Лист утверждения Форма к методическим указаниям Ф СО ПГУ 7.18.2/11
БЕКІТЕМІН
ФЖжµ¤Ф деканы
________ Сарбалаев Ж.Т.
«___» ________ 200 ж.
Құрастырушы: аѓа оќытушы Жунусова А.Р.
Психология және педагогика кафедрасы
«Этнопедагогика»
пәні бойынша
ЄДІСТЕМЕЛІК Н¦СЌАУЛАР
050119 – Шет тілі:екі шет тілі
мамандығының студенттеріне арналған
мамандығы бойынша оќитын студенттер ‰шін
Кафедра мәжілісінде ұсынылды “___ ”_____________ 200 ж.
№ _____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _____________ Кертаева К.М
Филология, журналистика жєне µнер факультетінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды “ ” . 200 ж. Хаттама №
ӘК Төрайымы ____________ Семенова М.В.
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Кіріспе
Қазақстан Ресnyбликасының әлемдiк бiлiмдiк ғылыми-ақпараттық кеңестiкке кiрудегi ұмтылысы және оқытудың кредиттік технологияға өтуі психология-педагогикалық пәндердiң мазмұнын сонымен бiрге этнопедагогика курсын да қайта қарауды талап етедi.
Этнопедагогика курсының бағдарламасы ауқымды мәселелер; этникалық тәрбиенің заңдылықтары мен ерекшкліктерін, негiзгi бағыттарын, тәрбиенің халықтық құралдарын, әдiстерi мен тәсілдерін, сондай-ақ халықтық педагогика идеялары мен тәжiрибесiн оқу-тәрбие процесiнде жүзеге асырудың жолдарын қарастырады.
Пәнді оқу мақсаты: cтyденттердi халықтық педагогиканың негiзгi идеялары және тәжiрибелерiмен таныстыру және оларды қазіргі оқу-тәрбие процесiнде шығармашылықпен қолдана алу бiлiктерi мен дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
- cтyденттердi этнопедагогикалық теориялар және концепциялармен таныстыру;
- халықтық педагогика жайлы бiртұтас ұғым қалыпастыру;
- халық педагогикасының мақсаты, құралдары мен әдістерi жайлы
бiлiмдермен қаруландыру;
- cыныптан тыс этнопедагогикалық жұмыcты жоспарлай алу бiлiгiн қалыптастыру;
Этнопедагогика курсын окып уйрену процссiнде cтyденттер мыналарды бiлуi тиiс:
- этнопедагогиканың қазiргi қоғамдағы әлеуметтiк орнын;
- этнопедагогиканың. тарихи дамуының неriзгi кезеңдерiн және казiргi
жағдайын;
- этникалық тәрбиенiң ерекшелiктерi және оларды анықтаушы факторларды, халықтық тәрбиенiң мазмұны мен мақсатын, әдіcтep мен құралдарын;
- халықтық педагогиканы мектептiң оқу-тәрбие процесiне енгiзудiң қаазiргi кездегi жағдайы және оны қолданудың негiзгi жолдарын.
Сонымен қатар
- халықтық педагогиканың түрлі концепцияларын сыни, және шығармашылық тұрғыдан ұғына алу;
- нақты этнопедагогикалық материалды талдай бiлу, халықтық-педагoгикалық құбылыстарға өз бетiнше түсiнiктеме бере алу;
- түрлi этностардың озық тәрбие дәстүрлерiн талдай, салыстыра және бағалай алу;
- педагогикалық мiндеттердi шешуде этнопедагогикалық бiлiмдердi практикалык тәжiрибеде пайдалана алу;
- этнопедагогикалық зертеулердiң методологиясын меңгеру;
- оқушы тұлғасына бағытталған педагогикалық iс-әрекеттi жүзеге асыруды қамтамасыз ететін этнопедагогикалық және кәсiби-методикалық бiлiктердiң болуы;
тiл мен мәдениеттi оқыту мен өзара байланысты әдiстер мен тәсiлдердi, соның iшiнде интерактивтi әдiстердi меңгеру.
Пререквизиттер:
философия, қазақстан тарихы, психология, мамандыққа кiрiспе, жас ерекшелiк психологиясы.
Сабақ түрлері ұжымдық, топтық және жеке дара.
Курс аяқталған соң, меңгерілген білім бойынша студенттер емтихан тапсырады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
әдебиеттер тізімі:
Христова Е.Л. Народная педагогика: историографические и теоретикометодологические проблемы: Автореф. дис .... канд. пед. наук. - М., 1988. 2. Волков Г.Н. Этнопедагогика. - Чебоксары,-1974.
3. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория,
практика. - Алматы: Гылым, 1998.
Этническая педагогика /Под ред. В.А. Пятина и др. - Астрахань, 1995. 5. Әбiлова З.А., Калиева К.М. Этнопедагогика. - Алматы, 1999.
6. Жарыкбаев К.Б., Калиев С. Казақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы.
Алматы, 1994.
7. Рудь Ю.А. Методологические и теоретические проблемы изучения народной педагогики (логико-исторический аспект). - М., 1980.
8. Христова Е.Н. Об уточнении понятийного аппарата этнопедагогики.
//Советская педагогика N~7, 1989.
9. Ханбиков Я. Некоторые вопросы изучения народной педагогики.
М.1966.
10. Измайлов А. Народная педагогика: Педагогические воззрения народов Средней Азии и Казахстана. - М.: Педагогика, 1991.
11. Стельмахович М.И. Народная педагогика. - Киев, 1985.
12. Васильцова ЗЛ. Мудрые заповеди народной педагогики. - М.:
Педагогика, 1988.
13. Узакбаева С.А., Кожахметова К.Ж. Концепция этнопедагогического образования студентов высшей школы. - Алматы, 1998.
Этнопедагогика материалдарын тәрбие процесiнде қолдану. -Алматы, 1998.
15. Магауова А.С. Подготовка будущего учителя к использованию прогрессивных традиций народной педагогики в учебно-воспитательном процессе общеобразовательной школы: Автореф. дисс. канд.пед.наук. _ Алматы, 1995.
16. Ғабдуллин М. Ата-аналарга тәрбие туралы кеңес. -Алматы,
Мектеп.1966.
17. Fаббасов С. Халык педагогикасының теориялық және методологиялық негiздерi. Алматы, 2002.
ЖарықбаевB К.Б., Калиев С. Казак тәлiм-тәрбиесi.- Алматы, 1995.
Этнопсихология және этнопедагогика. Халықаралық ғылыми-теориялық конф.материалдары, Алматы, 2002.
20. Кожахметова К.Ж. Этнопедагогика ~дiснамасыньщ даму болашағы. _ Бiлiм беру жүйесiндегi этнопедагогика, - 2005, N23.
Теоретикалық курстың мазмұны
І Тарау. Этнопедагогиканың теориялық негіздері.
1 тақырып. Этнопедагогика пәні және мiндеттерi.
Жоспар
Болашақ мұғалiмнiң кәсіби дайындығын қамтамасыз етудегi этнопедагогиканың алатын орны және ролi.
Этнопедагогика ғылым ретiнде. Этнопедагогика проблемаларын халықтың педагогикалық бiлiмдерi мен педагогикалық тәжiрибесiнiң жиынтығы ретiнде зерттеудiң маңыздылығы.
2 тақырып. Этнопедагогиканың тарихи даму жолы.
Жоспар
Этнопедагогика дамуының негізгі тарихи кезеңдерi.
Халықтық педагогикалық дәстүрлер педагогикалық ой дамуының негiзi ретiнде. Шетел және орыс педагогтары (Я.А.Коменский, И.Т.Песталоцци, К.Д.Ушинский және т.б.) еңбектерiндегi тәрбиенiң халықтығы принципi.
Кеңес дәуiрiндегi этнопедагогикалық зерттеулер (Г. Н. Волков, Я. И. Ханбиков, Е.Н. Христова, Э. Днепров және т.б.) .
Орхон-Енисей ескерткiштерiндегi адам тәрбиесi жайлы, мiнез-құлық нормалары мен ережелерi жайлы халықтық тұсiнiктер.
"Қoркыт-ата" кiтабы халық педагогикасы ескерткiшi ретiнде. Әл Фараби трактаттарындағы халыктық идеялар.
М.Қашғари, Ж.Баласағұни түркiлiк тәрбие дәстүрлерiн зерттеушiлер ретiнде.
Қазак педагогтары мен ағартушылары еңбектерiндегi халықтық тәрбие мәселелерi (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов және т.б.). Қазақстандағы этнопедагогика ғылымының қазiргi жағдайы және болашағы.
3 тақырып. Этникалық тәрбиенiң ерекшелiктерi және оларды анықтаушы факторлар.
Жоспар
Тәрбиенiң этникалық ерекшелiктерi табиғи және тарихи жағдайлардың нәтижесi ретiнде.
Еңбек әрекеті, тұрмыс пен діннің халыктың педагогикалық мәдениетiне ықпалы.
4 тақырып. Халық идеалындағы "жетiлген адам" және оны тәрбиелеу тәжiрибесi.
Жоспар
Тұлға жайлы халықтық түciнік.
«Жетiлген адам» халықтық тәрбиенiң мақсаты ретiнде, оньщ этникалық сипаты.
Қазақ қоғамындағы тұлға идеалы.
ІІ Тарау. Халық педагогикасының мәні мен мазмұны.
1 тақырып. Отбасы тәрбиесi – халық педагогикасының негiзгi өзегi.
Жоспар
От6асылық дәстүрлi мәдениет халықтық рухани мәдениеттiң құрамды 6өлiгi ретiнде.
Халық идеалындағы отбасы. Ата-ана - aлғашқы тәрбиешiлер. Балаға ата-ана жақындығының бiлiну формалары үлкендермен өзара қарымқатынас әдебiне үйрету.
Отбасындағы қыз және ер балалар тәрбиесiнiң ерекшелiктерi.
Дәстүрлер мен салттар жеткiншек ұрпақты отбасы өмipiнe дайындау құралдары ретiнде.
2 тақырып. Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесi.
Жоспар
Ақыл-ой тәрбиесiне халықтық көзқарас.
Балаларда бiлiм, бiлiк, дағды қалыптастырудың халықтық құралдары (ертегiлер, жұмбақтар, эпостар, мақалдар, мәтелдер, жаңылтпаштар, санамақтар, арифметикалық тапсырмалар, дидактикалық ойындар және т.б.).
Халықтық білімдер (халықтық медицина, халық календары және т.6.) және олардың дуниетанымдық және тәрбиелiк маңызы.
Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесi идеялары мен тәжiрибесiн қазiргi педагогикалық процесте пайдаланудың маңыздылығы.
3 тақырып. Баланы еңбекке баулу халық педагогикасының негiзгi мақсаты.
Жоспар
Еңбекке және еңбек тәрбиесiне халықтық көзқарас.
Халыктың еңбек дәстүрлерi және олардың педагогикалық мәні.
Халық қолөнерiнiң тәрбиелiк және бiлiмдiк маңызы.
Халық педагогикасындағы 6алаларды еңбекке баулу құралдары мен әдiстер.
Еңбек дәстүрлерiн мектептiң оқу-тәрбие жұмысында пайдаланудың жолдары.
4 тақырып. Халық педагогикасындағы адамгершiлiк тәрбие идеялары мен тәжiрибесi.
Жоспар
Адамгешіліктің халыктық идеалдары.
Дәстүрлер мен салттар халық педагогикасында адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiзгi құралдары peтiнде.
Халыктық мерекелердің педагогикалық ролi.
5 тақырып. Эстетикалық тәрбие халық педагогикасының жетекшi бағыты ретiнде әсемдiкке халықтық көзқарас.
Жоспар
Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенiң мақсаты мен мiндеттерi.
Эстетикалық тәрбие берудiң халықтық құралдары.
Қолданбалы өнер тәрбие құралы ретiнде. Дәстүрлi музыкалық мәдениет және оның педагогикалық ролi.
Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие әдiстерi.
6 тақырып. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесi мәселелері.
Жоспар
Салауатты ұрпақ тәрбиелеу халық педагогикасының басты мақсаты.
Бала денесiн шынықтырудың халықтық әдiстерi мен тәсiлдерi.
Халықтық ойындар мен мерекелердiң баланың бойында шыдамдылық, икемдiлiк ерiктілiк сапаларын қалыптастырудағы ролi.
Дене тәрбиесiнiң халықтық жүйесін оқушылардың денсаулығын нығайтуда пайдаланудың өзектiлiгi.
ІІІ Тарау. Халық педагогикасы бойынша мектептегі әдістемелік жұмыс.
1 тақырып. Халық педагогикасын мектептiң оқу-тәрбие процесiне енгiзу - өзектi мәселе.
Жоспар
Халық педагогикасын оқу-тәрбие процесiне енгiзудiң теориялық және методикалық мәселелерiн зерттеудiң өзектiлiгi.
Халық педагогикасының оқутәрбие процесiне енгiзiлу жәйi.
2 тақырып. Халык педагогикасын оқу-тәрбие процесiнде пайдалану жолдары.
Жоспар
Мектептегі этнопедагогикалық жұмыстың мақсаты, міндеттері және негізгі бағыттары.
Пән сабақтарының оқушыларға этникалық тәрбие берудегі ролі мен орны.
Кластан тыс этнопедагогикалық жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |