Методические указания Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



Дата23.08.2017
өлшемі218,93 Kb.
#25414
түріМетодические указания
форма Ф СО ПГУ 7.18.2/05

Методические указания


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы
5В050300 – Психология

мамандықтары бойынша оқитын студенттерге

«Жалпы педагогика»

пәні бойынша



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



Павлодар


1-тақырып Жалпы педагогиканың әдіснамалық негіздері. Жеке тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің қалыптастырудың өзара байланысы және сипаты.

Адам туралы ѓылымдар жүйесiндегi педагогиканың рөлi мен орны, оның басты ерекшеліктері; арнайы пәні, ғылыми терминологиялық аппараты, зерттеу әдістері.


Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым. Тәрбие қоғамдық ғылым, қоғамдық қызмет ретінде. Тәрбие тарихи және негізгі сипаты, оның қазіргі қоғам дамуындағы көрінісі. Педагогика пәні, оның негiзгi категориялары (тәрбие, оқыту, қалыптастыру, бiлiм беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы. Педагогика ғылымдарының жүйесi. Басқа ғылымдармен байланысы (философия, психология, физиология, т.б.). Педагогиканың ғылым ретiнде дамуы мен қалыптасуы. Таным теориясы. Жүйелі әдіс тәсілдері. Тұлға теориясы. Іс әрекет теориясы. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы. Тұтас педагогикалық процесс теориясы. Педагогикалық теория мен практиканың өзара бірлескен әрекеттің диалектикасы. Қоғамның қазіргі жағдайындағы педагогика ғылымдарының міндеттері. Мұғалімнің кәсіби дайындаудағы педагогикалық теориялардың маңызы. Педагогика курсының құрылымы.

Тұлға туралы ұғым. «Адам», «индивид», «дара», «тұлға». Тұлға құрылымының көп қырлылығы, күрделілігі, оның компоненттерінің өзара байланысы.

«Тұлғаны дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру» ұғымдарына сипаттама.

Табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді мүшесі, адам туралы философиялық ережелер –тұлғаның педагогикалық тұрғыдан түсінудің әдіснамалық негізі, тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудін, қалыптастырудың факторлары.

Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер етуші факторлар(тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие). Субъектінің іс әрекеті тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері және негізгі заңдылықтары.

Тәрбиенің басты мақсаты жеке тұлға. Жеке тұлға – тәрбие процесінің және өзіндік дамудың субъектісі.



2-тақырып Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу тәрбие процесінде есепке алу. Мұғалімнің ғылыми зерттеу мәдениетін қалыптастыру.Оқушының жеке тұлғалық дамуының жас ерекшелік кезендері, оларға сипаттама. Жеке тұлғаның табиғи мүмкіндігі.

Жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік жағдайаттары. Қазіргі қоғамның даму кезеңінде жеке тұлғаны қалыптастырудың ерекшеліктері. Оқушының оқуға деген шынайы мүмкіндіктерін педагогикалық процесті ұйымдастыруға есепке алу. Оқушы тұлғасының дара ерекшеліктеріне сипаттама. Оқушының дара ерекшеліктері және қабілеттілігі. Қазіргі мектептегі даралап оқыту.

Педагогика ғылымның дамуы және мұғалімнің педагогикалық іс әрекетіндегі ғылыми зерттеу жұмысының рөлі. Ғылыми зерттеу жұмысының жалпы әдіснамалық негіздері: диалектика заңдары, оларға жалпы сипаттама.

Зерттеуге жүйелі тәсіл – құбылстардың жалпы байланысының көрінісі. Таным теориясы. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері: педагогиканың заңдылықтары және маңызды категориялары, педагогикалық процесс, педагогикалық пән мен мұғалім іс әрекетінің педагогикалық зерттеуге жүйелі құрылымдық, тұлғалық іс әрекет тәсіл, тәрбие мен дамудың бірлігі, компетенттілік әдісінің мәні. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдісінің мәні. Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесі. Педагогикалық процесті диагностикалау мен оқушыларды танып білудегі зерттеу әдістерінің ролі.



3-тақырып Тәрбие үдерісінің теориялық негіздері. Тұтас педагогикалық үдеріс – педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі. Педагогикалық үдерісінің заңдылықтары

Педагогика пәні және мұғалімнің ісәрекет объектісі мектеп тәжірибесінде, оқу құралдарында, бағдарламаларда осы ұғымның дамуы, осы мәселелердің көрініс табуы.

Мұғалімнің ісәрекетінің объектісі туралы ұғымның қалыптасу тарихы. Педагогикалық процестің мәні. Оның құрылымдық компоненттері. Оқушы – педагогикалық процестің субъектісі. Педагогикалық жағдайат педагогикалық процестің элеметарлық жасаушысы. Уақыт пен кеністіктегі тұтас педагогикалық процестің үш қызметінің – білімділік, дамутышылық және тәрбиелік өзара байланысы және бірлігі. Жеке тұлғаның тұтастығы – педагогикалық процестің үш бірліктегі қызметің іске асыруды түсіндірудің негізі. Жеке тұлғаның шығармашылығы. Жеке тұлғаның дарындылығы.

Педагогикалық процестің қозғаушы күштері. Педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері. Оқу – тәрбие процесінің құралдары. Іс – әрекет, педагогикалық процесті іске асырудың құралы және соның ішіндегі қызметін іске асырушы. Ісәрекетінің негізгі түрлері. Оқушының шығармашылық ісәрекеті. Педагогикалық процесті басқару. Педагогикалық процесті болжау және қазіргі жағдайын диагностикалау мәселелері.

Педагогикалық процесс – күрделі дамытушы жүйе. Оның жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі. Оқу – тәрбие процесін болжау, мұғалімнің әдіснамалық бағытына тәуелді. Оқу – тәрбие процесіне байланысты әр түрлі көзқарастар.

Табиғаттағы және қоғамдағы құбылстардың және процестердің даму заңдылықтардың философиялық мәні. Педагогикалық процестің заңдылықтарының мәнін танып білуге тарихи шолу және олардың мұғалімнің ісәрекетіндегі рөлі.

Педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары, оларға сипаттама.

Педагогикалық процестің тиімділігі мектептегі педагогикалық процестегі жекелеген балалардың және ұжымның даму деңгейіне, оқушылардың жас ерекшеліктеріндегі ісәрекеттердің ұйымдасуына және мазмұнына сәйкестілігіне тәуелділігі.

Оқу – тәрбие процесінің принциптері, оның заңдылықтарының нақты пайда болуына әсер етеді. Принциптердің мәні және оған сипаттама. Педагогикалық процесті басқарудағы, болжаудағы заңдылықтар мен принциптерді ескерудің маңызы.

4-тақырып Тәрбиенің мақсаты, әлеуметтік келісім. Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде.

Мақсаттылық және әлеуметтік келісімділік – педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары. Педагогикалық процестің негізгі компонентә мен тірегі – тәрбиенің мақсаты.

Педагог пен оқушылардың ісәрекет нәтижесінің идеалдық моделі. Тәрбиенің мақсаты. Педагогикалық ой – пікірлер тарихындағы тәрбиенің мақсаты мен мәселелері.

Қоғамдық мәдениет – жас ұрпак тәрбиесінің мақсатын айқындаудың әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік –экономикалық даму тенденциялары және жас ұрпақты өз бетінше өмір сүруге дайындау. Әлеуметтендіру және жеке тұлғаны дербестендіру мәселесі. Жеке тұлғаның жан –жақты үйлесімді дамуы туралы ұғым. Дүниетанымның негізгі компоненттері мен мәні. Дүниетанымның түрлері. Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері. Философия, оның әртүрлі бағыттарының қалыптасушы тұлғаның дүниетанымдық көзқарасының бағалаудың ролі. Дүниетанымды қалыптастырудың психологиялық негіздері. Жеке тұлғаның құндылық бағыттары.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен құралдары: ғылыми білімді қалыптастыруда көзқарасы мен көзің жеткізу. Оқытудың әдістері мен формаларының, мазмұнының ролі.

5–тақырып Тұтас педагогикалық үдерісіндегі тәрбиенің мазмұны. Тұтас педагогикалық үдерісіндегі тәрбие әдістерінің формасы мен құралдарының жүйесі

Тәрбиенің мақсаты, міндеті, мазмұны және олардың өзара байланысы.

Тұлғаның жанжақты мазмұнды сипатта дамуы адамзаттық мәдениетті меңгеруімен байланысты.

Интегралды тұлғалық сана, әлем мәдениеті, еңбекке дайындығы, тұлғаның политехникалық мәдениеті, дамгершілікке тәрбиелілігі, экологиялық, эстетикалық, дене тәрбиесі. Дүниетаным әлемге, дамдарға, өзіне деген көзқарастардың жүйесі ретінде мәдениетің дамуы менгерілуінің белсенді шарттары. Тәрбиенің түрлері.

Құралдар, формалар, әдістер педагогикалық процестің қозғаушы тетіктері ретінде. Құралдар, формалар әдістер, тәсілдер туралы жалпы ұғым, олардың тұтас педагогикалық процестегі өзара байланысы. Оларды оқуда және оқудан тыс уақытта қолданудың ерекшеліктері.

Оқыту мен тәрбие әдістерінің өзара байланысы педагогикалық процестің барлық қызметінің бірлігін көрінісі ретінде. Оқудан тыс уақыттағы жеке тұлғаның қалыптасу әдістерінің өзіндік ерекшеліктері.

Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері.

Тәрбиелік жағдайаттар жасау, үйрету, тапсырма беру, жаттығу. Оң мінез –құлық мәдениетін қалыптастыру әдістері.

Педагогикалық шығармашылықтың белгісі ретінде тәрбиенің әдістерін сұрыптау. Бақылау және өзіндік баөылау әдістері.

6-тақырып Педагогикалық үдерісі мұғалім мен балалар ұжымының өзара байланысы және өзара іс– әрекеті. Сыныптын тәрбиелік жүйесі, сынып жетекшісінің шығармашылық іс–әрекетінің нәтижесі ретінде

Балалар ұжымы әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі. Ұжымның мәні, ұжым тәрбиенің объектісі және субъектісі ретінде. Кеңес педагогтардың С. Т. Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко т.б. еңбектерінде ұжымдық тәрбиенің идеялары. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы дербес және ұжымдық диалектика.

Балалар ұжымын қалыптастырудың кезендері, заңдары және атқаратын қызметтері. Әрбір кезендегі педагогикалық басқарудың өзіндік ерекшеліктері. Қарым– қатынас және іс–әрекеттің ролі. Ұжымдық өмірдің эмоционалдық байлығы. Әртүрлі балалар ұжымдарының типтері, олардың ерекшеліктері, бір біріне әсері және сабақтастығы. Педагогикалық процестің қызметіндегі тәрбиелік тетіктер: педагогтар және оқушылардың әртүрлі ұжымдық іс–әрекеттің байланысы. Сыныптан тыс жұмыстарда әртүрлі жастағы оқушылардың ұжымдық іс–әрекетіне педагогикалық басшылық жасау. Оқушылардың әртүрлі тіршілік әрекетімен байланысты қоғамдық тапсырмаларға сипаттама. Тәрбие жүйесі туралы ұғым. Сыныптағы тәрбие жүйесі. Тәрбиелік технологиялар. Тәрбие жүйесінің моделін жасау. Тәрбиелік іс – шараларды дайындаудың әдістемесі. Сынып жетекшісінің іс–әрекеттің болжау және диагностикалау. Сынып жетекшісінің қызметі. Сынып жетекшісінің оқушылардың отбасымен ынтымақтастығының түрлері. Тәрбие процесінде этнопедагогика материалдарын пайдалану.

7-тақырып Отбасы тәрбиесінің негіздері. Тұтас педагогикалық процестің құрылымдағы оқыту

Отбасында балалар тәрбиесі. Отбасында педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориялық негіздері. Отбасында педагогикалық процесті ұйымдастырудың компоненттері. Отбасы тәрбиенің негізігі мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралы, формалары. Қазіргі отбасындағы педагогикалық процестердің жалпы сипаттамасы. Отбасы және мектептің ынтымақтастықтың түрлері. Отбасы мен педагогикалық ұжымның жұмысындағы сынып жетекшісінің ролі. Отбасындағы этнопедагогикалық тәрбие. Оқыту – тұтас педагогикалық процестің негізігі бөлігі. Білім беру мен оқытудың тәрбиелік мүмкіндіктері. Қазіргі дидактиканың проблемалары. Оқыту процесінің мәні. Әдіснамалық негіздері. Оқушылардың танымдық іс–әрекеттің ерекшеліктері. Оқушылардың психологиялық негіздері. Оқытудың психологиялық теориялары. Оқыту процесін жүзеге асырудағы педагогикалық процестін негізгі қызметі: білімділік, тәрбиелік, дамытушылық. Оқыту процесінің құрылымы, негізгі кезендері, оқытудың заңдылықтары және принциптері.



8-тақырып Қазіргі мектептегі білім беру мазмұны. Оқытудың ұйымдастыру формалары. Қазіргі сабақ. Білім берудің анықтаудың ғылыми педагогикалық негізі: білім беру және оның мазмұны туралы жалпы ұғым. Мектеп тарихындағы білім мазмұнының мәселелері мен педагогикалық ой пікірлер. Кеңес мектептердің дамуы мен қалыптасуы дәуріндегі білім мазмұнын құраудың негізгі кезендері.Жалпы адамзаттық мәдениет. Білім беру компоненттеріне сипаттама. Табиғат, техника, қоғам, т.б,. Жалпы политехникалық, кәсіби білім берудің өзара байланысы. Білім берудің мазмұнында пәнаралық байланыстардың мәселелері. Ұлттық мектептердегі білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары. Оқушылардың танымдық процестердің сабақтың үстінде ұйымдастыру Оқыту ұйымдастырудың түрлері туралы ұғым. Оқыту ұйымдастырудың түрлерінің дамуы мен қалыптасуына қысқаша тарихи экскурс.

Қазіргі мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың түрлері: сабақ, эекскурсия, семинарлық сабақ, оқушылардың үйдегі жұмыстары, консультация. Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Сабақтың дәстүрлі емес түрлері. Сабақты талдау. Шетел мектептеріндегі оқытуды ұйымдастыруға сипаттама.



9 -тақырып Білім беру технологиялар. Мектеп туралы нормативтік құжаттардың сипаттамасы

Педагогикалық технологиялар туралы ұғым. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамасы. Тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиялар. Басқа білім беру технологиялар: педагогикалық қатынасты демократияландыру, оқушылардың іс–әрекеттінің қарқындандыру мен белсендірудің негіздегі технологиялар, оқыту процесті ұйымдастыру мен басқару тиімділігі негізіндегі педагогикалық технологиялар, бала дамуының табиғи жаратылыс үрдісіне арқа сүйетін табиғатқа сәйкес пайдаланатын халықтық педагогиканың әдістері, алтернативтік, кешендік политехнологиялар. Қазақстан Республикасының Конституциядағы білім бнру мәселелері. Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы Заңы. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының тіл туралы »заңы. Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарты туралы ереже. Базалық оқу жоспары. Варианттық оқу жоспары. Оқу бағдарламалар.



4.3 Практикалық сабақтардың мазмұны мен тізімі

1-тақырып Жалпы педагогиканың әдіснамалық негіздері. Жеке тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің қалыптастырудың өзара байланысы және сипаты.

1.Адам туралы ғылымдар жүйесiндегi педагогиканың рөлi мен орны, оның басты ерекшеліктері; арнайы пәні, ғылыми терминологиялық аппараты, зерттеу әдістері.


2.Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым.

3. Жалпы педагогика пәні, оның негiзгi категориялары (тәрбие, оқыту, қалыптастыру, бiлiм беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы. Педагогика ғылымдарының жүйесi.

4. Басқа ғылымдармен байланысы (философия, психология, физиология, т.б.). Педагогиканың ғылым ретiнде дамуы мен қалыптасуы.

5. Тұлға туралы ұғым. «Адам», «индивид», «дара», «тұлға». Тұлға құрылымының көп қырлылығы, күрделілігі, оның компоненттерінің өзара байланысы.



2-тақырып Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу тәрбие процесінде есепке алу. Мұғалімнің ғылыми зерттеу мәдениетін қалыптастыру.

1. Оқушының жеке тұлғалық дамуының жас ерекшелік кезендері, оларға сипаттама.

2. Жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік жағдайаттары.

3. Қазіргі қоғамның даму кезеңінде жеке тұлғаны қалыптастырудың ерекшеліктері.

4. Оқушының оқуға деген шынайы мүмкіндіктерін педагогикалық процесті ұйымдастыруға есепке алу.

5. Оқушы тұлғасының дара ерекшеліктеріне сипаттама. Оқушының дара ерекшеліктері және қабілеттілігі.

6. Қазіргі мектептегі даралап оқыту.



3-тақырып Тәрбие үдерісінің теориялық негіздері. Тұтас педагогикалық үдеріс – педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі. Педагогикалық үдерісінің заңдылықтары

1. Педагогика пәні және мұғалімнің ісәрекет объектісі мектеп тәжірибесінде, оқу құралдарында, бағдарламаларда осы ұғымның дамуы, осы мәселелердің көрініс табуы.

2. Мұғалімнің ісәрекетінің объектісі туралы ұғымның қалыптасу тарихы.

3. Оқушы – педагогикалық үдеріснің субъектісі.

4. Педагогикалық жағдайат педагогикалық үдерісінің элементарлық жасаушысы.

5. Уақыт пен кеністіктегі тұтас педагогикалық процестің үш қызметінің – білімділік, дамутышылық және тәрбиелік өзара байланысы және бірлігі.

6. Педагогикалық үдерісінің қозғаушы күштері. Педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері.

4-тақырып Тәрбиенің мақсаты, әлеуметтік келісім. Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде.

1.Педагог пен оқушылардың ісәрекет нәтижесінің идеалдық моделі.

2. Тәрбиенің мақсаты. Педагогикалық ой – пікірлер тарихындағы тәрбиенің мақсаты мен мәселелері.

3. Қоғамдық мәдениет – жас ұрпак тәрбиесінің мақсатын айқындаудың әдіснамалық негізі.

4. Қазақстан Республикасының әлеуметтік –экономикалық даму тенденциялары және жас ұрпақты өз бетінше өмір сүруге дайындау.

5. Дүниетанымның негізгі компоненттері мен мәні. Дүниетанымның түрлері.

6. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен құралдары: ғылыми білімді қалыптастыруда көзқарасы мен көзің жеткізу.

5–тақырып Тұтас педагогикалық үдерісіндегі тәрбиенің мазмұны. Тұтас педагогикалық үдерісіндегі тәрбие әдістерінің формасы мен құралдарының жүйесі

1. Интегралды тұлғалық сана, әлем мәдениеті, еңбекке дайындығы, тұлғаның политехникалық мәдениеті, дамгершілікке тәрбиелілігі, экологиялық, эстетикалық, дене тәрбиесі.

2. Тәрбиенің түрлері.

3. Құралдар, формалар, әдістер педагогикалық процестің қозғаушы тетіктері ретінде.

4. Оқудан тыс уақыттағы жеке тұлғаның қалыптасу әдістерінің өзіндік ерекшеліктері.

5. Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері. Бақылау және өзіндік бақылау әдістері.



6-тақырып Педагогикалық үдерісі мұғалім мен балалар ұжымының өзара байланысы және өзара іс– әрекеті. Сыныптын тәрбиелік жүйесі, сынып жетекшісінің шығармашылық іс–әрекетінің нәтижесі ретінде

1. Балалар ұжымы әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі. Ұжымның мәні, ұжым тәрбиенің объектісі және субъектісі ретінде.

2. Әртүрлі балалар ұжымдарының типтері, олардың ерекшеліктері, бір біріне әсері және сабақтастығы.

3 Сыныптағы тәрбие жүйесі.

4. Тәрбиелік технологиялар. Тәрбие жүйесінің моделін жасау.

5. Сынып жетекшісінің іс–әрекеттің болжау және диагностикалау.

6. Сынып жетекшісінің қызметі. Сынып жетекшісінің оқушылардың отбасымен ынтымақтастығының түрлері.

7-тақырып Отбасы тәрбиесінің негіздері. Тұтас педагогикалық процестің құрылымдағы оқыту

1 Отбасында педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориялық негіздері.

2. Қазіргі отбасындағы педагогикалық процестердің жалпы сипаттамасы.

3. Отбасы және мектептің ынтымақтастықтың түрлері.

4. Отбасы мен педагогикалық ұжымның жұмысындағы сынып жетекшісінің ролі. Отбасындағы этнопедагогикалық тәрбие.

5. Оқыту процесін жүзеге асырудағы педагогикалық процестін негізгі қызметі: білімділік, тәрбиелік, дамытушылық.

6. Оқыту процесінің құрылымы, негізгі кезендері, оқытудың заңдылықтары және принциптері.

8-тақырып Қазіргі мектептегі білім беру мазмұны. Оқытудың ұйымдастыру формалары. Қазіргі сабақ.

1. Білім берудің анықтаудың ғылыми педагогикалық негізі: білім беру және оның мазмұны туралы жалпы ұғым.

2. Мектеп тарихындағы білім мазмұнының мәселелері мен педагогикалық ой пікірлер.

3. Жалпы адамзаттық мәдениет. Білім беру компоненттеріне сипаттама.

4. Ұлттық мектептердегі білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.

5. Қазіргі мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың түрлері: сабақ, эекскурсия, семинарлық сабақ, оқушылардың үйдегі жұмыстары, консультация.

6. Сабақтың дәстүрлі емес түрлері. Сабақты талдау. Шетел мектептеріндегі оқытуды ұйымдастыруға сипаттама.



9 -тақырып Білім беру технологиялар. Мектеп туралы нормативтік құжаттардың сипаттамасы

1. Педагогикалық технологиялар туралы ұғым.

2. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамасы. Тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиялар.

3. Басқа білім беру технологиялар: оқыту процесті ұйымдастыру мен басқару тиімділігі негізіндегі педагогикалық технологиялар, бала дамуының табиғи жаратылыс үрдісіне арқа сүйетін табиғатқа сәйкес пайдаланатын халықтық педагогиканың әдістері, алтернативтік, кешендік политехнологиялар.

4. Қазақстан Республикасының Конституциядағы білім беру мәселелері. Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы Заңы. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының тіл туралы »заңы.

5. Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарты туралы ереже.


4.4.2 Студенттердің өздігінен окуына бөлінген тақырыптардың тізімі

1-тақырып. Тәрбиелік іс– шараларды дайындаудың әдістері

2-тақырып. Қазіргі отбасындағы тәрбие мәселелері

3-тақырып. Оқушылардың отбасы мен сынып жетекшісінің өзара әрекеті

4-тақырып. Оқыту процесінің мәні

5-тақырып. Оқыту процесінде оның негізгі қызметтерінің жүзеге асырудағы (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық).

6 тақырып. Білім беру мазмұнын іріктеу мәселелері

7 тақырып. Білім беру мазмұнын анықтайтын нормативтік құжаттар

8 тақырып. Сабақта оқушылардың танымдық іс–әрекетін ұйымдастырудың формалары

9 тақырып. Мұғалімнің сабаққа дайындық жүйесі тақырыптық сабақты жоспарлау

10 тақырып. Оқушылардың танымдық іс–әрекетін дәстүрлі емес формада ұйымдастыру

11 тақырып. Жаңашыл педагогтардың іс–әрекеттері

12 тақырып. Ұжымдық шығармашылық әрекеті ұйымдастыру әдістері (КТД).

13 тақырып. Қазақстан Республикасы мектептері мұғалімдерінің инновациялық іс–әрекеттері.

14 тақырып. Қазақстан Республикасының білім саласындағы тұжырымдамалар.

15 тақырып. Нақты педагогикалық зерттеуді өткізу мен ұйымдастыру әдістері.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заны. – Алматы, 2007

  2. Педагогика. Оқулық, Алматы : Print-S, 2005. -3646.

  3. Педагогика. Оқулық/Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы – Алматы: Print-S, 2005-430б.

  4. Ж. Коянбаев Педагогика.- Астана,2001

Қосымша:

  1. Педагогика. Курс лекций, Алматы: Нұрлы Әлем, 2003

  2. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. Алматы, Дарын 2004


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет