Қорытынды бойынша саралау
– барлық оқушыларға бір тапсырма беру
арқылы жүзеге асырылатын техника, бірақ бұл тапсырмадан бірнеше нәтиже
күтіледі және қабылданады. Барлық топ оқушыларына бірдей материал мен
әдіс қолданылады немесе бірдей міндет қойылады. Бұл тұста саралау жасалған
жұмыстан немесе міндеттерден шыққан қортындылар арқылы жүзеге асады.
Бұл тәсіл оқушыларда жекелей бір нәрсе жасауға мүмкіндік беретін ашық
типтегі тапсырмалар арқылы жақсы жұмыс жасайды. Саралаудың бұл тәсілінің
басты артықшылығы оқушыларды жұмыс басында топтастырудың маңызды
еместігінде. Қортындыға сәйкес оқушыларды жұптастыруға немесе
топтастыруға болады. Мысалы, кӛмек қажет ететін оқушылар мен тапсырманы
жақсы орындап отырған оқушыларды жұптастыру немесе топтастыру.
Қарапайым деңгейде ӛнімдерді саралау мысалдары мыналарды қамтиды:
1. Оқушыларға қажетті оқу нұсқаларын беру (мысалы, қуыршақ
спектаклін жасау, хат жазу немесе жазулары бар фресканы әзірлеу);
2. Оқушылар дағдыларының әртүрлі деңгейіне сәйкес келетін және
кеңейтетін айдарларды қолдану;
3. Оқушыларға ӛз бетінше немесе шағын топтарда ӛз ӛнімімен жұмыс
істеуге мүмкіндік беру;
4. Егер міндетті элементтер қамтылу қажет болса, онда оқушыларға ӛз
ӛнімдерін құруды (жасауды, шығаруды) ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |