76
STEM-білім берудің артықшылықтары: сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-
техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру,
командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықтарын арттыру,
жобаларға креативті және жаңаша көзқарас, оқу мен карьераның ұштасуы.
STEM- білім берудің негізгі мақсаты – оқушылардың білу және істей алу
қабілеттерін өнертапқыш шешімдер, зерттеушілік қызметтер, тәжірибелік
форматтарда көрсету. STEM - білім беру оқушыларды алған білімдерін
қоршаған орта процестерімен байланыстыруға және жобалық ойлауына
мүмкіндік береді.
STEM- білім беруде күтілетін нәтиже – оқушылардың функционалдық
сауаттылықтары, олардың өмірлік және кәсіби перспективалары, өз күштеріне
деген сенімділік. STEM білімі беру – STEM сыныбында немесе кез-келген
пәнге жеке енгізілуі мүмкін. Жаратылыстану математикалық бағытындағы пән
сабақтарында STEM білім беруді тікелей жүзеге асыра алады. Ал, жалпы
гуманитарлық бағыттағы пән сабақтарында оқушылар өздерінің әлеуметтік
зерттеулерінің құрастыру желісін жобалай алады [17].
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінен оқушылар өз туындылары мен
өнертабыстарын ойлау, зерттеу процестері арқылы жүзеге асыра алады.
Мысалы: әлемдік деңгейде робототехника, құрастыру, бағдарламалау, үлгілеу,
3D-жобалау және тағы басқа – бұның бәрі қазіргі оқушыларды қызықтырады.
Бұл қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін неғұрлым күрделі дағдылар мен
құзыреттерді дамыту қажет. Қазір оқушының білуі мен істеуі ғана емес,
сонымен қатар зерттеу және жаңаны ойлап шығаруы маңызды. Ғылым,
математика, технологиялар және инженерия сияқты басты академиялық
салаларда бір мезгілде даму керек, оларды STEM (science, technology,
engineering and mathematics) деген бір сөзбен біріктіріп атауға болады
Достарыңызбен бөлісу: