі, өзектілігі
немесе немқұрайлылығы туралы субъективті, авторлық пікірін күштеп игеруді
емес, керісінше оқушының пәннің мәнін түсінуін және оған жеке көзқарастың
қалыптасуына байланысты өз таңдауы арқылы психологиялық жауапкершілікті
қабылдауды қамтиды.
Кәсіпкерлікті экономикалық құбылыс ретінде ғана емес, сонымен қатар
жеке тұлғаның құзыреттілігі ретінде қарастыратындықтан, тренингтік оқыту
форматын да қолданылды. Ол дағдыларды игерудің жоғары интерактивтілігін
қамтамасыз ету мақсатында біріктірілген, бұл пәннің негізгі мақсаттарымен
қатар мамандандырылған білімді қолдану дағдыларын (hardskills) алуға,
сонымен қатар оқушыларға көрінбейтін, тиімді тұлғаның әлеуметтік
дағдыларын (softskills) қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл жасөспірімдерді
өмірге дайындайды және қоғамда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге
жақындатады (мақсатты дұрыс қою, идеяларды қалыптастыру, идеяны
тыңдаушыға жеткізу, тиімді командалар құру және т.б.). Сонымен қатар,
мектеп бітірген кезде жасөспірім қалаған қызмет саласын нақты түсініп,
мамандықты саналы түрде таңдайды деп болжам жасауға болады.
Геймификация принципін (ойын техникасы) кеңінен қолдану материалды
қабылдауды жеңілдетуге ғана емес, сонымен қатар кейінгі өмірде нақты
жағдайларды масштабтауға болатын белгілі бір пайдалы бастапқы дағдыларды
дамытуғабағытталған.
Кейс (жағдаяттық) оқыту әдісі де процеске біріктірілген, өйткені ол
плюрализмге (көптеген пікірлер), шығармашылықтың көрінісіне, сол жағдайға
бейстандарттық көзқарастарға нақты мүмкіндік береді.
Сонымен, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бағдарламасын
оқытуда жаңартылған білім берудің заманауи оқыту әдістерін кеңінен
пайдаланған жағдайда ғана жоғары жетістікке жетуге болады. Әдістемелік
ұсынымдаманың екінші бөлімінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні
бойынша оқытудың жаңартылған әдіс-тәсілдері мен формаларын қарастыратын
боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: