Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»



Pdf көрінісі
бет9/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
10
өзгелермен еркін қарым-қатынас жасауды үйренеді; 
-
қазақ халқы мен мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастырады, 
қызығушылығын арттырады [3]. 
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің кіріктіріліп оқыту бағдарламасы «қалай 
білім алу керектігін білетін», дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, 
жауапты, ой-өрісі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған 
қағиданы ұстанады. Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді 
қалыптастырып, дамытуда оқытудың түрлі стратегияларын қолданады. Атап 
айтқанда:
-
оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, олардың бұған дейін алған 
білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін оларды 
қолданудың маңыздылығын құптау; 
-
мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы 
оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту; 
-
мәселелерді шешу әдіс-тәсілдерін оқушыларға түсінікті жолмен құру 
және көрсету; 
-
оқушылардың білім алуына «Оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау 
көрсету; 
-
оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және зерттеу әдіс–
тәсілдеріне негізделген белсенді оқытуға бейімдеу;
-
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту; 
-
оқушылардың жеке, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін 
ұйымдастыру [4]. 
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің кіріктіріліп оқытудақолданылатын 
принциптер: 
-
оқушының қатесі үшін жазалап оқыту емес, қателерін түзету үшін оқыту. 
Оқытудағы басты принцип – оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру; 
-
оқушыларға дебат тақырыбын таңдауға, зерттеуге және «жақтаушы, 
даттаушы» топтарын құруға мүмкіндік беру – аргументтерді қолдана білу 
дағдыларын қалыптастырады, өз ойын жеткізуге, таңдауға және келісімге 
келуге, шығармашылыққа мүмкіндік береді; 
-
тапсырмалар (белсенді іс-әрекеттер) арқылы оқу материалын өмірмен 
байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру;
 
-
оқу процесінде мұғалім емес оқушы неғұрлым белсенді болғанына назар 
аударылады, мұғалім оқу материалын дайын күйінде бермейді, ашық сұрақ 
қою, назарын шоғырландырып оқу, шолу жасау, тәжірибе және зерттеу жасауға 
бағыттайды;
 
-
оқылым және жазылымға негізделген сабақтарды тиімді құру сын 
тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді, яғни ол қызығушылықты ояту, 
мағынаны ажырату және рефлексия кезеңдерінен тұрады. Әр кезеңде белгілі бір 
оқыту мақсатын қоя отырып, мұғалім оқушыларға мақсатқа жетуге, мәселені 
анықтауға, талқылауға, жауаптарды іздеуге, қорытынды жасай отырып, өз ойын 
білдіруге және ашық қоғамның азаматы болуға үйретеді;
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет