Жұмысты орындау тәртібі:
1 Сәулелендіргіштің электр тізбегімен және пирометрдің құрылысымен танысу.
2 Cақинаны тірекке дейін айналдыра отырып, пирометр реостатының барлық кедергілерін R1 енгізу.
3 Сәулелендіргіш тізбегін қосып, сәйкес келетін кернеуді орнату.
4 SA ажыратқыш батырмасын басып, эталонды шамның тізбегін тұйықтау.
5 Монохроматты жарықты алу үшін қызыл жарық фильтрін қолдану.
6 О1 окулярмен эталонды шам жібінің айқын бейнесін алу.
7 Пирометр О объективін қабылдағышқа бағыттап және объектив тумблерін қозғалта отырып, оның бейнесінің айқындылығын алу.
8 Эталонды шам жібінің қызуын біртіндеп арттыра отырып, сәулелендіргіштің бейне фонында жіптің орта бөлігінің (доғаның шыңы) «жоғалып кетуіне» қол жеткізу, құралдың шкаласында температура санағын жүргізу. Сәулелендіргіш көзінің тізбегінде РА және PV құралдарының көрсеткіштерін алу.
9 Сәулелендіргіш тізбегінде 3 рет әртүрлі кернеумен тәжірибені қайталау. Барлық берілгендерді кестеге енгізу.
10 (69.11)
формуласы бойынша Стефан-Больцман тұрақтысын анықтау
мұндағы S=4,3 10-5м2;
Тя – пирометр шкаласымен (жарықтылық) өлшенген температура;
Ти – шынайы температура;
Тор – қоршаған ортаның температурасы, яғни бөлмелік температура.
Достарыңызбен бөлісу: |