Шойынбаева Айдана 1-СӨж альтернативтік егіншілік жүйелері. Тексеру сұрақтары



бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі23,86 Kb.
#109755
  1   2   3   4   5
Байланысты:
СӨЖ-1
2 СРС

Шойынбаева Айдана

1-СӨЖ

Альтернативтік егіншілік жүйелері.
Тексеру сұрақтары

1. Альтернативтік егіншілік жүйелері және оған тусінік.

Жауап: Альтернативтi егiншiлiктiң негiзгi ерекшелiктерi - химия өндiрiсiнiң өнiмдерiнен (минерал тыңайтқыштар, пестицидттер) бас тарту; тұтынушыны экологиялық таза қоректiк өнiммен қамтамасыз ету; қоршаған ортаны белсендi түрде қорғау; қуат пен шикiзатты тиiмдi пайдалану арқылы шаруашылықтың рентабельдiлігiн көтеру; егiншiлiк шаруашылығында пайда болған органикалық қалдықтар мен жанама өнiмдердi жоғары деңгейде реутелизациялау, егiншiлiктi табиғат экожүйесiне үйлестiру болып табылады.

Батыс Еуропа, АҚШ, Канада мемлекеттерiнде жүйелер арасында анық шекара жүргiзу мүмкiндiгi жоқ, бiр-бiрiнен айырмашылығы шамалы ағымдар бар: органикалық, экологиялық, биологиялық, органобиологиялық, биодинамикалық, микробиологиялық, «Говард-Бальфур жүйесi». Казiргi уақытта осы айтылған мемлекеттерде егiншiлiктiң альтернативтi жүйесiн пайдаланатын фермерлердiң үлесi шамамен 1%.

Альтернативтi егiншiлiктiң мақсаттары: өсiмдiктердi қоректiк заттармен қамтамасыз ету, органикалық тыңайтқыштарды, қиын

еритiн минералдарды енгiзу және азот түзетiн бактерияларды қолдану есебiнен топырақтың биологиялық белсендiлiгiн арттыруға негiзделген. Қорек көзi ретiнде, топырақ микрофлорасының iс-әрекетiн белсендiру нәтижесiнде, топырақтың минералдық қорынан босаған қоректiк заттар қарастырылуда. Қоректiк заттардың сiңiргiштiгi және олармен өсiмдiктiң бiркелкi қамтамасыз етiлуi топырақты оңтайлы өңдеумен және негiзделген ауыспалы егiстi қолданумен iске асады. Ауыспалы егiстердiң арамшөптермен, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерiмен күресте маңызы зор.

Альтернативтi егiншiлiк жағдайында, ауылшаруашылық дақылдарының өнiмi дәстүрлi егiншiлiк пен салыстырғанда әзiрше төмен. Ауыл шаруашылық дақылдарында алынбаған өнiм мөлшерi 15-30% арасында өзгередi. Дегенмен, бұл бағытта зерттеулер әрi қарай жүргiзiлуде және келешекте табиғатта қалыптасқан экожүйе тепе - теңдiгiне өз ықпалын тигiзбейтiн озық технологиялар жолдарының бiреуi болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет