Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»


 Оқу процесінде геймификация әдісін қолдану ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет32/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   130
2.5. Оқу процесінде геймификация әдісін қолдану ерекшеліктері 
 
Геймификация 
–  бұл  салыстырмалы  түрде  жаңа  әдіс,  сондықтан  ол 
жеткіліксіз  зерделенген,  сонымен  бірге  кең  білім  беру  әлеуетіне  ие.  Ол  адам 
өмірінің әртүрлі салаларына қатысуы мүмкін, бірақ соңғы онжылдықта ол орта 
мектепте  сабақ  өткізудің  ең  перспективалы  инновациялық  тәсілдерінің  бірі 
ретінде қарастырылады. 
Геймификация  –  бұл  ойын  емес  контексте  ойын  элементтері  мен  ойын 
принциптерін қолдану. 


64 
 
«Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  оқулығында  10-сынып  үшін 
«Көбелек эффектісі»,  «Egg drop»,
 
«Жоба үшін шайқас», «Інжу сату» және т.б. 
сияқты  бірқатар  ойындар  ұсынылған.  Мұғалім  белгілі  бір  тақырыптарды 
түсіндіруде  жаңа  дағдыларды  меңгерту  үшін,  сыни  ойлауды,  жаңа 
тәсілдемелерді оқыту әдісінің практикалық бағытын қолдана алады.  
Б.З.  Зельдовичтің  пікірінше,  ойындар  жаңа  материалды  игерудің  және 
оқушылардың өзіне рефлекция жасаудың тиімді құралы бола алады.[15]. 
Белгілі  бір  өндірістік  жағдайларға  қатысуды  модельдеуде  ойын  әрекеті  
оқушыларды  ойлауға,  алған  білімдерін  біріктіруге,  шындыққа  жақын белсенді 
оқу-ізденіс  жұмыстарына  итермелейді.  Осылайша,  бизнес-ойындарын  қолдану 
теориялық  және  практикалық  ережелердің  зерттеу  тәсілдемесін  меңгеруді 
қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Іскерлік  ойынға  қатысушылардың  ойын  рөліне 
байланысты  әртүрлі  қызығушылықтары  туындайды.  Мысалы,  біреуі  бөлім 
маманы, ал екіншісі –бас директор. Келесі іскерлік ойында біреуі несие беруші, 
екіншісі  несие  алушы  және  т.б.  рөлінде  әрекет  етеді,  нәтижесінде 
қатысушылардың  әрқайсысы  бірдей  іскерлік  мәселелерді  өзінің  жеке 
позициясынан шешеді. 
Сонымен  бірге,  адамдардың  тұрмыстық  іс-әрекетті  алдын-ала 
анықтайтын  объективті  экономикалық  заңдылықтардың  әсерінен  олар  бір 
шешімге  келіп,  мәмлеге  келуге  мәжбүр.  Мұның  бәрі  экономикалық  пәндерді 
оқытудың кез-келген басқа әдістемелерге қарағанда оқушыларға экономикалық 
өзгерістердің  мәнін  түсінуге  көмектеседі,  тұрмыстық  іс-әрекеттің  оңтайлы 
экономикалық  нұсқасын  таңдауға  бағытталған  практикалық  әрекеттерді 
жасауға  ықпал  етеді.  11-  сынып  тапсырмаларында  бизнес-ойындар 
көрсетілмейді. Алайда, егер сабақ материалын бекіту үшін бизнес-ойын өткізу 
қажет  болған  жағдайда  төменде  келтірілген  бизнес  ойындарын  пайдалануға 
болады. 
Ойындардың ұзақтығы әртүрлі: кейбіреулері бүкіл сабақ бойы созылады, 
ал,  енді  кейбіреудері  бес  минуттан  да  аспайды,  сондықтан  мұғалім  оларды  өз 
қалауы  бойынша  сабаққа  ойын  әрекетін  ендіре  алады  немесе  сыныптың 
дайындығына  және  оқушылардың  санына  байланысты  ойын  жүргізушіні, 
ойынның орны мен уақытын таңдауға немесе оқушыларға өз  еркімен ойнауды 
ұсына алады.  
Ұсынылған  бизнес-ойындар  «Кәсіпкерлік  және  бизнес  негіздері»  пәнін 
оқыту процесінде мұғалімге әдістемелік көмек бола алады. 
Мысалы,  10-сынып  оқулығынан  «Barter  Puzzle»  ойынын  қарастыруға 
болады. 
Ойынның мақсаты: 
-
 
ойын барысында бәсекелестіктің қызмет ету механизмін түсіну; 
-
 
әр түрлі бәсекелестік стратегияларды сынап көру. 
Ойын  барысында  оқушылар  бәсекелестік  стратегия  –  бұл  өз  мақсаттарына 
жетуге көмектесетін оңтайлы шешім іздеу екенін түсінеді.  
Сонымен  қатар,  бұл  бәсекелестік  қатынастардың  барлық  қатысушылары 
үшін өзара тиімді процесс  – демпингілеу (бәсекелестерді ығыстырып шығару) 


65 
 
және  әділетсіз  ойнау  барысында  оқушылар  бәсекелестердің  дамуына  кедергі 
келтіреді, сонымен бірге олар өздерін де дамыта алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет