Өзін өзі бақылау сұрақтары :
Мәдениетте рәміз ұғымы нені білдіреді?
Рәміздіздің дұрыс анықтамасын беріңіз?
Әдебиеттер:
1.Соколова. Мировая история искусств.М,2000
2.Шаповалова. Культурология. М,2004
3.Емохонова. Мировая художественная культура М,2001
4.Борзова.История мировой культуры. М,2004
Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ)
«Мәдениет нышандары, олардың мәдени коммуникациядағы рөлі мен маңызы» тақырыбы бойынша жобалық зерттеу.
2.4 Мәдениеттің номадтық типтері; мәдени ақпаратты кодтау түрлері мен тәсілдері.
1. Номадизм мəдениеттің түрі ретінде.
2. Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мəдениет: материалдық мəдениет ескерткіштері.
3. Еуразиялық кеңістіктегі көшпелілер мəдениетінің негізгі белгілері. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалардың мəдениеті: əдет-ғұрып, салт-дəстүрлер,мəдениет, сенімдер.
4. Қазақстандағы Номад мəдениеті дамуының ғұн кезеңі.
5. Үйсін жəне Қаңлы мəдениеті. Мистерия, би өнері, усуней мен канглы музыкасы. Түріктердің жазба ескерткіштері.
Сабақтың жазбаша эссе жазу және пікір алмастыру
*Әдістемелік нұсқау: әр студент тақырап бойынша ой-пікірлерін А4 қағаз бетіне түсіріп, эссе жазады . (Әр студентке 3-4 минут). Сөз соңында барлығы ортақ бір пікірге келіп, жалпы сабақ бойынша тұжырым жасап, ұсыныстар жасайды. Дұрыс жауаптар бағаланады
Тақырып : «Қазақстанның көшпелілік мәдениеті – қазақ халқының мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретінде» тақырыбында сараптамалық эссе.
Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы (СОӨЖ)
Тақырап : Мәдени сценарийлер қызметі. Мәдени сценарийлердің алуан түрлілігі.
Кіліт сөздер: Мәдениет адамзат әлемінің айнасы.Адам мәдениеттің объекті және субъектісі ретінде.Адам қызметі мәдениет негізі ретінде. Мәдениет әлемнің белгісі және мағынасы ретінде.Мәдениеттегі түсінік жағдайы.
Нұсқау : Өнер спецификасы мәдени феномен және оның әлеуметтік-мәдени мәні ретінде. Өнер дамуының негізгі сатылары және ерекшеліктері.
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет – адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдейілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам – «хайуани мадани», яғни мәдениетті жан.
Адам-мәдениет субъектісі, яғни оны жасаушы, қозғаушы күш. Адам – табиғат туындысы, және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам – табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.
ХІХ ғасырдың басында мәдениеттануда тілге деген бетбұрыс байқалды. Соның нәтижесінде тіл адам болмысының ең негізгі тәсілі екендігі айқындалады. Тіл – тек денотативті (белгілік, сигналдық) коммуникация құралығына емес, сонымен бірге коннотативті (белгілі әлеуметтік –мәдени, идеологиялық мәні бар) құрал. Тілде әр халықтың тарихы, оның өмірі, тіршілігі, шаруашылығы мен мәдениеті жатыр. Тарихи-әлеуметтік және мәдени байланыстар жүйесіндегі адамның алатын орны ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |