Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет37/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   130
Дерек көз: http://storage.elib.mgup.ru/8/Zeldovich_11.pdf. .207-209 б 
 
Ойын «Інжу-маржан сату»  
Сабақ мақсаты: 
-
 
тәжірибе жүзінде сұраныс пен ұсыныс заңымен танысу
-
 
ойын түрінде сату техникасы мен тауар бағасын қалыптастыру білімін  
қолдану. 
Ойын барысы: 
тәжірибе жүзінде сұраныс пен ұсыныс заңымен таныстыру. 
Ол  үшін  командаларға  бөлінген  4  раундтан  тұратын  сатушылар  мен  сатып 
алушылар  ретінде  ойынға  қатысу  қажет  болады.  Бүгінгі  саудадағы  сіздің 
тауарыңыз қымбат және сирек кездесетін інжу-маржандар болады. 
Ойын ережесі:  
Сатып  алушылар  мен  сатушылардың  тең  топтарға  бөліне  отырып,  сіз 
мұғалімнен  інжу-маржанды  сатушылар  үшін  ұсынылған  сату  құнын  (сіз  осы 


71 
 
құннан төмен тауарды сатуға тиіс емессіз) және інжу-маржан сатып алушылар 
үшін  ұсынылған  сатып  алу  құнын  (сіз  осы  көрсетілген  құннан  жоғары  сатып 
ала  алмайсыз)  аласыз.  Қысқа  уақыт  ішінде  сатушылар  командасының  әрбір 
мүшесі  сатып  алушылар  командасының  мүшесімен  сату  бағасы  туралы 
уағдаласу  қажет.  Әрбір  сатып  алушы  тек  1  інжу-маржанды  сата  алады,  әрбір 
сатушы  тек  1  інжу-маржанды  сатуы  керек.  Сатушы  інжу-маржанды  сатып 
алушыға берген кезде, ал сатып алушы сатушыға құны көрсетілген қағаз берген 
кезде  мәміле  аяқталған  болып  есептеледі.  Мәміле  уақыты  аяқталғаннан  кейін 
мұғалімге келісілген сауда құнын айтуы қажет. Екінші, үшінші және төртінші 
раундты өткізу туралы ақпаратты сабақ кезінде оқытушы өзі жариялайды. 
Командалар:  
Топта  бірдей  оқушылар  санымен  бөлінген  сатушылар  тобы  мен  сатып 
алушылар тобы. Команданың әр қатысушысында әр түрлі құзыреттіліктері бар 
топтарды қалыптастыруға тырысыңыз.  
Әр команда үшін ресурстар:  
Мәміле бағасын белгілеу үшін карточкалар, виртуалды інжу-маржан 
Бекіту сұрақтары: Сіз ойыннан не түсіндіңіз? 
- неге сатушылар өз тауарларын барынша жоғары бағамен сатқысы келеді, 
ал сатып алушылар барынша төмен бағамен сатып алғысы келеді? 
-  сұраныс  пен  ұсыныстың  3-ші  және  4-ші  раундта  қалай  жылжитынын 
ойланып жауап беріңіз? 
-  ойын  барысында  командаға  қатысушылардың  әрқайсысы  қандай 
құзыреттілікке ие болғанын ойлаңыз. Ойын кезінде командадағы рөлдерді неге 
өзгерттіңіз? Осыдан қандай қорытынды жасадыңыз? 
-  сабақ  қорытындысын  шығарыңыз:  тапсырмадан  қандай  қорытынды 
жасадыңыз? 
- алынған қорытындыларды одан әрі пайдалана аласыз ба? Қалай? 
 
Ойын «Идеялар матрицасы»  
Мақсаты:  
-
 
бизнес үшін жаңа идея ойлап табу және оны сыныпқа ұсыну
-
 
өз мүмкіндіктерімен бизнес үшін идеяны салыстыру. 
«Идеялар  матрицасы»  ойыны  –  шығармашылық  қоқыстарға  арналған 
керемет 
тазалағыш 
құрал. 
Ол 
оқушыларды 
берілген 
тапсырмаға 
шығармашылық тұрғыда қарауға, тривиал емес (таптаурын емес) қадам жасауға 
үйретеді.  Бизнесменнің  бизнес  жасауға  ынтасы  болып,  бірақ  қандай  өнімді 
немесе қызмет түрін ұсыну туралы идеясының болмауы жиі кездеседі.  
Бүгінгі  «Идеялар  матрицасы»  ойынында  болашақ  кәсіпкерлер  жасампаз 
болуды және берілген тапсырмаға тривиал емес қадам жасауды үйрене алады. 
Ойын ережесі оқушылар командаға бөлінеді. Олар қарапайым сөздер жазылып, 
алдын-ала  дайындап  қойған  екі  карточканы  бірнеше  карточкалардың  ішінен 
(арасынан  суырып  алса  болады)  алады.  Әр  команда  сабақ  үстінде,  бес 
минуттың ішінде карточкада жазылған сөзге қатысты бизнес-идея ойлап тауып, 


72 
 
оны  жан-жақты  ойластырғаннан  кейін  сыныпқа  таныстырады.  Мұғалім  осы 
идеялар  бойынша  нақтылайтын  өлшем  шарттармен  тағы  екі  кезең  өткізеді. 
Соңғы  презентация  нәтижесі  бойынша  сыныптастарының  ең  көп  дауыс 
жинаған  команда  жеңіске  жетеді.  Ресурстар  ішкі  жағына  қарапайым  сөздер 
жазылып, алдын-ала дайындалып шығарылған карточкалар ұсынуға болады. 
Кесте 2  
бәтеңке 
жүк көлігі 
магнитафон 
кілем 
дәптер 
сақина 
сиыр 
телефон 
картон 
банан 
бояу 
кесе 
пернетақта 
таблетка 
автомобиль 
ас үй 
сағаттар 
пакет 
фотоаппарат 
сүлгі 
 
Өз сөздеріңізді де жазсаңыз болады. Ең бастысы, ол қандай да бір затты 
білдіретін зат есім болу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет