Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»



Pdf көрінісі
бет122/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
124
тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған 
тәсілдерінеталдау жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге 
мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлымкөбірек ұпай жинау 
үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім 
жинайды
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
-
оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
-
оқушының ынталандыруға;
-
оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
-
оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне;
-
баға әділдігіне;
-
білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді [19]. 
Толық меңгеру технологиясы. 
Американдық ғалымдар Дж.Кэрролл және Б.Блум толық меңгеру 
технологиясының авторлары болып табылады. Олардың айтуынша баланың 
қабілеті оның білім алуына қолайлы жағдай жасалған кезде оның оқу темпімен 
анықталады. Толық меңгеру технологиясы бойынша барлық оқушылардың 
білімді, білікті және дағдыларды меңгеруіне арналған белгілі бір деңгей 
ұсынылады, бірақ әр оқушы үшін уақыт, әдіс-тәсілдер, жұмыс істеу жағдайы әр 
түрлі болады. 
Аталған технология: 

балаларды оқу мақсатымен таныстыру; 

берілген тарау бойынша сыныпты жалпы оқу жоспарымен таныстыру; 

мұғалімнің материалды баяндауы; 

ағымдық тексеруді диагностикалық тест бойынша жүргізу; 

тексеру нәтижесін бағалау арқылы, тарау мазмұнын толық меңгерген 
оқушыларды анықтау; 

тарауды толық меңгермеген оқушылармен түзету оқуларын жүргізуді 
қарастырады [20]. 
Сонымен, барлық оқушылардың қол жеткізуі тиіс, оқытудың жоспарлы 
нәтижесі, яғни толық меңгеру үлгісі – бұл технологияның анықтаушысы болып 
табылады. Толық меңгеру үлгісі жүйеленген мақсаттар таксономиясының 
көмегімен беріледі немесе ойлау, сана-сезімдік және психомоторлық салаларға 
арнап әзірленген педагогикалық мақсаттар жүйесінің өзара байланысы. 
Модульдік оқыту технологиясы
– 
білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, 
өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдіс-тәсілдері бойынша 
оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
«Модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген 
деңгейіне (алдын-ала жоспарланған нәтиже) жету үшін іріктелген, 
дидактикалық тұрғыдан өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының 
бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып 
табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, 
адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет