Қосымша ақпарат
Саралау
Бағалау
Денсаулық және
қауіпсіздік
техникасын сақтау
-
Оқу мақсаттары оқушы
қажеттілігіне қарай сараланып
қойылды;
-
Шеңберде отырып талқылау
жүргізіп, кейін талдауын ӛз
таңдаулары бойынша 4 топқа
бӛлініп орындайды.
-
Оқу мақсатына қол жеткізген
оқушылар үшін қосымша
тапсырма жоспарланды.
Тапсырмалар
шығармашылыққа бағытталып
жоспарланған.
-
Бес жол ӛлеңді шығаруда
қиналып отырған оқушыларға
ӛлең шығару қадамдары
ұсынылып қолдау беріледі.
- Сабақтың басында оқушы
қажеттілігі үшін және аяғында
кері байланыс үшін
оқушыларға «БББ» кесесі
беріледі.
- Негізгі тапсырманы бағалау
мақсатында «допты лақтыру»
әдісі қолданылады.
Сынып жеке, жұптық
және топтық
жұмыстарды
ұйымдастыру үшін
ыңғайланып
орналастырылған.
64
ҚОРЫТЫНДЫ
Жоспарлау мен оқыту үдерісінде саралаудың тәсілдерін қолдану
балаларға оқу тапсырмаларын ӛз деңгейі бойынша, қолдау немесе кӛмек
кӛрсету арқылы орындауына мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың оқуға деген
сенімділігі мен ынтасын арттырады.
Әдістемелік құралда ұсынылған саралаудың әдіс-тәсілдері мен
сараланған тапсырмалардың үлгілері оқыту барысында мұғалімдерге
оқушылардың
мүмкіндіктерін
анықтауға,
ерекшеліктерін
ескеруге,
қызығушылықтарын арттыруға, қажеттіліктерін қанағаттандыруға және
оқушыларға ӛз мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтап жетілдірулеріне,
тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай және де таңдап орындауларына жол
ашады. Сондай-ақ, әдістемелік құралда берілген саралаудың әдістері мен
тәсілдері мұғалімдер мен оқытушылардың қоржынын толықтырып, керек кезде
таңдау жасай алуына да мүмкіндік береді. Орыс данасы Л.Толстойдың «Жақсы
дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олқылықтың белгісі – бір ғана әдісті
болу; керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті кӛп білуге
тырысу керек; Оларды ӛзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» -
деген кеңесін Ахмет Байтұрсынов «... әр әдіс ӛз орнында жақсы», - деп ӛрбітеді.
Сондықтан да мұғалімдер мен оқытушыларға әдіс-тәсілдерді барынша кӛбірек
білу артық етпейді деп ойлаймын.
Сондай-ақ, әдістемелік құрал мұғалімдерге саралаудың белгілі тәсілдері:
тапсырма, дереккӛздер, жіктеу, қарқын, қорытынды, диалог және қолдау
кӛрсету тағы басқаларын да жоспарлау және де сабақ барысында барынша
түрлендіріп қолдана алуына да мүмкіндік туғызады. Себебі, кӛптеген жағдайда
аталған саралау тәсілдерін түсіну және жүзеге асыру мұғалімдер үшін қиынға
соғып отырады. Бұл әдістемелік құрал осы қиындықтар мен кедергілерді
еңсеруге кӛмектеседі.
Жоғарыда келтірілген мысалдар, әдіс-тәсілдер бұл қатып қалған қағида
емес. Мұғалім әр уақытта ізденісте болуы қажет дейді кӛпшілігі. Сондықтан да
үлгі ретінде пайдаланып, мұғалімдердің ӛздерін ізденіске бастайды деген
ойдамын.
Қорыта айтқанда әдістемелік құралда ұсынылған идеяларды ізденістегі
мұғалім тікелей қолданғаннан гӛрі ӛз ойымен топшалап, ӛзіндік жолын таба
алса нұр үстіне нұр болары сӛзсіз. «1000 мұғалім, 1000 әдістеме» демейме,
демек бұл әдістемелік құрал сіздің тәжірибеңізді толықтырып, әдістемеңіз бен
шеберлігіңізді дамытуға кӛмегін тигізссе мақсаттың орындалғандығы деп
түсінуге болады.
65