Тапсырманы орындауда мазасызданып отырған оқушыларға
арналған кілт сӛздер:
-
Ктесий, Квинт Курций Руф, Шырақ, Герадот.
№31. Химия пәнінен кҥрделенген тапсырма.
Тақырып:
Күкірт қышқылын ӛндіру.
Зерттеу нысаны:
Күкірт қышқылын жанасу әдісі арқылы ӛндіру.
Материал:
«Пириттен күкірт қышқылын ӛндіру үдерісінің толық
сызбасы»
1 тапсырма: Қазіргі уақытта бүкіл әлемде күкірт қышқылын жанасу әдісі
арқылы алады.
Бұл процес үш кезеңнен тұрады:
күкірт колчеданын немесе күкіртті күйдіру;
күкірт диоксидінің тотығуы;
кікірт троксидінің абсорбциясы.
І) Әр кезеңі үшін жүру жағдайлары кӛрсетілген реакция теңдеулерін
жазыңыз және оларды жіктеңіз.
ІІ) Күкірт диоксидінің тотығу реакциясы қайтымды, демек, тепе-теңдік
ӛнімінің түзілу жағына қарай ығысатын жағдайларды қолдау керек, әйтпесе
бүкіл процесс бұзылады. Тепе-теңдікті ығыстыруға ықпал ететін факторларды
ұсыныңыз және жауаптарыңызға түсініктеме беріңіз.
37
|