16
технологияларды қолдану, логикалық және сыни ойлауды қалыптастыру
бойынша негізгі нақты қолданбалы дағдыларды игереді. Оқыту шеңберіндегі
ойын процестері виртуалды кеңістіктегі нақты уақыттағы онлайн-өзара
әрекеттесуді де қамтиды.
8.
Мәдениетаралық өзара қарым-қатынас құзыреттілігі
– бағдарлама
шеңберінде халықаралық бизнес пен стратегиялар, сондай-ақ оны қолдану
кезінде халықаралық мысалдар пайдаланылды. Бұл оқушыға бүкіл әлемге
танылған мәдени ұлттық құндылықтармен және жалпы адамзаттық
құндылықтармен танысуға және байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл
мәдениетаралық кеңістікке жақындасу мен кірігу, құндылықтардың
ортақтығын түсіну және сонымен бір мезгілде өз бірегейлігін түсіну процесіне
әкеледі, өзінің түп тамырын, мәдени негіздерін, отбасылық және қоғамдық
дәстүрлерін іздеп, оны қабылдауға әкелуі тиіс.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқулығын құрастыру барысында
қолданылған критерийлер:
Ақпараттылық –
оқулықта әр тақырып бойынша ақпарат терең іріктеліп
және жинақталып құралған. Қосымша мәліметтер ұсынылған.
Көрнекілік –
оқулықт толықтай құнды ақпараттармен толықтырылған
суреттер,
графикалар, кесте және т.б. енгізілді.
Түсініктілік –
оқулық тілі оқушыға түсінікті, анық,практикамен
байланыс сақталған. Соның ішінде көптеген терминдер және ұғымдар олардың
өмір сүріп жатқан шынайы өмірімен байланысты. Мысалы, оқушыға «Вайн»
деген не екенін және «вайнерлер» деген кім екенін түсіндіру қажет емес. Мұнда
оқытушылардың өздеріне, керісінше заманмен қатар жүруді үйренулері керек;
Ғылымилық –
базалық ғылыми жаңалықтар енгізілген және қолданбалы
ғылымдарды зерттеуге және ашу үшін сілтемелер жасалған Белгілі пікір
ұсынылған жағдайда, оқулық мәтінінде бар альтернативті пікірлер және
позициялар көрсетіледі;
Өзектілік –
аталған оқулықтың ерекше сипаты.
Оқулыққа арналған
материалдар нарық «алаңынан» тікелей краусорсинг арқылы жиналған және әлі
де жиналуда. Осы шақтағы компаниялардың шынайы кейстері, мамандармен
бүгінгі шынайылықтан алып жазған білімдері және әдістемелері - осының
барлығы оқулықтың өзектілігін көрсетеді;
Қызықтылық –
мысалдар шынайы оқиғалардан, өмір жағдайларынан
алынды, оқушылардың тілінде сөйлеу арқылы олардың қызуғышылығын ояту;.
Логикалық –
материалдардың ретпен берілуінде және әр тақырып бірінен
кейін бірі туындай отырып байланысқан. Мысалы, материалда, кәсіпкерлік
жолына жаңадан түскен Әмірдің бизнестегі оқиғасы пайдаланылған,
кәсіпкерлікті ашуының себеп-салдарына байланысты қамтамасыз ете отырып,
оның орындау әрекеті ретпен беліленген.
Іскерлік –
оқулықтың екінші жарқын сипаты. Оқулықтағы материалдар
әртүрлі стартап акселераторлардың оқыту тәжірибесімен үйлесуі, онда адамдар
курста білім алып, жай бизнес идеядан бірінші келісім-шарт немесе
инвестицияға дейінгі барлық кезеңдерді өтеді.