Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет33/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   130
Ойын ережелері: 
Ойын барысында оқушылар суреттерідң бөліктерін (пазлдар жинауы керек. 
Әр команданың пазлдарының бір бөлігі басқа командалардың қолында болады. 
оқушылар  оларды  басқа  командалармен  бәсекеге  қабілетті  қарым-қатынас 
жасау,  алмасу,  сауда  және  т.б.  арқылы алуы  керек.  Өз  суреттерін  (пазлдарын) 
тезірек жинайтын команда жеңіске жетеді. Қажетті жетіспейтін пазл бөліктерін 
сатып алу үшін қарсы командалардың қатысушылары оларға жаңа тапсырмалар 
ойлап табуы керек. 
Командалар:
 әрқайсысында 4-5 адам. 
Әр  команда  үшін  ресурстар:
  бөліктерге  бөлінген  түрлі-түсті  суреттер 
(пазлдар). Суреттер саны ойынға қатысатын командалар санына сәйкес келеді. 
Ойын барысы: 
1.
 
оқушыларды командаларға бөлу – 5 минут. 
2.
 
суреттер ретінде түрлі-түсті A4 парағында басып шығаруды қолдануға 
болады; 
Әр  командаға  тапсырма  суреті  көрсетіліп,  не  жазылғанды  есте  сақтау 
керек.  Қайшыны  пайдаланып,  әр  суретті  20  бөлікке  кесіңіз  –  пазлдар 
(көлденеңінен 4 сызық, тігінен 5) 
3.
 
Әр командаға суретті жинайтын бөліктердің бірдей санын (20 пазл)  
беріңіз.  Жетіспейтін  пазлдар  сәйкесінше  басқа  командалардың  қолында.  Әр 
команданың қолында саны бірдей пазлдар бар екеніне көз жеткізіңіз – 5 минут. 
4.
 
Енді оқушылар жетіспейтін бөліктерді алу үшін басқа командалармен  
өзара  әрекеттесуді  ұйымдастыруы  керек.  Алмасу  мен  сауда-саттыққа 
араласпаңыз,  тек  кейде  оқушыларды  бағыттап,  оларға  өздері  шеше  алмайтын 
жағдайларда қақтығыстарды шешуге көмектесіңіз. Егер ойын тез аяқталса, оны 
жаңа раундта қайталауға болады – 20 минут. 
5. 
Сабақты қорытындылау-
10 минут. 
 
Ойын «Команда қалыптастыру» 
Мақсаты:
 команданы қалыптастыруды және команда мүшелерінің күшті және 
әлсіз жақтарын анықтауды үйрену. 
Қатысушылар саны:
 7-9 адамнан құралған командалар. 
Ресурстар:
ойыншылар санына қарай толтыруға арналған кестелер үлгісі  
Ойын ережесі:
 сынып 7-9 адамнан тұратын топтарға бөлінеді.  
Бос  орынға  үміткерлердің  барлығы  шеңбер  жасап  отырады. 
Командаларда  жұмыс  берушіні  (жобаның  негізін  қалаушыны)  таңдайды,  оған 
карточкада  оның  атқаратын  міндеті  сипатталады:  әрбір  үміткерден  өзін 
таныстыруды, өзі туралы әңгімелеуді және бос жұмыс орны несімен ұнайтынын 
(кез келген жұмыс орнын жүргізушінің өзі таңдайды), осы лауазымда және осы 
компанияда неге жұмыс істегісі келетінін түсіндіруді сұраңыз. 
Уақыты  2-3  -  минут.
  Жүргізуші  қатысушыларды  таныстырмас  бұрын 
жоба негізін қалаушыдан (жұмыс берушіден) мұқият қадағалап парақтағы әрбір 


66 
 
үміткердің  тұсына  белгі  салуды  сұрайды,  себебі  бұл  қатысушыларды  бөлу 
кезінде пайдалы болады. Одан әрі компанияның иесі былай дейді:  
«Енді  сіздің  әрқайсыңыз  бланкідегі  кестенің  сол  бағанында 
басшы/менеджер/бухгалтер/дизайнер  және  т.с.с.  жұмысына  қажетті  5-7  жеке 
тұлғалық  қасиеттерін  жазуы  тиіс».  Барлығы  2-3  минут  жазады.  «Енді  оң  жақ 
бағанада  сіздердің  барлықтарыңыз  ортақ  пікірге  келіп,  барлық  топ  келісетін 
жеке  тұлғалық  қасиеттерді  жазуыңыз  керек.  Дауыс  беруге  тыйым  салынады, 
яғни  барлығыңыз  ортақ  келісімге  келуіңіз  керек».  Әрі  қарай  компания  иесі 
«осылай  болсын..»  деп  кім  айтатынын,  кімді  тыңдайтынын  (көшбасшылық) 
қадағалау  керек.  Талқылау  7-8  минутқа  созылады.  Содан  кейін  компанияның 
негізін  қалаушы:  «Біреуіңіз  шығып,  барлығыңыз  бірге  жасаған  қасиеттердің 
тізімін оқып шығыңыз», - дейді де, кім жауапкершілікті алып ортаға шыққанын 
бақылайды.  «Ал  енді  әркім  сіз  бірге  жасаған  қасиеттердің  контекстінде  өзіңіз 
туралы  айтып  беріңізші,  мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет